■
жады контроллері — құрылғы
жадысы мен USB жалғағышының
байланысын орнатады жəне екі жаққа да деректер тасымалдауды
жүргізеді;
■
жады микросхемасы — USB Flash-картасының ең маңызды
бөлігі. Картада сақталатын ақпараттың көлемін, деректерді оқу-
жазу шапшаңдылығын анықтайды.
USB Flash-карталардың негізгі сипаттамалары жылдамдық пен
жады көлемі табылады. 2016 ж. нарықта көрсетілген флешкалар 256
Гбайт дейін жады көлеміне ие болды жəне 28,5 Мбайт/с ең көп жазу
жылдамдығымен (Kingston HyperX Savage), ал ең көп оқу
жылдамдығы 132 Мбайт/с (Kingston DataTraveler 150)
қамтамасыз
етті. Қосылу интерфейстері — USB 2.0 жəне USB 3.0, сондай-ақ
micro USB.
Флешкалар үшін USB-жалғағыштың төрт негізгі типі
қолданылады:
■
ашық жалғағыш
ультра кіші флешкаларда кездеседі. Оның
артықшылықтары — флешка өлшемінің кішіреюі, ақпаратқа қол
жеткізудің жылдамдауы.
Кемшілігі болып жалғағыштың
контактілі пластинасының қорғанысының болмауы табылады,
ол флешканың мықтылығын біршама төмендетеді;
■
классикалық қақпақша
— USB жалғағышы үшін сенімді
қорғаныс. Заманауи қақпақшалар
пластиктан ғана емес,
резеңкеден де дайындалады. Резеңке қақпақша жалғағышты
ылғалдан жəне шаңнан тиімді қорғауға мүмкіндік береді,
сонымен қатар мұндай қақпақша корпуста жақсы ұсталады жəне
бекіткішті талап етпейді. Осындай конструкцияның кемшілігі
қақпақшаны жоғалту мүмкіндігімен байланысты. Бірақ
сарапшылар осындай конструкциялы флешканы бірталай мықты
деп есептейді;
■
слайдер
— USB жалғағышы флешка корпусында тығылады жəне
арнайы сырғымамен одан алынады.
Осындай шешімнің басты
кемшілігі — бекіткіштің мүмкін сынуы. Сынған жағдайда
флешканы қолдану күрделі болады, USB жалғағышын
компьютер портына орнату мүмкін емес болады. Басқа
кемшілігі USB жалғағышының
шаң мен ылғалдан нашар
қорғанысы болатынында, тек физикалық əсерлерден ғана қорғай
алатынында;
■
жақша
— шығып тұратын USB жалғағышы бар флешка
корпусы
тұтқамен
жабылады,
оның
корпус
ұшында
жалғағыштан қарсы бағытта айналу нүктесі болады. Осындай
конструкцияның кемшілігі USB жалғағышты жабатын тұтқа
жұмсақ
бекіткішпен қамтамасыз етіледі, сондықтан оған
флешканы орналастырған кезде жылжыту керек болады. Шаң
116
мен ылғалдан қорғау көп жағдайда болмайды.
Ресей нарығында əйгілі компаниялардың USB Flash- карталарын
сатумен айналысатын көшбасшылар болып табылатындар:
SANDISK, SILICON POWER, TRANSCEND, KINGSTON, QUMO.
Достарыңызбен бөлісу: