Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет61/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

әрекет қағидасы бойынша 
екі үлкен топқа бөлуге болады: 
■ 
кинескоп деп аталатын, электронды-сəулелік түтік негізінде 
(ЭСТ) — CRT (
Cathode- Ray Tube)

■ 
жазық тақталы, олар көп жағдайда сұйық кристалл негізінде 
жасалған, — LCD 
(Liquid-Crystal Display). 
Бұдан басқа, ДК арналған мониторлар шығаратын ақпарат түрі, 
экран түрі, бейнелеу өлшемділігі, видеоадаптер мен интерфейсті 
кабельдің түрі бойынша жіктеледі. 
118 


4.1.1.
 
ЭСТ негізіндегі мониторлар 
 
Монитордың бұл түрінде қолданылатын технология 1897 жылы 
айнымалы тоқты өлшеу үшін, яғни осциллограф үшін неміс ғалымы 
Фердинанд Браунмен жасап шығарылған.. 
ЭСТ-монитордың құрылымы ішінде вакуумы бар шыны түтікті береді 
(4.1-сурет). Маңдай алды жағынан түтік шынысының ішкі жағы 
люминоформен қабатталған. 
Люминофор 
— бұл өзінің зарядталған бөлшектерімен бомбылау 
кезінде жарық шығаратын зат. ЭСТ-мониторда кескін түзу үшін 
электрондық зеңбірек қолданылады, ол түрлі түсті люминофорлы 
нүктелермен жабылған монитордың шыны экранының ішкі бетіне тор 
немесе металл маска арқылы электрондар ағынын шығарады. Электрондар 
люминофорлы қабатқа түседі, одан кейін электрондар энергиясы жарыққа 
айналады, яғни электрондар ағыны люминофордың нүктелерін 
сəулеленуге мəжбүр етеді. Люминофордың бұл жарқыраған нүктелері 
мониторда кескін қалыптастырады. Ереже бойынша, түрлі-түсті ЭСТ- 
мониторда монохромды мониторларда қолданылатын бір зеңбіректен 
айырмашылығы үш электрондық зеңбірек қолданылады. 
Шоқ электрондар жолында əдетте қосымша электродтар болады: шоқ 
электрондар қарқындылығын жəне онымен байланысты кескін 
жарықтығын реттейтін модулятор; жарық дағының өлшемін анықтайтын 
фокустаушы электрод; шоқ бағытын өзгертетін ауытқытушы жүйенің ЭСТ 
шарғы негізінде орнатылғандар. Монитор экранындағы кез келген мəтіндік 
немесе графикалық кескін пиксель деп аталатын жəне кескін-растрының 
4.1-сурет. ЭСТ-монитордың құрылымдық схемасы 
119 


ең кіші элементін беретін люминофордың көптеген дискретті нүктелерінен 
тұрады. 
Мониторда растрдың қалыптасуы ауытқытушы жүйеге келіп түсетін 
арнайы сигналдардың көмегімен жасалады. Бұл сигналдардың əрекет 
етуімен 4.2-суретте көрсетілгендей сол жақтағы жоғарғы бұрыштан 
төменгі оң жақтағыға дейін иректелген траектория бойымен экранның 
бетімен сəулені сканерлеу жасалады. Горизонталь бойынша сəуле жүрісі 
жолдық (горизонталь) жайма сигналымен, ал тігінен – кадрлік (тік) 
жаймамен жүзеге асырылады. Жолдың шеткі оң жақ нүктесінен келесі 
жолдың шеткі сол жақ нүктесіне (горизонталь бойымен сəуленің кері 
жүрісі) жəне экранның соңғы жолының шеткі оң жақ орнынан бірінші 
жолдың шеткі сол жақ орнына (тігінен сəуленің кері жүрісі) сəулені 
ауыстыру кері жүрістің арнайы сигналдары арқылы жүргізіледі. Жолдар 
бойымен сəуленің қозғалысына қарай модуляторға берілетін бейнебелгі 
жарық дағының жарықтығын өзгертеді жəне экранда көрінетін бейне 
түзеді. Монитордың айыру қабілеті горизонталь бойынша жəне тігінен 
елестете алатын кескіннің элементтер санымен анықталады. 
Түрлі түсті мониторлардың растрының қалыптасу принципін 
түсіну 
үшін түс ажырату механизмін елестету керек. Жарық – бұл толқын 
ұзындығының белгілі аралығындағы электромагниттік тербелістер. 
Адамның көзі көрінетін сəуле шығарудың спектрінің түрлі облыстарына 
сəйкес келетін түстерді ажырата алады, ол толқын ұзындықтарының 0,4 ... 
0,75 мкм диапазонындағы электромагниттік тербелістердің жалпы 
спектрінің тек қана шамалы бөлігін алады. 
Барлық көрінетін диапазонның толқын ұзындығының жиынтық 
сəулеленуі көзбен ақ түс ретінде қабылданады. Адам көзінің түс 
қабылдауына 
міндетті 
жəне 
түрлі 
ұзындықты 
толқындардың 
электромагниттік тербелістеріне өзінің сезімталдығымен ажырататын үш 
түрлі рецепторлары болады. Оның бірі күлгін-көкке, басқасы – жасылға, 
үшіншісі – қызғылт-қызыл түске шағылысады. Егер рецепторларға жарық 
түспесе, адам көзі қара түсті қабылдайды. 
Егер 
барлық 
рецепторлар 
бірдей 
жарықтандырылса, адам сұр немесе ақ 
түсті көреді. Объектті жарықтандыру 
кезінде жарық бөлігі одан шағылысады, 
ал бір бөлігі жұтылады. Түстің 
тығыздығы 
берілген 
спектрлі 
диапазондағы 
объектпен 
жұтылған 
жарық мөлшерімен анықталады. 
4.2-сурет. 
Монитор экранында растрдың 
қалыптасуы 
120 


Түстер қабаты қалың болған сайын, сонша аз жарық шағылысады, 
жəне ақырында түс реңкі қарақоңыр болып шығады (түс). 
Түс 
ажыратудың 
физиологиялық 
ерекшеліктері 
М.В.Ломоносовпен зерттелді. Оның ойлап тапқан түс ажырату 
теориясының негізіне тəжірибе түрінде орнатылған факт қойылды, 
барлық түстер жоғары қанықтықты үш жарық ағынының қосу 
жолымен алуға болады, мысалы негізгі немесе бастапқы деп 
аталатын қызыл, жасыл жəне көк түстерден. 
Әдетте жарық сəулесі адам көзінің барлық рецепторларын бір 
уақытта тартады. Адамның көру аппараты жарықтағы түрлі 
шағылысудың 
салыстырмалы 
құрамын анықтап, 
жарықты 
талдайды, ал содан соң миында олардың бір түске синтездеуі 
жүреді. 
Көздің керемет қасиетінің арқасында – түрлі түсті қабылдаудың 
үшқұрамдылығы – адам түрлі түсті реңктің кез келгенін айыра 
алады: тек қана үш негізгі түстің қарқындылығының көлемдік 
қатынасы туралы ақпарат жеткілікті, сондықтан барлық түстердің 
тікелей жіберуінде қажеттілік болмайды. Осылайша, түс 
ажыратудың физиологиялық ерекшеліктерінің арқасында, түс 
туралы ақпарат көлемі барынша қысқарады жəне түрлі түсті 
кескіндерді өңдеу жəне тіркеумен байланысты көптеген 
технологиялық шешімдер жеңілдетіледі. 
Түс ажыратудың тағы бір маңызды қасиеті 
түстің кеңістікті 
орталауы 
болып табылады, егер түрлі түсті кескінде жақын 
орналасқан түрлі түсті бөлшектер болса, онла бөлек бөлшектердің 
түсінің 
үлкен 
ара 
қашықтығынан 
байқалмайтындығымен 
тұжырымдалады. Барлық жақын орналасқан түрлі түсті бөлшектер 
бір түске боялған болып көрінеді. Көрудің бұл қасиетінің арқасында 
монитордың 
электрондық-сəулелік 
түтігінде 
люминофорлы 
түйіршіктер қасында орналасқан үш түстен кескіннің бір 
элементінің түсі қалыптасады. 
Түс ажыратудың берілген қасиеттері түрлі түсті монитордың 
ЭСТ əрекет қағидасын жасаған кезде қолданылды. Түрлі түсті 
монитордың электрондық сəулелік түтігінде басқарудың тəуелсіз 
схемасы бар үш электрондық зеңбіректер орнатылған, ал экранның 
ішкі бетіне үш негізгі түсті люминофор жағылған: қызыл, көк жəне 
жасыл. 
4.3-суретте монитор экранындағы түстердің пайда болу схемасы 
көрсетілген. Әр зеңбіректің электрондық сəулесі люминофордың 
нүктелерін тартады, сосын олар жанып бастайды. 
121 


4.3
-сурет. Монитор экранында түстердің пайда болу схемасы
Нүктелер түрліше жарқырайды жəне əр элементтің өте кішкентай 
өлшемдерімен мозаикалы кескінді береді. Әр нүктенің жарқырау 
қарқындылығы 
электрондық 
зеңбіректің 
басқарушы 
сигналына 
байланысты болады. Адам көзінде үш негізгі түсті нүктелер қиылысады 
жəне 
бір 
біріне 
таңылады. 
Үш 
негізгі 
түстің 
нүктелерінің 
қарқындылығының қатынасын өзгертумен монитор экранында қажетті 
реңкті алады. Әр зеңбірек электрондар ағынын сəйкес түсті тек қана 
люминофорға қарай бағыттау үшін əр түрлі түсті кинескопта арнайы түс 
бөлетін перде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет