БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Электрографиялық көшірудің негізгі кезеңдерін атаңыз жəне
олардың мазмұндарын ашып айтыңыз.
2.
Электрографиялық аппараттың құрамындағы негізгі тораптар
қандай?
3.
Электрографиялық
аппараттағы
кототрондар
қандай
функцияларды атқарады?
4.
Электрографиялық көшіру кезінде қағазға тонердің бекітілуі
қандай процесстермен жүргізіледі?
5.
Цифрлы электрографиялық аппарат аналогтыдан ерекшелігі
қандай?
6.
Электрографиялық көшіру аппаратын таңдау кезінде қандай
факторларды назарға алған жөн?
332
7.
Термографиялық, фотографиялық жəне электрұшқынды
көшіру негізіне қандай физикалық құбылыстар жатады?
8.
Ризограф арқылы алған көшірмелердің реттілігін анықтаңыз.
9.
Ризографтың негізгі құрылмалық тораптарын атаңыз.
10.
Дербес, кеңсе жəне өнеркəсіптік шредерлер қандай құрылмалы
ерекшеліктерге ие?
333
10-тарау
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНА
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
10.1.
АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ КӘСІБИ-БАҒЫТТАЛҒАН
КЕШЕНІ
Қазіргі уақытта ақпаратпен жұмыс істеу адамзаттың барлық
қызмет салаларында жетекші орын алады.
Кəсіби тапсырмаларды шешу үшін қажетті ақпараттандырудың
техникалық құралдарын игеру, пайдалану кезінде оларға қызмет
көрсетуге қабілетті болу, түрлі кəсіптегі, оның ішінде менеджерлер,
инженерлер, редакторлар, дизайнерлер, үстел үстілік баспасөз
жүйелерімен жұмыс істейтін (ҮБЖ) адамдардың кəсіби міндетіне
жатады.
Менеджерлердің
тапсырмасы
басқарумен,
маркетингті
қызметпен, дайындықты ұымдастыру мен өнімді жəне түрлі
қызметтерді өндіру, өткізу жəне тарату жүргізумен байланысты.
Инженер түрлі объектілерді жобалау, оларды іске асырудың
процестерінің технологияларын құру тапсырмаларын орындайды.
Заманауи дизайнердің функциялары өте түрлі: тұрғын үйлердің
дизайн-жобаларын құрудан бастап
Web-сайттарды
құруға дейін,
бұл мəтінді, графикалық, аудио- жəне бейнеақпараттарды
пайдалануды талап етеді. ҮБЖ-бен жұмыс процессінде редактор
функциясы мəтінді немесе графикалық түрдегі ақпаратты
түрлендіру жəне оны қатқыл көшірмемен алу болып келеді.
Өте түрленген кəсіби тапсырмаларды шешу кезінде барлық
ақпараттық техникаларын құралдарын пайдаланушылардың жасау
алгоритмі бірдей: ақпаратты жинау, алмасы, дайындау жəне енгізу,
жинақтау жəне сақтау, өңдеу жəне шығару. Ақпаратпен тиісті
жұмыс кезеңдерінде менеджерлер, инженерлер, дизайнерлердің
кəсіби
функцмяларын
орындау
үшін
пайдаланатын
ақпараттандырудың типті құралдары 10.1-кестеде көрсетілген.
334
|