Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет20/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Үлкен ЭЕМ 
— жалпы қолданыстағы əмбебап ЭЕМ, шет елде жиі 
мэйнфрейм деп аталады (Mainframe), тарихи алғашқы пайда болған. 
Мэйнфреймдер осы күнге дейін үздіксіз тəуліктік қолдану режимін 
қамтамасыз ететін жалпы қолданыстағы ең мықты есептеуіш жүйелері 
болып қалады (суперкомпьютерлерді есептемегенде). Мэйнфреймдерді 
негізгі тасымалдаушылар белгілі компьютерлік компаниялар IBM, 
Amdahl, Siemens жəне тағы басқалар, бірақ басты рольді ІВМ-ге 
тиесілі. 
Мэйнфреймдерді тиімді қолданудың негізгі бағыттары — ол 
ғылыми-техникалық тапсырмаларды шешу, үлкен деректер қорымен 
жұмыс жасау, есептеуіш желілермен жəне олардың ресурстарымен 
басқару. Мэйнфреймдерді қолдануда ең өзектісі есептеуіш желілердің 
үлкен серверлері ретінде қолдану. 
Мини-ЭЕМ 
саны жағынан ең көп жəне тез дамитын ЭЕМ класы, ол 
кішкентай өлшемді габариттермен, төмен бағасымен (үлкен жəне супер 
ЭЕМ салыстырғанда) жəне əмбебап мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. 
Олар 1960-шы жылдары пайда болды жəне технологиялық процестерді 
басқару, автоматтандырылған жобалауды жəне икемді өндірістік 
жүйелерді құру, көп пайдаланылушылық есептеу жүйелерінде, 
автоматтандырылған жобалау жүйелерінде есептеулер жүргізу, 
жасанды интеллект жүйелерінде күрделі емес объектілерді үлгілеу 
үшін кең қолданылды. 
29 


МикроЭЕМ 
өзінің пайда болуымен микропроцессордың пайда 
болғанына міндетті, ол ЭЕМ орталық бөлігін конструктивті түрде 
өзгертіп қойған жоқ, сонымен қатар оның перифериялық бөлігі үшін 
кіші габариттік құрылғыларды жасап шығару қажеттілігіне алып келді. 
Микро ЭЕМ-ның заманауи үлгілері бірнеше микропроцессорға ие. 
МикроЭЕМ кішкентай өлшемдеріне, жоғары өнімділігіне, жоғары 
мықтылығына жəне төмен бағамына байланысты экономика, өнеркəсіп 
пен қорғаныс кешені салаларында кең қолданысқа ие болады. 
МикроЭЕМ өзге түрі — микроконтроллер. Ол басқару жүйесіне 
немесе технологиялық желіге кіріктірілетін микропроцессорға 
негізделген мамандандырылған құрылғы. 
Дербес ЭЕМ (ДК
) пайдаланушыға жеке қызмет көрсетуге арналған 
жəне есептеуіш техника саласында маман емес пайдаланушылардың əр 
түрлі тапсырмаларын шешуге бағдарланған, кəсіби іскерліктің 
(инженерлік, əкімшілік, өндірістік, əдеби, қаржылық) əр түрлі түрін 
қолдау үшін, сондай-ақ тұрмыста, мысалы, оқу мен бос уақытқа 
арналған. Дербес компьютерлердің негізінде 
автоматтандырылған 
жұмыс орындары (АЖО) 
əр түрлі мамандық өкілдері: конструкторлар, 
дизайнерлер, технологтар, менеджерлер үшін құрылады. 
Конструктивтік ерекшеліктері бойынша ДК мынадай жіктеледі. 
Үстелдік ДК (Desktop) 
компьютерлер — үстел үстінде тұрақты 
орнықтыруға арналған. Конфигурацияны жеңіл өзгертуге мүмкіндік 
береді. 
Үстелдік мини-компьютерлер (LCD PC, slim-desk) 
— ноутбуктердің 
бəсекелестері. Олардың корпусы 
Desktop
-пен салыстырғанда шамамен 
төрт есе кіші; ноутбуктерге қарағанда функционалдық мүмкіншіліктері 
көбірек, бірақ жаңартуда шектеулер бар. 
Портативті компьютерлер (ноутбуктер) 
— пайдаланушы үшін 
қолайлы, байланыс құралдарына ие. Портативті ДК-нің жүйелік блогы, 
монитор мен пернетақта бір корпуста орналасады. Әдетте CD/DVD 
жұмысын жəне есептеуіш желілерге қосылуын қоса алғанда сол 
мүмкіншіліктерге стационарлы (үстелдік) ДК де ие болады. Жинақы, 
сұйық кристалды дисплеймен жабдықталған (СКД). 
Планшеттік компьютерлер (Tablet PC) 
— «болашақ компьютері»: 
процессор жəне барлық негізгі компоненттер СКД артында 
орналасады, ал экран басқанға сезімтал болады (белгілерге саусақпен 
басу керек, ал ақпарат енгізуді арнайы электрондық қауырсынмен 
енгізу қажет). 
30 


Байланыс құралдарымен жабдықталған. 
Субноутбуктер 
— өте кішкентай СКД 8 дюймнен «ноутбук 
сынды» мөлшерге дейін ДК. CD/DVD дискжетектері болмайды, бірақ 
модем мен желілік картасы болуы мүмкін. Салмағы ноутбуктен 1,5 — 2 
есе аз, дегенмен өнімділігі өте жоғары. 
Қалта компьютерлері (PalmTop 
немесе 
PDA 
— 
Personal Digital 
Assistant) 
— электрондық кітаптарды оқу үшін органайзер жəне жазба 
кітапшасы ретінде, мультимедиа орталығы жəне т.б. ретінде 
қолданылады. Ақпаратты арнайы қаламмен енгізуге мүмкіндік 
жасайды, 
бірақ 
пернетақтаны 
қосуға 
болады. 
Стационарлы 
компьютерлерге қосылу құралдарымен жабдықталған. PDA типті 
компьютерлерде мүмкіндіктер мөлшері əдетте қысқартылған, олардың 
кейбіреуі мəтінді жазуға, күрделі емес есептеулерді жасауға жəне кесте 
жүргізуге мүмкіндік береді. 
Аппараттық сəйкестігі бойынша, яғни электрондық құрылғылар 
жинағының үйлесімділігі бойынша ДК үйлесімді IBM PC жəне Арр!е 
Macintosh деп бөлінеді. 
ДК аппараттық құралдарының даму жəне жетілдіру процестерін 
реттеу, Microsoft, Intel, Compaq корпорацияларының операциялық 
жүйелерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында 1997 ж. бастап 
РС97, РС98, РС99, РС2001 спецификацияларын жасап шығарды. Осы 
спецификациялар архитектураны, құрылғылар жинағын жəне оларға 
талаптарды, BIOS функцияларын, ДК конструкциясы мен корпус типін 
сипаттайды, жəне шындығына келгенде аппараттық құралдарды 
өндірушілер үшін нұсқаулық болып табылады. 
Спецификацияларға сəйкес компьютерлер нарығында РС жүйелері 
мынадай жіктеледі. 
C ons u m e r PC — сауықтар мен ойындарға арналған үй 
қолданысына арналған ДК, сондай-ақ кіші немесе үй кеңсесінде 
қолданылатын ДК — Small Office/Home Office (SOHO). 
O f f i c e P C — Consumer PC –ден төмен бағасымен жəне 
локальдық желіде жұмыс істеуге мүмкіншілігімен ерекшеленетін 
корпоративтік қолдануға арналған ДК. 
W or ks t a ti on — ресурс сыйымды қосымшалармен жұмыс үшін 
қолданылатын жұмыс станциясы: автоматты жобалау, үлгілеу 
жүйелерімен, банктік бағдарламалармен, күрделі баспа жүйелерімен. 
Mobil e P C — мобильдік ДК. 
E nte r ta inm e nt PC — 2D/3D-графика жəне дыбыстық сүйемелдеуі 
бар ойындарға; Internet-те жұмыс жасауға; дербес байланыспен 
(электрондық пошта, видеотелефондық байланыс) қамтамасыз етуге
үлкен ажыратылымдығы бар интерактивті телевидениеге бағдарланған 
мультимедиялық ДК. 
31 


Сонымен қатар мультимедиялық ДК үй кинотеатрының дыбыстық 
жүйесінде; ойындар мен DVD-фильмдер көруге қолданылуы мүмкін; 
видеомагнитофонның бейнелерін санға аудару үшін видеосигнал көзі 
ретінде; ДК-де видеосюжетті тізбекті жаңғырту жəне редакциялау үшін 
қолданылуы мүмкін. 
ДК санаттары ішінен əрбірі тиісті спецификацияда орнатылған 
дербес компьютердің базалық сипаттамалар жинағына сəйкес болуы 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет