Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет39/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1.
Қандай құрылғылар ДК-нің ең аз құрамын қамтамасыз етеді? 
2.
Әр түрлі жады түрлерінің мақсаты мен жіктелуін атаңыз. 
3.
ДК аналық тақтасы негізгі компоненттерінің құрамына не кіреді? 
4.
ДК шиналарының міндеті қандай? 
5.
ДК шиналарының негізгі сипаттамаларын атап шығыңыз. 
6.
ДК портынан шинаның айырмашылығы қандай? 
7.
Процессордың өнімділігін қандай параметрлер сипаттайды? 
8.
Жады микросхемаларының негізгі сипаттамаларын атап 
шығыңыз. 
73 


Б
ӨЛІМ 

АҚПАРАТТЫ ЖИНАҚТАУЫШТАР 
 
 
 
 
 
 
 
3.1.
НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР 
 
 
Есептеуіш техниканың даму тарихы ақпаратты сақтау 
(ақпаратты жинақтауыштар) құрылғыларының жетілдірілуімен 
үздіксіз байланысты, өйткені осы құрылғылардың сипаттамалары 
маңызды шамада компьютерлердің сипаттамаларын анықтайды. 
Ақпарат жинақтауыш 
ақпаратты жазу, жаңғырту жəне 
сақтау құрылғысы, ал ақпаратты тасымалдағыш – ақпарат жазып 
алынатын (диск, таспа, қатты денелі тасмалдағыш) зат. 
Ақпаратты жинақтауыштар мынадай белгілері бойынша 
жіктелуі мүмкін: 

ақпаратты сақтау тәсілі бойынша 
— магнит электрлік, оп- 
тикалық, магнит оптикалық;

ақпаратты тасымалдау түрі бойынша 
— иілгіш жəне қатқыл 
магнит дисктердегі, оптикалық жəне магнит оптикалық 
дисктерде, 
магнит 
таспаларда, 
қатты 
денелі 
жады 
элементтеріндегі тасымалдағыштар;

ақпаратқа қол жеткізуді ұйымдастыру тәсілі бойынша 
— 
тікелей, 
тізбектей 
жəне 
блоктік 
қол 
жеткізілетін 
жинақтауыштар;

ақпаратты сақтау құрылғысының типі бойынша 
— 
кіріктірілетін 
(ішкі), 
сыртқы, 
автономды, 
мобильді 
(тасымалданатын) жəне т.б.
Қазіргі уақытта пайдаланылатын ақпаратты жинақтауыштардың 
басым бөлігі магниттік тасымалдағыштар негізінде құрылған. 
Ақпаратты магнит тасымалдағыштарда жазу жəне жаңғырту 
процестерінің физикалық негіздерін М.Фарадей (1791 — 1867) 
жəне Д. К. Максвелл (1831 — 1879) физиктердің жұмыстарында 
қаланған. Ақпаратты магнит тасымалдағыштарда сандық жазба 
магнитсезімтал материалда жүргізіледі. 
74 


Мұндай материалдарға темір оксиді, никель, кобальт жəне оның 
қосылыстары, құймалар, сондай-ақ магнитопласттар мен 
пластмасса жəне резеңке байламы бар магнитоэласттар
микроұнтақтық магниттік материалдар жатады. 
Магниттік жабынның қалыңдығы бірнеше микрометр болады. 
Жабын магниттік емес негізге жүргізіледі, мұндай негіз ретінде 
магнит таспалар мен иілгіш дисктер үшін əр түрлі пластмассалар 
қолданылады, ал қатқыл дисктер үшін – алюминий құймалары мен 
композициялық төсем материалдары қолданылады. Дисктің магнит 
жабынының домендік құрылымы болады, яғни көптеген 
магниттелген ұсақ бөлшектерден тұрады. Магниттік домен 
(лат. 
dominium 
— иелену) — ол микроскопиялық, ферромагниттік 
нұсқалардағы, көршілес аймақтардан жіңішке өту қабаттарымен 
бөлінген (домендік шекаралар) біртекті магниттелген аймағы. 
Сыртқы магнит өрісі əсерінен өздік домендік магнит өрістері 
магниттік күш сызықтары бағытында бағдарланады. Сыртқы өріс 
əсері тоқтаған соң доменнің бетінде қалдық магниттелген зоналар 
түзіледі. Осы қасиетке орай магнит тасымалдағышта əрекет еткен 
магнит өрісі туралы ақпарат сақталады. Ақпарат жазылған кезде 
сыртқы магнит өрісі магнит қалпақшасының көмегімен құрылады. 
Ақпаратты оқу процесінде қалдық магниттелген зоналар магнит 
қалпақшасына қарам-қарсы түрде қалып, оқылу кезінде электр 
қозғаушы күш (ЭҚК) түсіреді. Магнит дисктен жазу жəне оқу 
схемасы 3.1 суретінде берілген. ЭҚК бағытының өзгеруі біраз уақыт 
аралығында екілік бірлікпен теңестіріледі, ал осы өзгерістің 
болмауы – нөлмен теңестіріледі. Көрсетілген уақыт аралығы биттік 
элемент деп аталады. 
3.1
-сурет
. Магнит дисктен деректерді оқу жəне жазу
75 


Магнит тасымалдағыштың беті нүктелік позициялардың 
тізбектелуі ретінде қарастырылады, олардың əр қайсысы ақпарат 
битімен ассоциацияланады. Өйткені осы позициялардың орналасуы 
дəл анықталмайды, жазба үшін қажетті жазба позицияларын табуға 
көмектесетін алдын ала жүргізілген белгілеулер талап етіледі. 
Осындай синхрондаушы белгілеулерді жүргізу үшін дискті жолдар 
мен секторларға бөлу – форматтау жүргізілуі керек. 
Ақпаратқа тез қол жеткізуді ұйымдастыру деректерді дискте 
сақтауда маңызды этап болып табылады. Дисктің кез келген бетіне 
жедел қол жеткізу біріншіден, оған тез айналуды қамтамасыз ету 
есебінен, жəне екіншіден, диск радиусы бойынша оқу-жазу 
магниттік қалпақшасының орын ауыстыру жолымен жүзеге 
асырылады. Иілгіш диск 300 ... 360 айн/мин жылдамдықпен, ал 
қатқыл диск — 3 600 ...7 200 айн/мин жылдамдықпен айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет