Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет102/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

2. Синовиалдық қаптар
шандырлық жапырақшалар арасындағы қуыс болып 
табылады, ол синовиалдық қапшықпен астарланған және ішінде синовиалдық сұйықтық 
болады. Олар сүйектердің шығыңқы жерлерінде орналасып, бұлшықет жиырылғанда 
үйкелісті азайтады. 
3. Фиброзды және сүйекті-фиброзды өзектер
– бұлшықет сіңірлеріне арналған 
немесе кәрі жілік-білезік және сирақ-асық буындары, саусақтар мен бақайлар бунақтары 
аймақтарындағы орналасқан тамырлар мен нервтерге арналған орын. Осы өзектердің 
қабырғаларына қатысты сіңірлердің қозғалысы өте жеңіл болады, бұл өзектің қабырғасын 
астарлап жататын және бұлшықет сіңірін жан-жағынан жауып жататын арнайы 
құрылымдар – синовиалдық қынаптарға байланысты. Олар құрылымы бойынша 
қабырғасы қосарланған, сіңірді айнала орналасқан және өзектің қабырғаларына бекінген 


168 
цилиндрге ұқсайды. Сыртқы қабырғасы өзектің қабырғасымен бітіскен, париеталді 
жапырақшасы деп аталады; ішкі қабырғасы сіңірмен бітіскен, висцералді жапырақшасы 
деп аталады. Жапырақшалардың арасында болатын синовиалді сұйықтық үйкеліс күшін 
азайтады.
4. Сүйектік шығыр
дегеніміз шеміршекпен қапталған сүйектің шығыңқы жері 
болып табылады, оның астымен өзінің бағытын өзгерте алатын бұлшықеттің сіңірі өтеді. 
Сіңір мен шеміршектің арасында кішкене синовиалдық қап түзіледі. 
5. Дәнтәрізді сүйектер
сіңірлердің ішінде, олардың бекінетін жеріне жақын дамиды. 
Олар сүйектік шығыр ролін атқарады, негізінен саусақтар мен бақайлар аймақтарында 
болады. Ең үлкен дәнтәрізді сүйек – тізе тобығы. 
 


169 
ІШКІ АҒЗАЛАР 
Асқорыту жүйесі 
Ауыз кіреберісі (vestibulum oris)-алдынан еріндер және ұрттар, ал артынан 
қызылиекпен тістер шектеген шағын кеңістік.
Еріндер (labia)-қабысқанда шеттері езулермен (rima oris) аяқталатын, көлденең орналасқан 
ауыз саңылауын (rima oris) шектейтін бұлшықеттік қатпар. Еріннің көрінетін бетін жапқан 
тері ауыз қуысында шырышты қабыққа айналады. Жоғарғы ерін ұрттан еріндік жүлгемен 
шектелсе, төменгі ерін иектен иек-еріндік жүлге арқылы бөлінген. Еріндердің ішкі бетін 
түзген шырышты қабық қызылиектің шырышты қабығына өтеді осы өтудің нәтижесінде 
екі бойлық қатпарлар пайда болады-жоғарғы және төменгі ерін жүгеншігі (frenulum labii 
superuoris et frenulum labii inferiorioris). Еріндердің шырышасты негізінде түтіктері 
шырышты қабыққа ашылатын көптеген майда бездер орналасқан. 
Ұрттар (виссае), сыртынан терімен ішкі жағы шырышты қабықпен жабылған.Ұрт негізін 
ұрт бұлшықеті (m.buccinator) түзеді. Ұрттың майлы денесі сору актісі толыққанды болу 
үшін тек қана емшектегі балада жақсы жетілген, ұрттың шырышасты негізінде аздаған 
ұрттың бездер бар. 
Үлкен азу тіс үстіндегі ұрттың шырышты қабығының, екі жағынан шықшыт безінің 
бүртігін (papilla parotidea) түзіп шықшыт безінің түтігі ашылады. Ұрттың шырышты 
қабығы қызылиектің (gingiva) шырышты қабығына жалғасады. 
Қызылиек (gingiva)-қалың тығыз шырышты қабықпен қапталған төменгі және жоғарғы 
жақсүйектердің ұяшықтық өсінділері, қызылиектің шырышты қабығы тістер мойнын 
қаусырады. 
АУЫЗ ҚУЫСЫ МЕН ТІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Ауыз қуысы (cavitas oris) қабысқан жақсүйектерде тілмен толған . Оның сыртқы 
қабырғаларын тістік доғаларымен қызылиектердің тілдік беттері (жоғарғы және төменгі), 
жоғарғы қабырғасын таңдайлар, ал төменгі қабырғасын ауыздың көкетін құрайтын, 
тіласты сүйегінің астындағы бұлшықеттер түзеді. Тістер (dentes), қызылиектердің жоғарғы 
жиектерінің бойымен, жоғарғы және төменгі жақсүйектердің тістік ұяшықтарында 
орналасқан. Тістер ауыз қуысынан шырышты қабығының түрі өзгерген бүртіктері. Тістер 
үздіксіз қосылыстар-қағу (gomphosis)-арқылы түбірлерімен қозғалыссыз, ұяшықтарда 
бекіген. Тістердің қызметі: асты бөлу, шайнау, майдалау, сөйлеуді қалыптастыру және 
дыбыстардың дұрыс айтылуына мүмкіндік туғызу. Ересек адамдарда қалыпты тістер саны 


170 
32-ні құрайды. Алғашқы (сүт тістер) тістер 6-айда шығады, ал 5 жастан бастап түсе 
бастайды, олардың орынын тұрақты тістер алмастырады. 
Әр тісте сауытын, мойнын және түбірін айырады. 
Тіс сауыты (corona dentis) қызылиектің үстінде орналасқан көлемді бөлігі. Беттері: 
жоғарғы және оған сәйкес төменгі тістердің бір-бірімен жанасатын шайнау беті 
(оcclusalis), тілдік бет (lingualis), тілге қорған беті, кіреберістік бет (vestibularis), ауыз 
кіреберісіне қараған беті, жанасу беті (contactus), екі жағындағы көрші тістермен жанасқан 
беттері. Тіс түбірі (radix dentis)-тіс ұяшықтарында орналасқан. Түбір саны 1-ден 3-дейін. 
Әр түбір өзі аттас тесігі бар ұшымен (apex radicis dentis) аяқталады. Тіс ұшының тесігі 
(foramen apicis dentis) арқылы, тіс қуысын толтырған тіс ұлпасына (pulpa dentis) баратын 
артериялар, веналар және нервтер кіреді. 
Тіс мойыны (cervix dentis)-тіс сауытымен түбірінің арасындағы қызылиекпен қапсырылған 
кішкентай бөлігі. 
Тіс сауыты ішінде тіс қуысын (cavitas dentis) және тіс түбірінің өзегін (canalis radicis 
dentis) ажыратады. Тістің негізгі құрастырушы бөліктері - кіреуке (еnаmelum), дентин 
(dentinum) және цемент (cementum).Тістің басты бөлігін дентин құрайды, сауыты (corona) 
кіреукемен, ал түбірі (radix) цементпен қапталған. Адамдарда төрт түрлі тісті айырады: 
күрек тістер, ит тістер, кіші және үлкен азу тістер.Тістер ауыз қуысында жоғарғы және 
төменгі қатарлар түзіп, симметриялы орналасады. Әр қатарда 16 тістен орналасқан. 
Сагиттальды жазықтықта әр қатар тепе-тең оң және сол бөліктерге бөлінеді. Әр бөлік 8 
тістен тұрады: 2 күрек тіс, 1 ит тіс,2 кіші азу тіс және 3 үлкен азу тіс. 
Күрек тіс, кіші және үлкен азу тістер бір-бірінен пішіні мен түбір сандары арқылы 
ерекшеленеді. Күрек тістер (dentes incisivi), жіңішке жиекті, қашатәрізді сауыты бар, 
кесетін беті өткір, бір түбірлі. Төменгі күрек тістердің сауыты жоғарғыларға қарағанда 
қысыңқы келеді. 
Ит тістер (dentes canini), сауыты үшкір ұшы бар конустәрізді, түбірі жалғыз, өте ұзын. 
Кейде екі түбірлі немесе ұштары екіге айырылған болуы мүмкін. 
Кіші азу тістер (dentes premolaris)-сауыты сопақша пішінді. Шайнау беттерінде 
конустәрізді екі шайнау төмпешіктері бар. Түбірі біреуі не болмаса, ұшында екіге 
айырылуы мүмкін. 


171 
Үлкен азу тістер (dentes molares)-сауыты кубтәрізді. Үшінші үлкен азу тіс-ақыл тіс (dens 
serotinus) шығу мерзімімен (27 жасқа дейін) және шағын көлемімен ерекшеленеді. Үлкен 
азу тістердің шайнау төмпешіктері бар. Төменгі және жоғарғы жақсүйектер тістерінің 
қабысуын тістеу деп атайды. Қалыпты тістеуде жоғарғы жақсүйек тістері төменгілерді 
жауып тұратыны байқалады.
ТІЛ 
Тіл (lingua)-асты араластыруға, жұту актісіне және дыбыс қалыптастыруға қатысатын 
бұлшықетті ағза. Тілдің алдыңғы бөлігі ұшы (apex lingua), артқы бөлігі түбірі (radix 
lingua), деп аталады ал екеуінің арасында денесі (corpus lingua ) орналасқан. 
Жоғарғы, таңдай мен жұтқыншаққа қараған қабырғасы тіл арқашығы (dorsum lingua), 
төменгі беті (inferior lingua ) тілдің тек ұшы мен денесінің алдыңғы бөлігінде ғана 
көрінеді. Бүйір беттері тілдің жиектері (margo linguae) деп аталады. Тіл арқашығының 
бойымен артында тұйықталып соқыр тесікпен (foramen caecum lingua) бітетін ортаңғы 
жүлге (sulcus medianus) өтеді. Соқыр тесіктің екі жағында тілдің түбірімен денесін бөліп 
тұрған шекаралық жүлге (sulcus terminalis) орналасқан. 
Тілдің шырышты қабығы (tunica mucosoe linguae) қызғылт түсті, бетінде қыруар майда 
өсінділер, тіл бүртіктері (papillae linguae) бар. Келесі бүртіктерді айырады: 
1. Конус тәрізді және жіп тәрізді (papillae conicae et papillae filiformis)-ең көбі және тіл 
арқашығында орналасқан. 
2. Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер (papillae fungiformis)-тілдің ұшымен бүйір беттерінде 
жайғасқан. Саны жағынан конустәрізді және жіп тәрізді бүртіктерден кейін екінші орында 
тұр. 
3. Жапырақтәрізді бүртіктер (papillae foliatae)-тілдің бүйір беттерінде орын тепкен. 
4. Науашық тәрізді бүртіктер (papillae vallatae)-бүртіктер арасындағы ең азы және ең ірісі 
болып табылады, олар рим цифры V-тәрізді шекаралық жүлгенің алдында орналасқан.
Тіл түбіршігінде тіл бадамшасын (tonsilla lingualis) құратын лимфа түйіншелерінің 
шоғырлары жатыр. 
Тілдің төменгі бетінің шырышты қабығы тегіс, екі жүлгесі бар, олар ауыз қуысының 
түбіне өткенде тіл жүгеншігін (frenulum linguae) түзеді. Жүгеншіктердің жанында 


172 
симмитриялы орналасқан, тіласты және төменгі жақсүйекасты сілекей бездерінің түтіктері 
ашылатын тіласты бүртігі (caruncula sublingualis) жайғасқан. 
Тіласты бүртігінің артында ұзына бойлы, өзіне сәйкес тіласты жүлгелері (plicae 
sublingualis) жатыр. 
Тілдің келесі бұлшықеттерін ажыратады: 
1)Тілдің қаңқалық бұлшықеттері: 
А) Тіласты-тіл бұлшықеті (m.hyoglossus)-тілді артқа және төмен тартады. 
Б) Біз-тіласты бұлшықеті (styloglossus)-тілді артқа және жоғары тартады, ал біржақты 
жиырылғанда шет жаққа. 
В) Иек-тіласты бұлшықеті (m.geniglossus)-тілді төмен және алға итереді. 
2) Тілдің меншікті бұлшықеттері: 
А) Тілдің көлденең бұлшықеті (m.transversus linguae)-тіл арқашығын көтереді, көлемін 
азайтады. 
Б) Тілдің вертикальді бұлшықеті (m.verticalis linguae)-тілді жалпайтады. 
В) Тілдің жоғарғы бойлық бұлшықеті (m.longitudinalis superior)-тілдің ұшын көтереді және 
қысқартады. 
Г) тілдің төменгі бойлық бұлшықеті (m.longitudinalis interior)-тілдің ұшын төмен түсіреді 
және қысқартады. 
Тілді тіл артериясы қанмен қамтамасыз етеді. 
Веналық ағым, ішкі мойындырық венаға құяды. Лимфа ағымы, иек төменгі жақсүйек және 
терең латералды мойын лимда түйіндеріне барады. 
Нервтенуі: ХІІ-жұп ми нерві-қозғалтқыш,V, ІХ, Х-жұп ми нервтері-сезімтал, VІІ және ІХ-
жұп ми нервтері-дәмсезу. 
ҚАТТЫ ТАҢДАЙ ЖӘНЕ ЖҰМСАҚ ТАҢДАЙДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Таңдай (Palatum)-ауыз қуысының жоғарғы қабырғасын түзеді. Екі бөліктен , сүйек тінінен 
құралған қатты таңдай және жұмсақ таңдайдан тұрады. Шырышты қабығы барлық 


173 
таңдайды жауып, қатты таңдаймен тығыз бітісіп артынан жұмсақ таңдайға жалғасса, екі 
жағынан жоғарғы жақсүйектің ұяшықтарына өтіп қызылиек түзеді. 
Қатты таңдай (Palatum durum)-жоғарғы жақсүйектердің таңдайлық өсінділерімен таңдай 
сүйектерінің горизонтальды табақшаларынан құралған. Ол таңдайдың алдынғы 2/3 бөлігін 
құрады. Қатты таңдайдың ортаңғы сызығы бойымен таңдай жігі (raphe palati) өтеді. Одан 
екі жаққа қарай, балаларда өте жақсы жетілген көлденең қатпарлар шығады. 
Жұмсақ таңдай (Palatum molle)-таңдайдың артқы 1/3 бөлігін құрайды. 
Жұмсақ таңдай, таңдайдың жалпақ сіңірі мен бұлшықеттерінен құралған, аңқаны түзуге 
қатынасады. Жұмсақ таңдайдың шырышты қабығы жұтқыншақтың мұрындық бөлігі 
шырышты қабығының жалғасы, ал алдында қатты таңдайдың шырышты қабығына өтеді. 
Жұмсақ таңдай, горизонтальді орналасқан алдыңғы бөлімінен және еркін салбырап тұрған 
таңдай пердесін (velum palatinum) түзетін артқы бөлімінен тұрады. Жұмсақ таңдайдың 
артқы бөлігінің ортасында шағын өсінді-тілшік бар. Жұмсақ таңдайдың бүйір жиектерінен 
екі доғашық шығады: алдыңғы, таңдай-тіл доғасы (arcus palatoglossus) және артқы, таңдай-
жұтқыншақ доғасы (arcus palatopharyngeus). Доғалар ішінде таңдай бадамшасы (tonsilla 
palatina) жатқан бадамша шұңқыршасын (fosso tonsillaris) шектейді. 
Бұл бадамшаның құрылысының ерекшелігі ағза тініне терең енетін крипталармен 
фиброзды қабықтың болуы. Осындай құрылым ағзада жиі қайталанатын қабыну үрдісіне 
тікелей байланысты. 
Таңдай бадамшасының артынан 1см алшақтау ішкі ұйқы артериясы өтеді. Бадамша ең 
жоғарғы көлемге 17 жаста жетеді. 
Жұмсақ таңдай бұлшықеттері: 
1) Таңдай-тіл бұлшықеті (m.palatoglossus)-таңдай пердесін төмен түсіреді, аңқа тесігін 
тарылтады. 
2) Таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті (m. palatopharyngeus)-таңдай пердесін төмен түсіреді; 
аңқай тесігін тарылтады. 
3) Таңдай пердесін көтеретін бұлшықет (m.levator veli palatini)- жұмсақ таңдайды көтереді. 
4) Таңдай пердесін керетін бұлшықет (m.tensor veli palatini)-таңдай пердесін кереді, есту 
түтігінің саңылауын кенейтеді. 


174 
5) Тілшік бұлшықеті (m.uvulae)-тілшікті қысқартады, аздап жоғары көтереді. 
Ауыз бездері (glandulae oris)-сілекей өндіреді. Жұп үлкен ( шықшыт, тіласты, төменгі 
жақсүйекасты ) және кіші сілекей бездеріне бөлінеді. Үлкен сілекей бездері ауыз 
қуысынан шет орналасады. 
Кіші сілекей бездері (glandulae salivariae minores)-ауыз қуысының шырышты және 
шырышасты негізінде орналасқан, олардың көлемі 5мм-ге дейін. Бұл сілекей бездері 
орналасқан аймақтарына сәйкес аталған: 
1) Ұрт бездері (glandulae buccales). 
2) Ерін бездері (glandulae labiales). 
3) таңдай бездері (glandulae palatinae). 
4) тіл бездері (glandulae linguales). 
5) үлкен азулық бездер (glandulae molares). 
Бөліп шығаратын секреттің өзіндік ерекшелігіне байланысты: сірлі ( тіл ), шырышты ( 
тіл, таңдай ) және аралас ( ұрт, үлкен азулық, ерін және тіл ) бездерге бөлінеді. 
Үлкен сілекей бездері (glandula salivaris majores): шықшыт безі (glandula parotidea), ең ірі 
сілекей безі; сірлі секрет бөліп шығаратын күрделі альвеолалық без. Ол тері астында 
төменгі жақсүйек тармағының сыртқы жиегі бойында орналасқан. Үстінде бетсүйектік 
доғаға дейін жетеді. Қапшықпен қапталған оның терең бөлігі (pars profunda) бізтәрізді 
өсінді және оның бұлшықеттерімен жанасып жатыр. Без арқылы бет және құлақ нервтері, 
ұйқы артериясы, төменгі жақсүйек венасы өтеді. Шығаратын түтігі (ductus parotideus) 
бедің алдыңғы жиегінен шығып ауыз кіреберісінің екінші жоғарғы үлкен азу тістің тұсына 
ашылады. Кейде шайнау бұлшықетінің бетінде қосалқы шықшыт безін (glandula parotis 
accessoria) байқауға болады. 
Бездің қанмен қамтамасыздануы самай артериясымен жүзеге асырылады. Веналық ағым, 
төменгі жақсүйекарты венасына құяды. Лимфа ағымы беткей және терең шықшыт лимфа 
түйіндерімен іске асады. 
Тіласты безі (glandulae sublingualis)-шырышты секрет бөліп шығаратын, альвеолалық-
түтіктік без. Ол жақ-тіласты бұлшықеті үстінде, ауыз қуысы шырышты қабығының 
астында орналасқан. 


175 
Без алдыңғы жиегімен төменгі жақсүйек денесінің ішкі бетіне, ал артымен төменгі 
жақсүйек асты безіне жақындайды. Оның кіші тіласты түтіктері (ductus sublingualis 
minores) ауыз қуысына, тіласты жүлгесі шырышты қабығын бойлай ашылады. Кейде 
төменгі жақсүйек асты безінің шығаратын түтігімен бірігіп тіласты бүртігіне ашылатын 
үлкен тіласты түтігі (ductus sublingualis major) кездеседі. Қанмен қамтамасыздануы: тіл 
және беткей самай артериялармен. 
Веналық ағым, артериялармен сәйкес веналар арқылы. 
Лимфа ағымі, иекастылық және төменгі жақсүйек астылық лимфа түйіндеріне.Төменгі 
жақсүйекасты безі (glandula submandilaris)-төменгі жақсүйек асты үшбұрышында 
орналасқан, ол күрделі альвеолалық-түтіктік бездерге жатады. Сырты жұқа қапшықпен 
жабылған. Бездің жоғарғы бөлігі төменгі жақсүйектің ішкі бетімен жанасады, төменгі 
бөлігі төменгі жақсүйектің астынан шығып тұрады, медиальді бөлігі тіл бұлшықеттерімен 
түйіседі. Бездің алдыңғы бөлігінен тіласты бүртігіне ( тіл жүгеншігі жанында ) шағын 
тесікпен ашылатын төменгі жақсүйек асты түтігі шығады. 
Қанмен қамтамасыз етіледі: бет артериясының тармақтары. 
Веналық ағымы, артерияларға сәйкес веналар арқылы. 
Лимфа ағымы, төменгі жақсүйек асты лимфа түйініне. 
ЖҰТҚЫНШАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Жұтқыншақ (pharynx)-ауыз қуысын өңешпен қосады. Жұтқыншақ хоандар арқылы мұрын 
қуысымен және аңқа арқылы ауыз қуысымен қатынасады. Жұтқыншақ құрылысы 
бойынша алдынан артқа қарай қабысқан, орташа ұзындығы 13см-ге дейін, құйма тәрізді 
ағза. Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен омыртқа бағанасының мойын бөлігі 
аралығында, іші жұтқыншақ арты лимфа түйіндері орналасқан борпылдақ дәнекер тінмен 
толған шағым жұтқыншақ арты кеңістік (spatium retrophayngeum) бар. Жұтқыншақ 
күрделі ұстап тұрушы аппараттардан тұрады. Үстінде бассүйек негізіне, бүйір жақтары-
самай сүйектеріне, артынан-шүйде сүйекке бекиді. ІV-VІ мойын омыртқалары тұсында 
жұтқыншақ өңешке жалғасады. Жұтқыншақтың бүйір жақтарынан мойынның өте 
маңызды қантамырлары мен нервтері өтеді: ұйқы артериялары, ішкі мойындарын веналар, 
кезбе нервтер. Жұтқыншақтың төрт қабырғасын айырады: жоғарғы немесе жұтқыншақ 
күмбезі (fornix pharyngis)-бассүйек негізінің бір бөлігі, алдыңғы-шын мәнінде жоқ, себебі 


176 
бұнда жұтқыншақтың анатомиялық тесіктері орналасқан ( көмей кірісі, хоандар, аңқа ) 
тағы артқы және бүйір. Алдында орналасқан ағзаларға сәйкес жұтқыншақты үш бөлікке 
бөледі: Мұрындық (pars nasalis pharуngius ), ауыздық (pars oralis pharуngius) және көмейлік 
(pars laryngea pharуngius). 
Мұрындық бөлік тек қана тыныс алу жолына, ауыздық бөлік тыныс алу және асқорыту 
жолдарына, ал көмейлік бөлік таза тыныс алу жолына жатады. 
Жұту актісі кезінде жұтқыншақтың мұрындық бөлігі ауыздық бөліктен таңдай пердесімен 
бөлінеді, көмей қақпашығы көмей кірісін жабады, осының арқасында аc түйірі тек өңешке 
өтеді. Көмейлік бөлік үстінен көмей қақпашығымен, екі жанынан ожау-көмей 
қақпашығының қатпарларымен, төменінен ожау тәрізді шеміршектермен шектелген. 
Көмейлік бөлікте, алмұрт тәрізді қалта (recessus piliformis) түзетін жұтқыншаққа енген 
кішкентай томпақ бар. Жұтқыншақтың жоғарғы және артқы қабырғаларының 
шекарасында шағын томпақ түрінде – лимфа тәрізді түйіндерді немесе жұтқыншақ 
бадамшасын (аденоид) (tonsilla pharyngealis) байқауға болады. Ол ең жоғарғы даму 
деңгейіне балалық шақта жетеді. Жұтқыншақтың бүйір қабырғаларында жұтқыншақты 
ортаңғы құлақ қуысымен байланыстыратын құйма тәрізді, есту түтігінің жұтқыншақтық 
тесігі (ostium pharуngeum tubae auditivae) орналасқан. Жұтқыншақтық тесік, ішінде лимфа 
тәрізді тіннің шоғыры – түтік бадамшасы (tonsilla tubaria) бар түтік буылтығымен (torus 
tubarius) шектелген. 
Асқорыту жолының жоғарғы бөлігіндегі шоғырланған бадамшалар қорғаныстық қызмет 
атқарады. Барлығы алты бадамша: тіл, жұтқыншақ және жұп түтік, таңдай бадамшалары. 
Бұл бадамшалар шеңбер құраб Пирогов-Вальдейер сақинасын түзеді. 
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Шырышты қабық (tunica muсоsa) жұтқыншақтың төменгі бөлігінде, құрылысы 
бойынша шырышасты негізге ұқсас келеді, ал жоғарғы бөлігінде қатпарлар түземейді 
және өте тығыздығымен ерекшеленгендіктен, жұтқыншақ-базилярлық шандыр (fascia 
pharyngobasilaris) деп аталған. 
Жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің шырышты қабығы кірпікті, ал ауыздық және 
көмейлік бөліктері көпқабатты жазық эпителиимен көмкерілген. Жұтқыншақтың 
шырышты қабығында көп мөлшерде шырышты бездер орналасқан. Дәнекертіндік табақша 
сыртынан бұлшықеттік қабықпен (tunica muscularis) қапталса, ол үстінен адвентициялық 
қабықпен (adventitia) жабылған. Жұтқыншақ көлденең-жолақ бұлшықеттерден тұрады. 


177 
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ БҰЛШЫҚЕТТІ АППАРАТЫ 
1.
Констрикторлар: а) жұтқыншақтың жоғарғы қысқышы (m.constrictor pharyngeus 
superior); б) жұтқыншақтың ортаңғы қысқышы (m.constrictor pharyngeus medius ); 
в) жұтқыншақтың төменгі қысқышы (m.constrictor pharyngeus inferior) 
2.
Жұтқыншақты көтеретіндер: а) түтік-жұтқыншақ бұлшықеті (m.salpingo 
pharyngeus) ; б) біз-жұтқыншақ бұлшықеті (m.stylopharyngeus). 
Қанмен қамтамасыздануы, сыртқы ұйқы артериясы, бет және бұғанаасты артериялары 
тармақтарымен. Веналық ағым, жұтқыншақ веналық өріміне. Лимфа ағымы, ішкі 
мойындырық және жұтқыншақ арты лимфа түйіндеріне. Нервтенуі, жұтқыншақтың 
нервтік өрімінен. 
ӨҢЕШ 
Өңеш (оesophagus) – жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын ағза. Өңеш құрылысы 
бойынша алдынан артына қарай басылған түтікке (ұзындығы 30 см-ге дейін) ұқсайды. 
Ересек адамдарда жұтқыншақ өңешке VІ-мойын омыртқасы тұсында өтсе, ал өңеш 
асқазанға ХІ-кеуде омыртқасы деңгейінде ашылады. Өңеш кеуде қуысынан іш қуысына 
көкеттің өңештік тесігі арқылы өтеді. 
Өңештің үш бөлігін ажыратады:
Мойындық бөлік (pars cervicalis) – VІ-мойын омыртқасы деңгейінде басталып ІІ-кеуде 
омыртқасы тұсында аяқталады. Ол кеңірдек пен омыртқа бағанасы арасында орналасқан. 
Кеуделік бөлік (pars thoracica) – Х-кеуде омыртқасы тұсында аяқталады және ең ұзын 
бөлігі. Өңештің бұл бөлігі ІV-кеуде омыртқасына дейін жоғарғы көкірекаралықта 
орналасады, алдында кеңірдек, артында жүрекқап жатыр. ІV-кеуде омыртқа тұсында өңеш 
қолқамен қиылысса, ал V-кеуде омыртқа тұсында, сол басты бронхпен қиылысады. 
Өңештің төменгі бөлігі оң көкірекаралықтық өкпеқаппен шектелген. 
Іштік бөлік (pars abdominalis) – ұзындығы кішкентай, оның артқы қабырғасына бауырдың 
сол үлесі іргелес жатыр. Өңеште үш физиологиялық тарылу бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет