Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет57/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Ultrium LTO 
технологиясы қолданылады (LTO-6). 
LTO картриджінің ішінде картридж орнатылған кезде беруші 
болып табылатын таспа бір катушкаға оралады. Таспаның ұшында 
арнайы концевик бекітіледі, ол таспаны берік ұстап тұру үшін жəне 
қабылдағыштың ішінде болатын қабылдағыш катушкада бекітілуі 
үшін жинақтауышпен қолданылады. 
Әрбір LTO картридждің арнайы кіріктірілген LTO-
CM 
(Cartridge Memory) 
чипі болады

Таспалық кітапханалар 
құрамында қолдануға арналған сыртқы оқығыштар, сондай-ақ 
автономдық оқығыштар болады. Олардың кейбіреулері LTO-CM 
құралдарымен картридждегі деректерге қолжетімділікке рұқсат 
беретін кілтті енгізгенге дейін уақытша бұғаттауға мүмкіндік 
береді, ол мысалы, бір территориядан екіншісіне құпия ақпараты 
бар картридждерді тасымалдау кезінде қолданылуы мүмкін. 
Мысалы, магнит таспадағы ішкі жинақтауыш HP StoreEver LTO- 
6 Ultrium 6650 (EH963A) SAS интерфейсімен үйлесімді таспалық 
библиотекаға жəне автожүктегіштерге орнатуға арналған жəне LTO 
жинақтауыштардың алтыншы буыны болып табылады. Оның 
сыйымдылығы 6,25 Тбайт, ал 2,5: 1 қысу кеінде тасымалдау 
жылдамдығы — 1,45 Тбайт/сағ жетеді. 
110 


Осындай жетек негізінде резервтік көшіру жүйесі картриджді 
5000 кем емес жүктеу/түсіруді 15 бастап 30 жылға дейін сақталуын 
қамтамасыз ететін заманауи жəне сенімді шешім болып табылады. 
IBM компаниясы, LTO жабдықтан басқа, жеке жабық IBM 3592 
(Jaguar) 
стандартындағы стримерлерді жеткізеді, сондай-ақ 
үйлесімді таспалық кітапханаларды. Бұл жабдық серверлер мен 
мейнфреймдерде қолданылады. LTO стандартына қарағанда, IBM 
3592 мұрағаттау мен резервтік көшіруге ғана емес, сонымен қоса 
деректерге еркін қол жеткізуге бағдарланған; IBM 3592 жазбаның 
сызықтық əдісін жəне таспаның көп жылдамдықты қозғалысын (6 
немесе 7 жылдамдық, стример моделіне қарай) қолданады. Мысалы, 
таспалы жинақтауыш IBM System Storage TS1140 Tape Drive бір 
картриджде сығусыз 4 Тбайт дейін деректер сақтай алады. 
Компрессия осы көлемді үш есеге арттыра алады. 
Кітапхана көп тасымалдағыштары бар сақтау орнын бейнелейді. 
Олар орталықтандырылған ортақ сақтау жүйесінде үлкен 
сыйымдылықты серверлердің резервтік көшіру үшін өте қолайлы. 
Осы жағдайда негізгі артықшылықтары – ақпаратты көшіру мен 
қайта қалпына келтірудің жоғары жылдамдығы (бір сағатта 
жүздеген гигабайтқа дейін), үлкен сыйымдылық (бірнеше 
терабайтқа дейін), сақтаудың беріктілігі жəне сақтау ең кіші 
салыстырмалы бағасы (бір мегабайт деректерді есептегенде). 
Тəуелсіз жинақтауыштардың массиві бір корпуста бірнеше 
таспалар жетектерінен тұрады, сонымен қоса, олардың əрқайсысы 
тек жалғыз тасымалдағышқа қызмет көрсетеді. RAIT жұмысының 
схемасы RAID дисктік массивіне ұқсас. RAIТ резервтік көшіру мен 
мұрағатау операцияларының өнімділігін біршама арттырады, 
өйткені жинақтауыштар параллель жұмыс істейді. 
IBM System Storage 
TS3500 Tape Library автоматтандырылған 
таспалы кітапханамэйнфреймдер жəне ірі компаниялар мен орта 
өлшемдегі ұйымдардың ашық жүйелері негізіндегі орталарда 
резервтік көшіру жəне мұрағаттау тапсырмаларын орындауға 
жоғары масштабталу дəрежесіне ие. 
HPE StoreEver ESL G3 таспалы кітапхана 
масштабталудың 
жоғары иілгіштігімен қамтамасыз етеді, ол көп мөлшердегі 
деректердің артуын орындауға мүмкіндік береді. Бірқатар базалық 
конфигурациялар ішінен таңдауға жəне 100 слотқа қадамы бар 
таспалы 12 006 картридждердің масштабталуына мүмкіндік береді. 
Сонымен ол шешім 180 Пбайтқа
1
дейін (2,5:1 сығу 
коэффициентімен) резервтік көшіру деректерін немесе мұрағаттық 
ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. 

1 Петабайт (Пбайт) = 1 024 Тбайт = 2
50
байт. 
111 


көптеген таспалы кітапханаларды басқару жəне олардың жұмысын 
бақылау интеллектуалды графикалық пайдаланушылық интерфейсі 
көмегімен жүзеге асырылады. HPE StoreEver ESL G3 таспалы 
кітапханасы үшін LTO-7 Ultrium жинақтауыштарының қолдауы 
жүзеге асырылған. Кітапханаға 192 дейін жинақтауыштар сияды. 
StoreEver 
ESL 
G3 
1-ден 
193-ке 
дейін 
таспалы 
жинақтауыштардың LTO-7, LTO-6 немесе LTO-5 Ultrium жəне 1- 
ден 16-ға дейін кітапхана фреймдерінің масштабталуын 
сүйемелдейді. 
Таспалы кітапханалар 
таспалы тасымалдағыштарды оперативті 
басқару үшін арналған, оның арқасында операторға сол немесе өзге 
таспалы тасымалдағышты уақытында жүктеудің қажеті болмайды. 
Таспалы кітапхананы таңдаған кезде алғашқы критерий ретінде 
сақталатын деректердің ең көп көлемі табылады. Бірақ кітапханада 
қандай таспалы құрылғылар орнатылғанын ескеру керек. 
Кішкентай кəсіпорындарда, алыс кеңселерде, сондай-ақ 50 Гбайт 
дейін деректер көлемінде 
FlexiPackAutoloader 
ұқсас жиі таспалы 
кітапханалар қолданылады

Бұл кітапхана 72 Гбайт ең көп 
сыйымдылықтағы DDS-3 типті алты таспаны басқаруға жəне 1 
Мбайт/c дейін деректер тасымалдау жылдамдығымен қамтамасыз 
етуді мүмкіндік жасайды. 
Резервтелетін деректердің 50-ден 350-ге Гбайт дейін көлемінде 
кітапханаға негізгі талаптар болып көшірілетін деректердің 
жылдамдығы мен көлемдері табылады. Мұнда DLT таспалы 
жинақтауыштар негізіндегі құрылғылар кең сұранысқа ие. Ұқсас 
кітапхана мысалы ретінде 
Sun StorEdge L9 Autoloader 
негізіндегі 
шешімі қызмет етеді

Кітапхана тоғыз таспамен жұмысты 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олардың əрқайсысы 40 Гбайтқа 
дейін деректер сыйғыза алады, ол 360 Гбайт жиынтық 
сыйымдылықты береді. Таспалы жинақтауыш ретінде кітапханада 
DLT-8000 қолданылады. 
3.8.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет