Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет68/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

 
Плазмалық мониторлар 
 
Плазмалық дисплейлер 
(Plasma Display Panel 
— PDP) СК- 
мониторларды итеріп шығарып, белсенді түрде кең экрандылардың 
нарығын жаулап алып жатыр. СК-мониторлар – жайпақ жəне жеңіл, бірақ 
олардың 20" аса диагоналі бар модельдері жоғары бағамен ерекшеленеді. 
Плазмалық технология үлкен экрандарды жасаған кезде берілген 
кемшіліктерден айырылған, олар өздерінің аз салмағы мен қалыңдығының 
арқасында кез келген жерге орнатыла алады: қабырғада, төбе астында, 
үстелде. Шолудың кең бұрышының арқасында кескін кез келген нүктеден 
көрінеді. Жəне ең бастысы, плазмалық мониторлар бұрын экранның 
мұндай өлшемі кезінде қол жетпейтін болған түс пен айқындылықты 
жеткізе алады. 
Бейнелеу құралдарында газ қуатсыздануын пайдалану идеясы көп жыл 
бұрын КСРО Рязань қаласында «Плазма» НПО пайда болды. Алайда ол 
уақыттың технологиясы сапалы кескін алуға жəне жақсы түс жіберуге 
жетуге мүмкіндік бермеді. 
133 


Шетелде бұл технологияның облысындағы зерттеулер мен 
əзірлеулер 1960-жылдардың басында электродтың тігу инесі түріндегі 
ұшталғаннан бос электрондардың жүгірісінің электромагнитті өрісінің 
өздігінен бастамашылық етуімен байланысты құбылысты зерттеу 
кезінде басталды. Мұндай қағидат бойынша күндізгі жарық шамдары 
жұмыс жасайды. Ұшып шығатын электрондар инертті газды
иондармен қанықтырады, олардың жарқырауын шақырады. Мұндай 
инешікті матрицаны алу технологиясын 1966 жылы Иллинойс 
штатындағы университетте жасап шығарған. 1980 жылдары бұл 
идеяны Burroughs мен IBM компаниялары жүзеге асыруға тырысты, 
бірақ сəтті болмады. 
Бірінші плазмалық экрандар монохромды (қызғылт сары) болды 
жəне бəрінен бұрын кескіннің үлкен алаңы талап етілген тек қана 
айрықша 
тұтынушының 
сұранысын 
қанағаттандыра 
алды. 
Диагоналдары 21" асатын қымбат емес экрандарды алуды СК, ЭСТ- 
технологиялары да қамтамасыз етуге жағдайлары жоқ екендігі анық 
болғанда, Hitachi, NEC, сонымен қатар Fujitsu сияқты тұрмыстық 
теледидар мен компьютерлердің алдыңғы қатарлы өндірушілері 
қайтадан PDP-ға оралды. Қазір Fujitsu, Hitachi, Matsushita, Mitsubishi, 
NEC, Pioneer мен басқалар диагоналі 50" жəне одан асатын плазмалық 
мониторларды өндіреді. 
PDP-мониторлар екі шыны беттің арасын инертті газбен, мысалы 
аргон немесе неонмен толтыру жолымен жасалады. Содан кейін шыны 
бетке миниатюралы мөлдір электродтарды жағады, оған жоғары 
жиілікті кернеу беріледі. Осы кернеудің əсер етуімен электродқа 
жапсарлас газ облысында электр разряды пайда болады. Газ 
разрядының 
плазмасы 
жарықты 
ультракүлгін 
диапазонында 
шағылыстырады, ол адам көретін диапазонда люминофордың 
бөлшектерінің жарқырауын тудырады. Шын мəнінде экрандағы əр 
пиксель күндізгі жарықтың кəдімгі шамы секілді жұмыс жасайды. 
Плазмалық панельдің жұмысының принципі ионданған жағдайда 
(салқын плазма) болатын сиретілген газдың (ксенон немесе неон) 
басқарылатын салқын разрядында болады. Кескіннің бөлек нүктесін 
қалыптастыратын жұмыс элементі (пиксель) негізгі үш түске 
сəйкесінше жауапты үш субпиксельден тұратын топ болып табылады. 
Әр субпиксел бөлек микрокамераны береді, олардың қабырғасына 
негізгі түстердің бірінің флуоресценттеуші заты болады (4.9-сурет). 
Пиксельдер тікбұрышты тор түзетін басқарушы мөлдір хром-мыс- 
хромдық электродтардың қиылысу нүктесінде болады. 
Пикселді «жағу» үшін қиылысу нүктесінде қажетті пиксел болатын 
екі бір біріне ортогональ қоректеуші жəне басқарушы электродтарға 
жоғары басқарылатын айнымалы кернеудің тікбұрышты импульстері 
беріледі. 
134 


4.9
-сурет. Плазмалық панель құрылымы
Ұяшықтағы газ өзінің валентті электрондарының көп бөлігін береді 
де, плазмалық жағдайға ауысады. Иондар мен электрондар 
басқарушы кернеу кезіне байланысты электродтарда кезектесіп 
камераның түрлі жағына жиналады. Сканерлеуші электродқа 
импульс 
беріледі, 
бір 
аттас 
əлеуеттер 
қабатталады, 
электрстатикалық өріс векторы өзінің шамасын екі еселейді. 
Разрядтау болады – зарядты иондардың бөлігі энергиясын жарық 
кванттарын шағылыстыру түрінде ультракүлгін диапазонда (газға 
байланысты) 
береді. 
Өз 
ретінде, 
разряд 
аймағында 
флуоресценттеуші жабын болып, көрінетін диапазонда жарықты 
шағылыстыра бастайды, оны бақылаушы қабылдайды. Сыртқы 
шынымен көзге зиян шағылысудың ультракүлгін құрауышының 97 

сіңіріледі. 
Люминофордың 
жарқырауының 
жарықтығы 
басқарушы кернеу мəнімен анықталады. 
Жоғары жарықтылық (700 кд/м
2
аса) пен кереғарлық (500: 1 кем 
емес) дірілдеудің болмауымен қатар мұндай мониторлардың үлкен 
артықшылықтары 
болып 
табылады. 
Кескіннің 
жоғары 
айқындылығы экранның барлық жұмыс бетінде сақталады. Бұдан 
басқа, плазмалық мониторларды қалыпты кескін көруге болатын 
нормальге қатысты бұрыш LCD-мониторларға қарағанда барынша 
көп болады. Бұған қоса, плазмалық панельдер магнитті өріс 
түзбейді (денсаулық үшін олардың зиянсыздық кепілі ретінде 
қызмет 
етеді), 
дірілдеуге 
ұшырамайды. 
PDP-мониторлар 
электромагнитті өріске беріктілікке ие, оларды өнеркəсіптік 
жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. 
Мұндай мониторлардың негізгі кемшіліктері монитордың 
диагоналі көбейген кезде өсетін жоғары тұтыну қуаты мен кескін 
элементінің үлкен өлшемімен шартталған төмен айыру қабілеті 
болып табылады. 
135 


Плазмалық мониторлардың қызмет ету мерзімі 60 мың сағаттан аса 
болады. Шолу бұрышы – барлық бағытта дерлік 180°. 
Іс жүзінде плазмалық панельдердің əр өндірушісі классикалық 
технологияға түс жіберуді, кереғарлық пен басқарушылықты 
жақсартатын өзіндік шешімдерін қосады. Fujitsu, Panasonic, 
Sumsung, Toshiba, LG, NEC, Pioneer мен басқалар сияқты ірі 
өндірушілер жарнамалы-ақпараттық мақсаттар үшін плазмалық 
панельдерді өндіріп шығарады. 
4.1.4.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет