Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет124/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139
Ердің аты
мақтауменен шығады
[892-бәйіт]. Біздің 
тоқталып отырған мәселеміздің негізгі мағынасы осыған келіп 
тіреледі: мақтаулы (қатардағы қарапайым адам емес), ақылды 
адам түсіне қоятындай мін бар ма? Айтолды осындай сұрақ 
қояды. Аталып өткен екі аудармашының еңбектерінде қойылатын 
сұрақ қарапайым екі (жақсы, жаман) адам туралы болып отыр. 
953. Бұл бәйіт дастанда төрт таған ретінде берілген (ұйқасы: 
а–а–ә–а). С.Н.Иванов екі бәйіт есебінде келтірген (а–а, а–а, 
966, 967-бәйіттер). А.Егеубаев та солай етіп аударған (966, 
967-бәйіттер). Айтпақшы, бұл тәржімашының қазақша 
аудармасында төрт таған өлең әсте жоқ. Шамасы, бұл автор* 
(аудармашы автор, әрине) рубаят пен бәйіттің өзара айырмасын 
ажырата алмаған болу керек! Біз аударып отырған нұсқада екі 
жүзге тарта рубаят бар. Олардың бәрін С.Н.Иванов төрт таған 
етіп аударған. 
959.
Білімді кісі сөзі таусылмайды
,
Ағысты бұлақ суы 
таусылмайды.
Бұл екі жол бәйіттің өзара ұйқасы бір сөздің 
қайталап келуі арқылы берілген. С.Н.Иванов аудармасында да 
солай [973-бәйіт]. А.Егеубаевтың аудармасында: «Білімнің нұрлы 
сөзі сарқылмас, Бастауы кең бұлақ көзі тартылмас» деп берілген 
[973-бәйіт]. Мұндағы
 «нұрлы, бастауы кең, көзі 
деген сөздердің 
басы артық, олар қостармақтың құрамында жоқ. Бұл бәйіт мәтел 
сияқты, сондықтан оған басы артық сөздерді әкеліп тықпалаудың 
да қажеті жоқ сияқты. 
966.
Бір әйел шығады ғой бір-ақ ерге, Егіз ұл табады ғой 
мұрагерге.
Дастанды өзбек тіліне аударған Қ.Каримов осы бәйітке 
«сұрақтан [гөрі оның] жауабы көбірек» болады ғой деген ескерту 
жасайды. 
1022.
Беріпті атақ, сыйлық 

небірін де, Тағатын әшекейлі 
темірін де.
Бұл жерде патшаның Айтолдыға берген уәзірлік 
дәрежесі (қызмет орны),
тамға
(мөр), құрметті атақ 
(айағ),
ту 
(туғ), дабыл,
(қыйағ)
сияқты сый-құрметтері туралы сөз болып 
отыр. Қ.Каримов
айағ
сөзін «идиш» (ыдыс, аяқ- табақ) деп 
аударған (шынында, ол «құрметті атақ» деген мағына береді).
 
Қыйағ
бұл аудармашы «таяғ» деп оқу керек шығар деп ескертеді 


548
де, бірақ оны «жиға» деп аударады. Өзбек тіліндегі
 жиға
сөзі – 
этнографиялық термин: ер адамдардың түрлі-түсті асыл тастар 
тізіп, үкі таққан бас киіміне безеп тіккен жарты ай сияқты темір 
әшекей (соның аты). С.Н.Иванов бұл бәйіт туралы арнаулы 
түсінік беріп, уәзірге тән сыйлықтардың қатарына сауытты да 
(қольчуга) қосады [1036-бәйіт], бірақ ол «Наманган» нұсқасында 
кездеспейді. Орысша аудармасында
 қыйағ
сөзі аталмай қалған, ол 
сөз «ДТС» деген еңбекте де көрсетілмеген. А.Егеубаев былай деп 
аударған: «Уәзір атақ берді,
 байрақты, Таңба
беріп, көңілін бір 
жайлапты» [1036-бәйіт]. Тиісті түсінік берілмеген. Түпнұсқада
 
байрақ
емес,
 туғ
(яғни ту), 
таңба
емес,
 тамға
– бұл сөздер қазақ 
тілінде де бар.
1038. 
Жеміріліп, сөніп тынды толған ай –
Айтолдының қайтыс 
болғаны туралы айтылып отыр. Бұдан әрі оның қалай ауырғаны 
туралы әңгіме болады. «Құтадғу біліктің» орысша және қазақша 
аудармаларында ондай ұғым жоқ. Орысша: «И вот уж луна – 
перед убылью света» [1052- бәйіт] және қазақша: «Тола-тола 
жіңішкеріп Ай қалды» [1052-бәйіт]. Демек, бұл – «Айтолды әлі 
қайтыс болған жоқ» деген сөз.
1039. 
Төрт болмысым ішімдегі қармасты, Бірі жеңіп, үшеуін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет