Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Монитордың  матрицасының



Pdf көрінісі
бет73/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Монитордың 
матрицасының 
түрі, 
шолу 
бұрышы 
мен 
жарықтандыруы 
– өзара өте тығыз байланысты сипаттамалары. 
TN-матрицалары ең тез жəне арзан, бірақ шолу бұрышы мен қара түс 
тереңдігі нашарлау, IPS-матрицалардың (Samsung нұсқасында PLS) түс 
жіберуі мен шолу бұрыштары ең жақсы, бірақ сол уақытта қымбат жəне 
салыстырмалы баяу, ал PVA мен MVA типті матрицалар қара түсті бəрінен 
жақсы жеткізеді, бірақ бұлыңғырды жеткізу кезінде жəне түрлі көру 
бұрышы кезінде түрлі-түсті теңгерім өзгеруімен мəселелері бар. Көптеген 
жағдайларда TN матрицасындағы мониторлар — қымбат емес жəне 
шапшаң, сондықтан компьютерлік ойындар əуесқойларына тамаша; PVA 
мен MVA — салыстырмалы жоғары емес бағаға, ең жоғары кереғарлыққа 
жəне қолайлы жылдамдыққа ие, сондықтан үйде пайдалануға арналған 
əмбебап монитор ретінде барады; IPS (PLS) — əдетте қымбат болады, 
бірақ өте сапалы түс жіберуге жəне жақсы кереғарлыққа ие, сондықтан 
бəрінен де графика мен фотосуреттерге арналған кəсіби жұмыстарға 
барады. 
Шектеуі бар мониторлардың шолу бұрыштары жан жағынан қараған 
кезде кескіннің бұрмалануына əкеледі, ол TN-матрицаларындағы үлкен 
диагоналды мониторлар үшін ерекше сыни. Көденеңінен 170° кем емес 
жəне тігінен 160° кем емес шолу бұрыштары бар мониторларды таңдау 
ұсынылады. 
Монитордың жарық беруінің біркелкілігі. 
Қазіргі уақытта көптеген 
мониторларда жарықдиодты (LED) жарықтандыру болады, ол біркелкі 
жарықтануды қамтамасыз етеді жəне көп ресурсқа ие. Статикалық 
кереғарлығының мəні 1000:1 жəне одан да көп болатын мониторларды 
сатып алу ұсынылады (экранның ең жарық учаскесінің жарықтығының ең 
күңгірт учаскенің жарықтығына қатынасы). 
Жауап беру уақыты мен жайма жиілігі. 
Компьютерлік ойындардың 
əуесқойлары үшін жауап беру уақыты 5 мс жəне одан да аз болатын 
мониторларды таңдаған жөн. Көптеген қазіргі заманғы мониторлардың 
матрица кескінінің жаңаруының стандартты жиілігі 60 Гц тең. Жаңару 
жиілігі 120 ... 144 Гц мониторлар ойындарда өте серпінді көріністі табиғи 
түрде көрсетуге мүмкіндік береді, 
142 


бірақ өте жоғары бағаға ие жəне негізінен— TN-матрицалы, 
сəйкесінше шолудың ең жақсы шолу бұрыштары жəне түс 
жіберудің ең жақсы тереңдігі емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет