Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет71/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

 
Сенсорлық мониторлар 
Сенсорлық монитор ДК деректерді енгізуді жүзеге асыруға жəне 
экранға тию арқылы бағдарламалық қамтамасыз етуді басқаруға 
мүмкіндік береді. Мұндай өзара əрекет мониторға орнатылған 
сенсорлы экран арқасында мүмкін болады 
(Touch Screen), 
ол 
монитордың өзінің экранының бетіне орнатылады жəне тиіп кетуге 
сезімтал болады. 
Сыртынан қарағанда сенсорлық монитор əдеттегіден іс жүзінде 
ешнəрсемен ерекшеленбейді, себебі сенсорлық экран монитор 
корпусының ішінде болады. Сенсорлық экранның түріне 
байланысты тию саусақпен, қолғаптағы қолмен, арнайы енгізу 
құралымен немесе бұған үйлесімді кез келген затпен жүзеге 
асырылады. Сенсорлық экран арнайы бақылаушымен жалғанған, ол 
экранға жанасу нүктесінің координаттарын шығарады жəне оны 
компьютерге жібереді. 
Сенсорлық 
мониторлар 
смартфондарда, 
төлем 
терминалдарында, немесе POS-терминалдарда 
(Point Of Sell), 
ақпараттық киоскілерде, сауданы автоматтандыруға арналған 
құрылғыларда, қалта компьютерлерінде, өндірістегі операторлық 
панельдерде қолданылады. Олар белсенді ТҒТ-матрицасы бар СК- 
дисплейлер негізінде орындалады. 
Шын мəнінде сенсорлық монитор бейнелеу құрылғысы мен 
ақпарат енгізу қызметтерін біріктіреді. Осыған байланысты, 
сенсорлық экрандар құрылымында жүзеге асырылатын сенсорлық 
технологиялар 6-тарауда қарастырылған. 
4.1.8.
 
Монитор таңдау 
Мониторды таңдау кезінде келесі сипаттамаларға назар аудару керек. 
Экран диагоналі 
— бұл бір мониторды басқасынан ажырататын ең 
басты сипаттамасы жəне бағасына едəуір əсер етеді. Өлшемдері бойынша 
шартты түрде мониторлардың төрт тобын бөліп көрсетуге болады: 
■ 
18,5 ... 20" — бюджеттік жəне кеңселік сегмент; 
■ 
21,5 ... 24" — көпшілікке арналған сегмент. Контенттің көптеген 
жасаушылары (ойындар, сайттар, бейне жəне т.б.) басынан бірінші ретте 
осындай өлшемді диагоналға есептейді ; 
140 


ке 
■ 
27" — перспективтік сегмент. Мұндай диагоналды қымбат емес 
мониторды стандартты қашықтықта (көзден 50 ... 80 см) орнатқан 
кезде кескін кішкене дөрекілеу болып көрінуі мүмкін, себебі 
кескіннің бөлек пикселдері байқалуы мүмкін; 
■ 
30 ... 32" — эксклюзивтік сегмент. Жоғары баға жəне өте үлкен 
жалпақтығының себебінен (қарама қарсы шеттері басты қозғалтусыз 
көру шегінен тысқары болады) диагоналы 27" асатын мониторлар 
көпшілік пайдаланатын болмады. Диагоналы 24" жəне одан асатын 
мониторларды бірнеше себеп бойынша алу ұсынылады: үлкен экранда 
скроллингсіз көп ақпаратқа қол жетімді (тінтуірмен белсенді жұмыс 
жасаудың қажеті жоқ); кейбір үлкен объекттермен кішкене экрандарда 
жұмыс жасау ыңғайсыз (карталар, схемалар, сызбалар, күрделі 
кестелер); ойындарда үлкен экран іс жүзінде барлық көру кеңістігін 
алады, ол реалистікті қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет