562
өткен Шаддат деген патша болды. Ол «ақыры мен Құдаймын!» –
деп, 400 жыл ішінде есепсіз алтын, күміс, гауһар шығын қылып,
бір жаннат жасатты. Оған «бағы Эрам» – деп ат қойды» (Рабғузи.
«Қиссас-ул-анбия», «Мұхаммед Әлейһиссаламның Хадишаға
үйленуі» деген тарауда).
4607. Кәне жаулап дүниені қысқан ит... бұл жерде автор ежелгі
миф бойынша Намруд туралы айтып отыр. Ол аңқұмар аңшы
болған. Ол бүркітке (қарақұсқа) мініп көкке ұшып кеткен, бірақ
оны аралар талап өлтірген (С.Н.Иванов).
4608.
Кәне «Құдай–мен!» – деп айтқан күбіне
? ...Әңгіме бұл
жерде Перғауын (Фараон) туралы болып отыр. Оның «Мен
Құдаймын» деген сөзі Құранда аталатын көрінеді (28,38). Құдай
оны теңіз түбіне лақтырып жіберіпті (Құран, 28, 40, 40, 40)
(С.Н.Иванов).
4609.
Кәне жиып бар байлықты жұтынған...?
Шығыс
елдерінің аңыздарында айтылатын Қарун деген бай туралы
айтылып отыр (Құранда аталып өтеді екен, 29, 38) (С.Н.Иванов).
4610.
Кәне «Шығыс, Батыс, бер, – деп жол маған»,
Елді жаулап,
дүниені жалмаған? Бұл жерде белгілі Александр Македонский
(б.д.д. 356 - 323ж.) туралы сөз болып отыр. Сөз арасында
айта кетейік, дастанның түпнұсқасында А.Македонскийдің
«ел тұтұғлы бу дуниа йегі» деген теңеуі бар. Оны тәржімашы
Қ.Каюмов өзбек тіліне «элларни олған бу дүне яхшиси» деп
аударған. Соңғы сөз өзбек тілінде (орысша: хороший, добрый,
славный») «жақсы» деген позитив мағына береді. Көне түркі
тілдеріндегі йег сөзі де (орысша: «хороший») осындай мағынада
жұмсалады («ДТС, 252 б.). бірақ бұл жерде йег емес, йек (тәуелдік
тұлғада иегі) (орысша: «демон» – «әзәзіл, пері, сайтан, жын,
ауыспалы мағынасы – «жауыз, залым») сөзі қолданылып отыр. (
ДТС», 253 б.) Қазіргі біздің тіліміздегі «жер астынан жек шықты,
екі құлағы тік шықты» немесе «жегідей жеді, жек көру» деген сөз
тіркестерінде осы көне сөз кездеседі. Оны кейбір авторлар «жер
астынан жік шықты...» деп қате жазып жүр.
4611.
Достарыңызбен бөлісу: