565
қате кетіпті. Ол «Ақыры, анық Құдай сенен сұрары, Хақ сұрағы
– күнәһәрдің тұзағы» деп келтіріпті (5273-бәйіт). Түпнұсқада бұл
«Байат айтығы – ол йазуқлуғ» деп берілген.
Мұндағы
йазуқлуғ
деген сөздің орысша «грешний» деген мағына беретіні рас,
бірақ бұл жерде ол тіпті басқаша мағына беретін омоним ретінде
қолданылып тұр. Сөз түбірі
йаз
орысша «развязывать, распускать
(мысалы, өрулі шашты тарқатып жіберу)»
деген мағына береді
(«ДТС», 252-б.). Бұл өзі семантиқалық ауқымы кең лексема.
Қазіргі қазақ тіліндегі жазу (бүктеулі көрпені (жазып салу) және
жаю (жайу) деген сөз тұлғалары осы көне
йаз
түбірінен тараған
(түркі тілдеріндегі з/й заңдылығы бойынша). «Құтадғу білік»
авторының
ағы
деп отырған сөзі қазақша
–
ау
болып қалыптасқан
(түбірі – ағ, ғ-ның түсіп қалатын заңдылығы бойынша). Оның
йазуқлуғ
деп жазып отырған сөзі «жазылған», яғни «құрылып
қойылған – ау» деген ұғымды беру үшін жұмсалып отыр. Біз
бәйітті дәл осылай аудардық. Бұл жерде А.Егеубаев айтқандай
күнәһәр (адам) туралы ешқандай ұғым жоқ,
мәселе Құдайдың
құрып қойған ауы туралы болып отыр.
5198.
...Қылған ісің ылғи хатқа түседі.
Осы жолдан кейін
келетін бір кісінің айтқан рубаяты (төрт таған өлең) «Құтадғу
біліктің» Наманган нұсқасында түсіп қалған. Біз оны С.Н.Иванов
баспасынан алып, аударып беріп отырмыз [5309-5310]. Бұл
жердегі төрт жол өлең рубаят ретінде өзара ұйқасып келеді.
А.Егеубаев аудармасында олар (төрт таған) өзара ұйқасып
келетін бәйіт есебінде беріліпті [5309–5310].
Бұл аударманың
техникалық жағына байланысты жіберілген әбестік болар деп
ойлаймыз, бірақ бұл аударманың мазмұны жағынан да жіберілген
ғылыми-теориялық қате. Оқып көрелік: «Жақсы айтыпты
ғалым,
әділ ақ адам, Күллі ісіңді хатқа жазып қараған» [5308].
Өмір шындығының тұрғысына алып қарағанда, адамның (бұл
жерде патшаның) «күллі ісін хатқа жазып» және оны «қарап
отырған кісі» осы сөзді айтып отырған автор (яғни «ғалым, әділ
ақ адам») бола алмайды, оның болуы да мүмкін емес.
Осыған
байланысты С.Н.Иванов та көрегендік таныта алмапты. Ол
былай дейді: «Прекрасное сказал мудрый муж разумения, Тебе
предписал он благие свершения» [5308]. Бұл аударма да дәл
емес. Қ.Каримовтың аудармасы
әлдеқайда шындыққа жанаса
566
түсетін көрінеді, ол былай дейді: «Бұ қылған істеріңді дәйім
(тәңірі) жазып отырады» – деп, мәселенің болмысын (бұ бәйіттің
мазмұнын) айқынырақ ашып береді.
Дәлірек айтсақ, «Алла
тағаланың тікелей көмекшілері» болып қызмет атқаратын, қазақ
арасында әрдайым айтыла беретін «екі иықтағы екі періште»
кісінің қылған ісін ылғи да хатқа түсіріп, жазып отыратын болса
керек (Б.Сағындықұлы. Ғаламның ғажайып сырлары. 1997, 46-6.).
Әңгіме осында болып отыр. Періштелер істейтін істі ешқандай
адам баласы істей алмайтыны белгілі ғой!
5199.
Достарыңызбен бөлісу: