Сыртқы тасымалдағыштан жүктелген бағдарламалардың жұмысы
ол RAM-ға көшірілген соң ғана мүмкін болады.
Алайда жедел жадының маңызды кемшілігі бар, ол оның
уақытша екендігінде, яғни қорек көзінен ажыратылған соң жедел
жады
толықтай
тазартылады.
Сонымен
қатар
сыртқы
тасымалдағышқа жазылмаған деректер жоғалып кетеді. RAM-ның
негізгі тапсырмасы CPU сұраныстары бойынша екілік кодтар
түрінде қажетті ақпаратты ұсыну, яғни деректер кез келген уақытта
өңделу үшін қолжетімді болуы тиіс. Жедел жады динамикалық
жады санатына жатқызылады: оның ішіндегісі қысқа уақыт
аралығында өзгеріссіз қалады, ол мерзімді жадыны жаңартуды
талап етеді.
Конструктивті түрде жедел жады микросхемалар модульдері
түрінде орындалады, ол тек ДК-де ғана пайдаланылатын емес,
сонымен қатар əр түрлі перифериялық құрылғыларда –
видеокарталардан
бастап
лазерлік
принтерлерге
дейін
құрылғыларда қолданылатын жедел жады көлемін толықтыруға
мүмкін етеді. Жедел жады микросхемалары бұл жағдайда əр түрлі
модификацияларға жатқызыла алады, бірақ олардың барлығы
динамикалық жады типіне (DRAM) жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: