Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


«Жеті планета мен он екі шоқжұлдыз» деген тақырып



Pdf көрінісі
бет121/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   139
«Жеті планета мен он екі шоқжұлдыз» деген тақырып
 
бойынша
Жеті планетаның аттары «Құтадғу білікте» былайша берілген:
1. 
Секентір –
Қоңырқай жұлдыз (орысша: Сатурн).
2. 
Оңай –
Есекқырған (Юпитер).
3. 
Көрүд –
Қызыл жұлдыз (Марс).
4. 
Иашық –
Күн (Солнце).
5. 
Севіт –
Шолпан (Венера).
6. 
Арзу –
кіші шолпан (Меркурий).
7. 
Йалчық –
Ай (Луна).
Он екі шоқжұлдыздың тұратын орнын 
ев
(үй) атаған. Жоғарыдан 
(алыстан) төмен қарай (жерге таман жақындай беретін) ретімен 
берілген жұлдыздардың (електің) аттары (Күн есебі бойынша):
1. 
Қозы –
Қозы (Амал, Көкек, Тоқты, орысша: Овен) – 22/03–
21/04 арасы.
2. 
Уд
– Сиыр (Үт, Сәуір, Торпақ – Телец) – 22/04–21/05 арасы.
3. 
Ерендіз
– Зауза (Егіздер – Близницы) – 22/05–21/06 арасы.
4. 
Қучық –
Шаян (Саратан – Рак) – 22/06–21/07 арасы.
5. 
Арслан –
Арыстан (Әсет – Лев) – 22/07–21/08 арасы.
6. 
Бұғдай башы 
– Бидай басы (Сүмбіле, Бикеш – Колосья, Дева) 
– 22/08–21/09 арасы. 
7. 
Үлгү
– Таразы (Мизан – Весы) – 22/09–21/10 арасы (үлгү – 
қазақша: өлшем, көлем).
8. 
Чадан
– Шаян (Ақырап, Бүйі – Скорпион) – 22/10–21/11 
арасы.
9. 
Йа
– Қауыс (Мерген – Лук, Стрелец) – 22/11–21/12 арасы (йа 
– қазақша: жай, жақ, садақ).


543
10. 
Оғлақ
– Жәді (Ешкімүйіз – Козерог) – 22/12–21/01 арасы 
(оғлақ – қазақша: лақ).
11. 
Көнек
– Конек (Дәлу, Суқұйғыш – Водолей) – 22/01–1 21/02 
арасы.
12.
 Балық
– Балық (һүт – Рыба) – 22/02–21/03 арасы. 
Бұл он екі шоқжүздыздың үшеуі – оттан жаралған, үшеуі – судан 
жаралған, үшеуі – желден (хауадан) және үшеуі – топырақтан 
жаралған. Осыдан барып, Әлем дүниесі түзілген деп жазады 
автор. 
Қазақ тіліндегі алдыңғы үш ай көктемге жатады (Амал, Үт, 
Зауза), одан кейінгі үшеуі – жаз айлары (Саратан, Әсет, Сүмбіле), 
қалғандары – үш-үштен күз (Таразы, Ақырап, Қауыс) бен 
қыс (Жәді, Көнек, һүт) айларына жататын жұлдыздар. Қазіргі 
қазақ күнтізбесі бойынша бұдан басқа толығырақ мәліметтерді 
Х.Әбішұлының «Халық астрономиясы» (1959 ж., 5-6, 207-223 б.) 
және «Аспан сыры» (1962 ж., 24-243 б.); М. Ысқақовтың «Халық 
календары» (1963 ж
.,
112-117 б.) деген еңбектерінен қарауға 
болады. 
Доктор А. Шәріп «Зодиак шоқжұлдыздары көне түрікше 
төмендегідей тізбектеледі» деп көрсетеді:
 Қозы
(Овен),
 Уд 
(Телец),
 
Ерентуз
(Близнецы),
Қушық
(Рак),
Арыстан
(Лев), 
Бидайбасы
(дева),
 Өлкі
(Весы),
 Шаян
(скорпион),
 Сұрмерген
(Стрелец),
 Ұғлақ
(Козерог),
 Көнек
(Водолей),
 Балық,
(Рыбы) [А. Шәріп. Водолей – 
суқұйғыш, Овен – тоқты емес. – «Егемен Қазақстан», 19/11 - 2003, 
6-бет]. Сөздің иіні келген соң айта кетейік: осы мақаласының аты 
«Водолей – суқұйғыш емес, Овен – тоқты емес» деп жазғанда, 
оның айтайын деп отырған ойы әлдеқайда нақтылау болатын еді. 
Бұл тақырып бойынша, «Водолей – суқұйғыш болғанда, Овен – 
тоқты емес екен» деген де пікір туып қалуы мүмкін ғой! Жазушы 
К. Жүністегі бұл тізімді былайша түзеді:
Қозы, Тана, Қосақ, 
Шаян, Арыстан, Үркер, Таразы, Үшарқар, Садақ, Қамбар, Көнек, 
Үт.
Бұл жерде ескерте кететін мәселе мынау: көне (ескі) түркі 
тілдерінде уд сөзі орысша «корова» деген мағына беретін болған 
және астрономияда «созвездие Тельца» деп аталған, календарда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет