Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет51/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

3.4.4.
 
HD DVD және Blu-Ray оптикалық дисктерінің 
стандарттары 
Барлық жад технологияларының дамуы деректерді сақтау тығыздығын 
арттыру жолына түсуде. Мұндай тенденция жедел жадының, қатқыл 
магнит дисктерде тасымалдағыштардың (ҚМДТ), сондай-ақ оптикалық 
тасымалдағыштардың жетілдірілуі кезінде байқалады. 
Жазу мен оқу жылдамдығы қандай бір шаралар қолданылмаған 
жағдайда да сонымен бірге артып келеді. Мысалы, егер диск жолының 
əрбір сантиметрінде екі есеге көп деректер сақталса, дəл сондай 
жылдамдықпен айналу кезінде (немесе оқу қалпақшасының жол бойы 
ауысу жылдамдығы) бірлік уақытта оқылатын немесе жазылатын ақпарат 
биттерінің саны да екі есеге артады. 
Ол CD-ROM (сур. 3.11, 
а), 
DVD-ROM 
(Digital Versatile Disc)
(сур. 
3.11,
б
) жəне 
BD 
жадысы 
оптикалық 
тасымалдағыштары 
технологиясы 
(Blu-ray Disc) 
(сур. 3.11, 
в) 
жұмыс бетінің негізгі 
сипаттамалары мен фрагменттері көрсетілген деректермен бейнеленеді 
(сур. 3.11)

Жады көлемін 4,7 Гбайт дейін арттыру DVD-мен жағдайда жəне 27 
Гбайт дейін BD-мен жағдайда бірдей өлшемдегі тасымалдағышқа 
деректерді жазу тығыздығын арттырумен қолжеткізіледі (диаметрі 120 мм 
3.11
-сурет. Жұмыс бетінің негізгі сипаттамалары мен фрагменттері:
а 
— CD-ROM; 
б 
— DVD-ROM; 
в 
— BD жадысы оптикалық тасымалдағыштар 
технологиялары (Blu-ray Disc) 
96 


Оптикалық дисктердің келесі буыны жазба тығыздығын бұдан əрі 
арттыруға негізделген. Екі негізгі бəсекелес технологиялар Вlu-Ray 
(көгілдір сəуле), HD 
(High Definition 
— жоғары рұқсат) толқын ұзындығы 
405 нм «көк» лазерлерді қолдануға негізделеді. 
HD DVD 
(High Definition Digital Versatile Disk) 
— 2002 ж. NEC жəне 
Toshiba компанияларымен жасалған жəне Microsoft, көпшілік заманауи 
DVD-жетектер мен дисктер өндірушілерінен қолдау тапқан технология. 
HD DVD DVD-форматқа сəйкес жəне өндірістің ең қайта жабдықталуын 
талап етеді. Қателерді түзету алгоритмдерімен қоса алғанда жазу 
тығыздығы қорғаныш қабаты 0,6 мм болғанда, дискті секторларға 
өзгертілмеген логикалық белгілеу модуляция схемасына ұқсас əрбір 
қабатқа 15 Гбайтқа жетеді. Деректердің осындай жоғары тығыздығы 
жолдар арасындағы қашықтықты 46 %-ға: 0,74 бастап 0,4 мкм дейін 
қысқартуға мүмкіндік берген толқын ұзындығы 405 нм (шоқ диаметрі — 
82 нм) болатын жіңішке көгілдір-күлгін түсті лазер сəулесі есебінен 
қамтамасыз етіледі. Штамптелген HD DVD-ROM екі қабат қолдауын жəне 
соған сəйкес ең көп сыйымдылықты 30 Гбайт қарастырады. Қайта 
жазылатын формат HD DVD-RW сыйымдылығы — 20 Гбайт, оған 
кішірейтілген өлшемді питтер (диск бетіндегі нүктелер жазылған ақпарат 
битін «белгілейтін») жəне жолдар арасындағы қашықтықтың қысқаруы 
(0,34 мкм дейін) есебінен қол жеткізіледі. 2008 ж. ақпан айында Toshiba 
компаниясы Blu-ray пайдасына HD DVD технологиясын қолдауды тоқтату 
туралы мəлімдеді. 
Blu-ray стандартын 2002 ж. басында тоғыз компания ұсынды: Hitachi, 
LG, Matsushita (Panasonic), Pioneer, Philips, Samsung, Sharp, Sony жəне 
Thomson. Blu-ray стандартында көгілдір-күлгін лазер қолданылған, шоқ 
диаметрі DVD-дегідей 132 нм жəне 82 нм емес, шоқ диаметрі 58 нм. Тар 
шоқ дискке жазылған питтерді үлкен талдаумен операциялайды, сонымен 
қоса HD DVD-ден принципиалды айырмашылығы – ол бір жол аясында 
питтер арасында қашықтықтың қысқаруы (жол сандарының артуымен 
үйлесе отырып). 
Хотя технология Blu-ray технологиясы HD DVD-ден бұрын пайда болса да 
оны біршама прогрессивті деп айтуға болады, өйткені дисктерге бір 
қабатқа жəне одан көп 25 Гбайттан артық. Дисктің ең көп сыйымдылығы 
бірнеше қабатты ескергенде 500 Гбайтқа жетуі мүмкін. Дискте өте ұсақ 
бірліктік нүктелерді ажырата алу мүмкіндігі лазер сəулесін «жіңішкерту» 
есебінен ғана емес сонымен қатар диск бетінен шағылысқан жоғары рұқсат 
ету қабілеті бар (апертурасы 0,85) сəулені қабылдау үшін оптикалық 
жүйені қолдану жəне дискте ақпараттық қабатты лазерге (қорғаныш 
қабатының қалыңдығы – бар-жоғы 0,1 мм, HD DVD жəне DVD 
салыстырғанда 0,6 мм) жақын орналастыру есебінен де қол жеткізілді. 
97 


Жазылатын Blu-ray-дисктер екі негізгі санатқа бөлінеді: бір реттік 
жазба үшін — BD-R жəне көп реттік жазба үшін — BD-RE. 
Blu-ray-дисктің физикалық өлшемдері CD жəне DVD-дисктерінің 
өлшемдерінен еш нəрсемен де ерекшеленбейді. Дисктің сыртқы 
диаметрі 120 мм тең. Қарапйым бірқабатты дискке 23,3 Гбайт дейін 
ақпараттық деректерді сыйғызуға болады. Оны 25 Гбайт деп 
таңбалайды. Екіқабатты Blu-ray-дисктің 46,6 Гбайт сыйымдылығы 
болады. Оны 50 Гбайт деп таңбалайды. Сыйымдылығы 100 Гбайт 
болатын үшқабатты, 128 Гбайт дейін болатын төртқабатты дисктер 
болады. DVD форматтағыдай, диаметрі 8 мм BD болады. Олар 7,8 
Гбайт сыйғыза алатын бірқабатты жəне 15,6 Гбайт сыйғызатын 
екіқабатты деп бөлінеді. Мұндай дисктер жиі сандық бейнекамераға 
жазу үшін қолданылады. 
BD-дисктердің мынадай түрлері болады: 
BD-R — бірқабатты диск, көлемі 23,3 Гбайт дейін
BD-RE — көп реттік жазу үшін қолданылатын бірқабатты диск, 
көлемі 23,3 Гбайт дейін; 
BD DL — екіқабатты диск, көлемі 46,6 Гбайт дейін; 
BD-RE DL — көп реттік жазу үшін қолданылатын екіқабатты диск, 
көлемі 46,6 Гбайт дейін; 
BD-RXL — үшқабатты диск, көлемі 100 Гбайт дейін жəне 
төртқабатты диск, көлемі 128 Гбайт дейін; 
IH-BD — BD-ROM жəне BD-RE бірлесуі, мұнда бір қабат жазуға 
арналға, ал екіншісі оқуға; 
BD-ROM — лицензиялық өнімді тек жаңғыртуға арналған формат. 
Толқын ұзындығының қысқаруы есебінен деректерді оқу 
жылдамдығын арттыру мүмкіншілігі туды. BD-R-дің ең кіші бір реттік 
оқу жылдамдығы 36 Мбит/с құрайды, ол DVD-R-ға қарағанда біршама 
жоғары. Қазіргі уақытта жазу/оқу ең көп жылдамдығы 432 Мбит/с 
жетеді. 
Blu-ray 
— 
дискжетектер 
оқитын 
(автономдық 
Blu-ray 
ойнатқыштар), жазатын жəне аралас деп бөлінеді. Оқитын Blu-ray CD, 
DVD жəне BD дисктерді оқиды. Аралас жетек қосымша CD, DVD жəне 
BD дисктерді жаза алады, ал жазушы 
Blu-ray 
дискжетек CD, DVD жəне 
BD дисктерді оқып жəне жаза алады. 
ДК Blu-Ray жетектермен жасақталады. Өндірушілер бастапқы 
деңгейдегі ДК конфигурациясына BD-ROM тасымалдағыштарын 
қосып бастады, BD Combo тасымалдағыштарын орта бағалық 
диапазондағы компьютерлерге қояды, ал қымбат тұратын жəне жоғары 
өнімділікті модельдерді BD жазба мүмкіндігі бар жетектермен 
қамтамасыз етеді. 
98 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет