Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет43/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Оксидті жұмыс қабаты 
темір оксидінен тұратын толтырғышы бар 
полимер жабын. Осындай жұмыс қабаты бар дисктер қарапайым жəне 
арзан дайындалу процесімен ерекшеленеді. Дегенмен, талап етілетін 
жұмыс бетінің сапасы үлкен сыйымдылықтағы жинақтауыштар үшін 
осындай технология аясында қол жеткізуге мүмкін емес болды. Оның 
орнына жұқа қабыршық технология келді. 
Жұқа қабықтар негізіндегі жұмыс қабаты 
қалыңдығы жағынан жұқа 
жəне мықты болады; оның бетінің сапасы біршама жоғары. Жұқа 
қабыршақ технология дисктердің ұштары мен беттері арасындағы
саңылау 0,05 ... 0,08 мкм дейін азайтуға қол жеткізген соған сəйкес 
деректерді жазу тығыздығын арттыру жаңа буын жинақтауыштарының 
өндіріс негізіне енді. 
Оқу-жазу қалпақшалары 
дисктің əрбір жақтары үшін қарастырылған. 
Жинақтауыш өшіп тұрғанда қалпақшалар дискке жанасады. Дисктерді 
айналдырған кезде қалпақшаларға түсірілетін аэродинамикалық қысым 
артады, жұмыс беттерінен дисктердің үзілуіне əкеліп соғады. Диск бетіне 
қалпақша 
неғұрлым 
жақын 
орналасса, 
жаңғыртылатын 
сигнал 
амплитудасы соғұрлым жоғары болады. 
80 


1980 жылдардың ортасына дейін қатқыл дисктердегі жинақтауыштарда 
ферриттік қалпақшалар қолданылған. Олардың орнын MIG-қалпақшалар 
басты (MIG — 
Metall in Gap) 
– саңылауында металы бар қалпақшалар, 
жұқа қабықты жұмыс қабаты негізіндегі жинақтауыштарды қолдануға 
мүмкіндік берді. Қатқыл дисктердің сыйымдылығына қойылатын 
талаптардың артуы жұқа қабыршақ қалпақшалардың (TF —
Thin
Film
) пайда болуына əкелді. Дисктің жұмыс бетінде осы қалпақшалардың 
көмегімен қалыптастырылатын дисктің жұмыс бетінде қалдық магниттелу 
учаскелерінің айқын шекаралары бар, ол деректерді жазудың жоғары 
тығыздығына əкеліп соғады. Жұқа қабыршақ қалпақшалардың 
конструкциясы мен сипаттамаларын бұдан əріғы жетілдіру нəтижесінде 
магнитрезистивті қалпақшалар пайда болды 
(Magneto-Resistive 
— MR), 
олар қазіргі уақытта 3,5" қатқыл дисктердегі жинақтауыштардың 
көпшілігінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет