Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


 Көп реттік CD-WORM/CD-R жазбасы



Pdf көрінісі
бет48/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

3.4.2. Көп реттік CD-WORM/CD-R жазбасы 
және көп реттік CD-RW ақпарат жазбасы бар 
жинақтауыштар 
CD-WORM 
(Write Once Read Many) 
немесе CD-R 
(CD- Recordable) 
жинақтауыштары ақпаратты дискке бір рет жазуды жəне осы ақпаратты 
кезекті көп реттік оқуды қамтамасыз етеді, ал CD-RW 
(CD-Re Writable 
— 
қайта жазатын) жинақтауыштар оптикалық дискке көп рет жазуға 
мүмкіндік береді. 
Бір реттік жазба үшін қарапайым компакт-дисктер қолданылады, 
шағылысатын қабаты алтын немесе күміс қабықшамен қапталады. Оның 
жəне поликарбонатты негіз арасында тіркеуші қабат орналасқан (3.8 
сурет) орналасады, ол қыздырғанда қараятын органикалық материалдан 
жасалады. Жазу процесінде толқын ұзындығы 780 нм болатын, ал 
қарқындылығы оқу кезінде лазердің қарқынынан 10 есе артық болатын 
лазер сəулесі тіркеуші қабаттың жеке учаскелерін қыздырады, ол 
артынша қараяды жəне питтерге ұқсас учаскелерді түзе отырып жарық 
шашыратады. Бірақ айналы қабаттың шағылыстырушы қабілеті мен CD- 
R-дегі питтердің нақтылығы өнеркəсіптік тəсілмен дайындалған CD- 
ROM-ға қарағанда төменірек. 
Қайта жазылатын CD-RW-де тіркеуші қабат лазер сəулесінің əсерінен 
өзінің фазалық күйін аморфты күйден кристалды күйге жəне керісінше 
өзгерте алатын цианин 
(Cyanine) және 
фталоцианин 
(Phtalocyanin) 
атпен 
белгілі органикалық қосылыстардан жасалған. 
89 


3.8
-сурет
. CD-ROM жəне CD-R/CD-RW дисктерінің құрылысы
Фазалық күйдің осындай өзгерісі қабаттың мөлдірлігін өзгертумен 
қоса жүреді. Лазер сəулесімен қыздырған кезде кейбір сыни 
температурадан жоғары тіркеуші қабаттың материалы аморфты 
күйге ауысады жəне онда суыған соң қалады, ал сыни 
температудан төмен қыздырған кезде бастапқы (кристалдық) күйін 
қайта қалпына келтіреді. Қайта жазатын дисктерде тіркеуші қабат 
əдетте алтынна, күмістен, кейде алюминий мен оның 
қорытпаларынан жасалады. 
Қайта жазатын CD-RW бірнеше мыңдаған қайта жазу 
циклдарынан ондаған мың циклға дейін жазбаларға төзеді. Алайда 
олардың шағылыстырушы қабілеті штамптелген CD-ROM жəне 
CD-R-ден біршама төмен. Осыған орай CD-RW оқу үшін 
фотоқабылдағыш күшейткішінің автоматтық реттеуі бар арнайы 
жетек пайдаланылады. 
CD-R-ғы ақпарат бірнеше тəсілмен жазылуы мүмкін. Дискті 
бірінші мүмкіндіктен 
(disk-at-once) 
жазу тəсілі кең таралған, 
қатқыл диск файлы тікелей бір сеанс үшін жазылады жəне дискке 
ақпарат қосу мүмкін емес. Осы тəсілмен салыстырғанда 
көпсеанстық жазу тəсілі 
(track-at-once) 
жеке учаскелердің 
(тректердің) жазуын жүргізуге жəне дисктегі ақпараттың көлемін 
біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет