Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Енгізу-шығару құрылғылары



Pdf көрінісі
бет17/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Енгізу-шығару құрылғылары 
(ЕШҚ) пайдаланушы мен ЭЕМ 
байланысуын қамтамасыз ету үшін арналған жəне перифериялық
немесе сыртқы құрылғыларға жатады. 
Монитор 
жүйелік блоктан суретті қабылдайды. Оның экраны 
жұмыс алаңы болып табылады. 
Пернетақта 
көмегімен компьютерге кез келген мəтін, символдар, 
енгізіледі, командалар беріліп, компьютер жұмысын басқару жүзеге 
асырылады. 
Тінтуір 
— монитор экранында меңзерді басқару құралы. 
Контроллерлер

немесе 
адаптерлер

сыртқы құрылғыларды 
басқаруға арналған, сонымен қатар СЖҚ. 
Өздігінен компьютер өзінің қолданысындағы ешбір саланың 
білімдеріне ие болмайды, барлық осы білімдер компьютерлерде 
орындалатын бағдарламаларда шоғырландырылған. 
Компьютерде жұмыс жасайтын бағдарламаларды мынадай 
санаттарға жіктеуге болады. 
Жүйелік бағдарламалар 
компьютердің қалыпты жұмысын, оның 
қызмет көрсетілуін жəне баптауларын қамтамасыз ету функциясын 
атқарады. Жүйелік бағдарламалар арасында операциялық жүйелер 
(ОЖ) ерекше орын алады, олар компьютерді басқару, бағдарламаларды 
іске қосу, деректерді қорғауды қамтамасыз ету, пайдаланушы мен 
бағдарламалардың сұраныстары бойынша əр түрлі сервистік 
функцияларды орындауды қамтамасыз етеді. Әрбір ОЖ аз дегенде үш 
міндетті бөліктерден тұрады. Яд р о , н е м е с е к о м а н д а лы қ 
т үс і н і к т е м е б е ру ш і , бағдарламалық тілден машиналық кодтар 
тіліне «аударманы» қамтамасыз етеді. 
Д ра йве р л ер 
ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтеді, сол немесе өзге 
сыртқы құрылғымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. 
Әр түрлі ОЖ 
үшін драйверлер жиі жаңа құрылғылармен немесе контроллерлермен 
бірге жеткізіледі. И н т е р фе й с — пайдаланушымен тілдесетін 
ыңғайлы графиктік қабық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет