Ортақ қолданыстағы жұмыс станцияларының жинағы (тіпті
болмаса ДК) арзан массивті-параллель компьютер ретінде
қолданылады.
Түйіндердің
байланыстары
үшін
шиналық
архитектура немесе коммутатор базасында стандарт желілік
технологиялардың
(Fast/Gigabit
Ethernet,
Myrinet)
бірі
қолданылады.
Қуаты
немесе
архитектурасы
əр
түрлі
компьютерлерді бір кластерге біріктіргенде гетерогенді (біртексіз)
кластерлер туралы айтылады. Кластердің түйіндері бір уақытта
пайдаланушылық жұмыс станциялары ретінде пайдаланылады.
AMD Opteron 285 (2,6 ГГц) процессорлары базасындағы 2007 ж.
ҒЗЕО ММУ орнатылған
Twin 1
кластерінде 24 түйін болады,
олардың əр қайсысында екі процессордан болады. Жалпы файлдық
сақтау орнының көлемі — 1,5 Тбайт, ал əрбір түйінге жедел жады
көлемі 16 Гбайт. Сонымен қатар кластердің жиынтық тұтынылатын
қуаты 15 кВт.
Көптеген жылдар бойы суперкомпьютерлерді жасау ақпараттық
технологиялардың (АТ)
авангарды болды, ал микропроцессорлар
саласында прогресс тактілік жиілік мəнінің артуымен теңестіріледі.
Бірақ АТ дамуы болашағы СМР көп ядролы процессорлар
базасындағы архитектуралармен байланысты екенін тəжірибе
көрсетті.
СМР архитектураларының алғашқысы серверлерде пайдалануға
арналған процессорлар болды. Мұндай СМР-да бір төсемде
дəстүрлі процессорлармен салыстырғанда (2.13-сурет, а) тəуелсіз
екі ядро орналастырылады (2.13-сурет, б)
.
Орынды үнемдеуден
басқа ұқсас шешім энергияны біршама үнемдейді, себебі жүйе
техникалық компоненттердің бір бөлігі екі ядроға да ортақ болып
табылады.
Осы схеманың дамуы болып СМР шешімдері (2.13-сурет, в, г)
табылды. Алдымен бастапқы
құрылымда жалпы кэш-жады, содан
соң ядролардың əрқайсысы көп ағынды болды.
Екі ядролы процессорлардың жұмыс принциптері 2.14 суреттегі
схемалармен түсіндіріледі, онда шариктер жеке команда, немесе
деректер үлес болып табылады.
Дəстүрлі, бір ядролы процессорда (сур. 2.14, a) процессордың
кіретін жеріне келіп түскен командалар тізбектесіп олардың
орындалуына арналған блоктардан кезектесіп өтеді.
Классикалық
түсінікте процессормен жеке команда орындалып жатқанда
қалғандары өз кезектерін күтеді. Орындалу тəртібін өзгертетін,
процессордың
жұмысын
жеделдету
бойынша
əр
түрлі
технологиялар бұл принципті бұзбайды, себебі кіретін жерге келіп
түскен деректер процессордан дəл сол тəртіппен шығуы тиіс.
60
2.13
-сурет
. CMP архитектураларының нұсқалары:
а
— дəстүрлі процессор;
б
— қарапайым көп ядролы архитектура;
в
— ортақ кэш-жадысы
бар көпядролы архитектура;
г
— көп ағындық ортақ кэш-жадысы бар көпядролы архитектура
НТ
(Hyper-Threading)
(сур. 2.14,
б
) технологиясын қолданған кезде
компьютерде екі логикалық
процессор пайда болады, дегенмен
шындығында тек біреу болады. Енді процессор теория жүзінде бірдей
уақытта бірден екі команданы орындай алады немесе деректердің екі үлесі
бірақ белгілі бір шектеулермен өңдей алады. Hyper-Threading
технологиясы заманауи процессорда деректер немесе командалардың
белгілі бір типін ғана өңдейтін 7…9 жеке блоктар болады деген деректі
пайдаланады. Егер
бір блок жұмыспен бос болмаса, онда қалғандары
ағымдағы жұмыс аяқталмай жұмыс жасамайды.
61
2.14
-сурет
. Екі ядролы процессордың жұмыс принциптерін анықтайтын схемалар:
а
— қарапайым процессор жұмысы;
б
— HyperThreading технологиясы бар процессордың
жұмысы;
в
— екі ядролы процессордың жұмысы;
г
— HyperThreading технологиясы бар екі
ядролы процессордың жұмысы
Сəйкесінше, егер бағдарлама
Hyper-Threading технологиясын пайдалану
мүмкіндігін есепке ала отырып жазылса, онда процессор бір уақытта
бірден екі жұмысты орындай алады. Бірақ
барлығы олай бола бермейді,
сондықтан
Hyper-Threading
технологиясын пайдаланудан ұтатынымыз
жеке тапсырмаларда алынады, ал артық операциялардан ұтылу жиі
болады, себебі процессорға үнемі шешіп отыруға тура келеді:
командаларды параллель орындау керек пе, əлде кезекпен орындау керек
пе.
62