Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет75/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Соғылған пиксельдер 
— тек қана TN-мониторлары үшін өзекті 
ақау. Соғылған ашық түсті («ыстық») пиксельдер егер экранның 
қара учаскелерін мұқият қарап шықса, қара фонда жақсы білінеді. 
143 


4.2. 
ПРОЕКЦИЯЛАУ АППАРАТТАРЫ 
 
 
Проекциялау аппараты (проектор) 
(латыннан. 
projicio 
— алға 
лақтырамын) — түрлі обьектілердің үлкейтілген кескіндерін 
экранға проекциялау үшін қолданылатын оптикалық аспап. 
Проекциялау аппараттарының əрекет ету принципі объект 
кескінін оны қуатты проекциялық шаммен жарықтандыру кезінде 
экранға оптикалық жүйе көмегімен проекциялауда болады. 
Бірінші проекторды 1640 жылы неміс физигі жəне математигі 
Афанасий Кирхер ойлап тапты, өзінің аппаратын «сиқырлы шам» 
деп атады. Жарықтың қуат көзі майшам болған аппарат экранда 
адамдардың, жануарлар немесе картоннан кесіп алынған заттардың 
кескіндерінің көлеңкелі проекциясын жасауға мүмкіндік берді. 
Проекциялау аппараттары түрлі обьектілерді көрсету үшін 
қызмет етеді: диапозитивтер (код проекторлары), диафильмдер 
(диа проекторлар), мөлдір емес (эпипроекторлар), сонымен қатар 
басқалары (эпидиапроекторлар). 
Проекциялау 
аппараттары 
тұсаукесер 
үшін 
үйренудің 
техникалық құралы ретінде қолданылады. Қазіргі заманда 
ақпараттың недəуір бөлігі электрондық түрде болғандықтан, 
монитор экранынан кескінді экранға проекциялау қажеттілігі пайда 
болды. 
ДК қосылатын қазіргі заманғы проекциялау аппараттары 
монитор экранынан үлкен экранға кескінді проекциялауға 
мүмкіндік береді. Компьютерлі проекторларда проекцияланатын 
кескіннің дереккөзі ретінде арнайы электронды басқарылатын 
модулятор қолданылады, оған ДК видеоадаптерінен сигнал 
жіберіледі. 
Мұндай модулятор кəдімгі проекторда слайдтың немесе 
диапозитивті қабықша қызметін атқарады жəне проекциялаушы 
шамнан жарық ағынын модуляциялаушы басқарылатын жарық 
сүзгісі ретінде қолданылады. 
Модуляторлардың құрылымы мен əрекет ету принципі көптеген 
əртүрлілікпен ерекшеленеді, алайда олар негізінен СК-панельдер 
негізінде құрылған. Барлық компьютерлік проекторларды екі топқа 
бөлуге болады: 

жалпы тағайындаулы ə м бе ба п (оверхед-проекторлар);
кескін көзі ретінде оларда арнайы сыртқы модулятор – СК- 
панель қолданылады; 

кіріктірілген модуляторымен му л ь т и ме д и я л ы қ .
144 


4.2.1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет