Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет47/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

3.4.
 
КОМПАКТ-ДИСКТЕРДЕГІ ЖИНАҚТАУЫШТАР 
 
Ақпараттандыруда бірқатар тапсырмаларды шешу үшін ақпаратты 
оптикалық жинақтауыштардың мынадай түрлері бар: 

CD-ROM 
(Compact Disk Read-Only Memory) 
— ақпаратты тек оқуға 
арналған есте сақтау құрылғылары;

CD-WORM 
(Write Once Read Many) 
немесе CD-R 
(CD-Recordable) 
— 
ақпаратты оқуға жəне бір реттік жазуға арналған есте сақтау 
құрылғылары;

CD-RW 
(CD-Re Writable) 
— ақпаратты оқуға жəне көп реттік жазуға 
арналған есте сақтау құрылғылары;

МО — көп реттік жазба жасауға мүмкін магнитооптикалық 
жинақтауыштар.
Барлық оптикалық жинақтауыштардың жұмыс істеу принципі лазерлік 
технологияға негізделген. Лазер сəулесі ақпаратты тасымалдағышқа жазу 
үшін, сондай-ақ алдында жазылған деректерді оқу үшін де қолданылады 
жəне ақпаратты өзіндік бір тасымалдағыш болып табылады. 
85 


3.4.1.
 
CD-ROM-тасымалдағыштары мен жетектері
 
CD-ROM — алдын ала жазылған ақпаратты сандық түрде сақтау 
үшін жəне CD-ROM-driver – компакт-дисктерді оқуға арналған 
дискжетек деп аталатын арнайы құрылғы көмегімен оқуға арналған 
компакт-диск (CD). 
CD-ROM пайда болу тарихы Sony жəне Philips фирмалары өз 
күштерін лазерді пайдаланумен компакт-дисктер өндірісін жəне 
жазба технологиясын құру бойынша біріктірген кезде 1980 ж. 
басталады. 1994 ж. бастап CD-ROM дискжетектері стандартты ДК 
конфигурациясының ажырамас бөлшегіне айналуда. CD-дискте 
ақпарат тасымалдағыш болып рельефті төсем табылады, оған 
жарықты шағылыстыратын материалға жұқа қабат алюминий 
жүргізілген. 
Компакт-дискке ақпарат жазу төсемде лазер сəулесімен 
миниатюралы штрих-питтерді «күйдіру» жолымен рельефті 
қалыптастыру процесі бейнелейді. Ақпаратты оқу төсем релъефінен 
шағылысқан лазер сəулесін тіркеу есебінен жүргізіледі. Диск 
бетінің шағылыстырушы учаскесі «ноль» сигналын береді, ал 
сигнал штрихтан - «бірлікті». CD-дисктерде деректерді сақтау 
магнит дисктердегідей екілік формада ұйымдастырылады. 
CD-дисктерді дайындау процесіне бірнеше этаптар кіреді: 

бірінші этапта тасымалдағышқа келесі жазба үшін ақпараттық 
файл жасалады;

екінші этапта жартылай өткізгіш лазер сəулесінің көмегімен 
ақпарат тасымалдағышқа жазылады, тасымалдағыш ретінде 
фоторезистті материалдан жасалған жабыны бар шыны пластик 
диск қолданылады. Ақпарат 3.6 суретте көрсетілгендей, спираль 
бойынша орналастырылған тізбектелген түрде жазылады. Әрбір 
штрих-питтің 
(pit) 
тереңдігі 0,12 мкм, ені (сурет жазықтығына 
перпендикуляр бағытта) — 0,8 ... 3,0 мкм тең. Олар спираль 
жолдың бойында орналасқан, көршілес орамдар арасындағы 
қашықтық 1,6 мкм, 16 000 орамдар/дюйм (625 орамдар/мм) 
тығыздығына сəйкес келеді. Штрихтардың ұзындығы жазба 
жолын бойлай 0,83 бастап 3,1 мкм дейін ауытқып тұрады;
86 


3.6
-сурет
. Компакт-дисктің геометриялық сипаттамалары (а) жəне оның көлденең 
қимасы (б)

келесі этапта фоторезистті қабат пен дисктің металдануы 
жүргізіледі.
Осындай технология бойынша дайындалған диск шебер-диск 
деп аталады. Компакт-дисктерді тираждау үшін шебер-дисктен 
гальванопластика əдісімен бірнеше жұмыс көшірмелері 
алынады. Жұмыс көшірмелері шебер-дискке қарағанда біршама 
мықты металл қабатпен (мысалы, никельмен) көмкеріледі жəне 
CD-дисктерді əрбір матрицадан 10 мың дана дейін тираждау 
үшін матрицалар ретінде қолданыла алады. Тираждау ыстық 
штамптау əдісімен жүзеге асырылады, содан соң диск негізінің 
поликарбонаттан жасалған ақпараттық жағын алюминий 
қабатымен вакуумдік металдайды жəне дискке лак қабатын 
жүргізеді. Ыстық штамптау əдісімен орындалған дисктер 
паспорттық деректерге сəйкес деректерді қатесіз оқудың 10 мың 
циклымен қамтамасыз етеді. CD-диск қалыңдығы — 1,2 мм, 
диаметрі — 120 мм. Стандартты 5-дюймдік дискте орналасатын 
деректер көлемі 800 Мбайт дейін ақпарат сақтайды. 
CD-ROM жетегінің мынадай негізгі функционалдық түйіндері 
болады: 

жүктеуші құрылғы;

оптика-механикалық блок;

жетекті жəне автоматтық реттеуді басқару жүйелері;

əмбебап декодер жəне интерфейстік блок.
87 


3.7
суретте 
CD-ROM 
жетегінің оптика механикалық блогы 
көрсетілген, ол мынадай түрде жұмыс істейді. Электро- 
механикалық жетек жүктеу құрылғысына орналастырылған дискті 
айналымға 
келтіреді. 
Оптика-механикалық 
блок 
оптика- 
механикалық қалпақшаның диск радиусы бойынша орын 
алмастыруын жəне ақпаратты оқылуын қамтамасыз етеді. 
Жартылай өткізгішті лазер аз қуатты инфрақызыл сəуле өндіреді 
(толқынның типтік ұзындығы 780 нм, сəулелену қуаты 0,2 ... 5,0 
мВт), ол бөлетін призмаға келіп түседі, айнадан шағылысады жəне 
диск 
бетінде 
линзамен 
фокусталады. 
Сервоқозғалтқыш 
кіріктірілген микропроцессордан келіп түсетін командалар 
бойынша жылжымалы каретканы шағылыстырушы айнамен 
компакт-дискте қажетті жолға орнын ауыстырады. Дисктен 
шағылысқан сəуле дисктің астында орналасқан линзамен 
фокусталады, айнадан шағылысады жəне бөлгіш призмаға түседі, 
ол сəулені екінші фокустеуші линзаға жібереді. Бұдан əрі 
сəулежарық энергиясын электр импульстеріне түрлендіруші 
фотодатчикке түседі. Фотодатчиктан сигналдар əмбебап декодерге 
келіп түседі. 
Деректерді жазу жолдары және диск бетін автоматты 
бақылау жүйелері 
ақпаратты оқудың жоғары дəлдігін қамтамасыз 
етеді. Фотодатчиктен импульстердің тізбектілігі түрінде келетін 
сигнал автоматтық реттеу жүйесінің күшейткішіне келеді, онда 
бақылау қателері сигналдарыны ерекшеленеді: фокус, радиалды 
тасымалдау, лазер сəулеленуінің қуаты, диск айналуының 
3.7
-сурет 
CD-ROM жетегінің оптика-механикаық блок конструкциясы
88 


Әмбебап декодер 
CD-дан оқылған сигналдарды өңдейтін процессор. 
Оның құрамына екі декодер, жедел жадтау құрылғысы мен декодерді 
басқару контроллері кіреді. Екілік декодерді қолдану 500 Мбайт дейін 
жоғалған ақпаратты қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жедел 
жадтау құрылғысы буферлік жады функциясын атқарады, ал контроллер 
қателерді түзету режимдерін басқарады. 
Интерфейстік блок 
сандық деректерді аналогтік сигналдарға 
түрлендіргіштерден, төмен жиіліктер фильтрі жəне компьютермен 
байланыс үшін интерфейстен тұрады. Аудио ақпаратты жаңғыртқан кезде 
САТ кодталған ақпаратты төмен жиілікті белсенді фильтрі бар 
күшейткішке келіп түсетін жəне содан ары қарай құлаққаппен немесе 
акустикалық бағаналармен байланысты болатын дыбыстық картаға 
аналогтік сигналға түрлендіреді. 
Мəтіні жəне графиктік деректері, аудио-, немесе бейне ақпараты бар 
кез келген CD-ROM мультимедия санатына жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет