564
4781.
Рум қызы бетін жауып тұр енді...
Дәлірек айтқанда, бұ
жол «Руми қызы кекілімен бетін жапты» болып аударылуға тиісті.
Осыдан барып, Бүкіл әлем қап-қара шаш реңді болып көрінеді.
Рум деп Шығыс авторлары Византияны, қала берді Еуропаны,
яғни бүкіл Батыс елдерін меңзейтін көрінеді (С.Н.Иванов). Поэзия
тілінде Рум қызы, демек, христиандардың қыздары кісіні еріксіз
қызықтырып әкететін сұлулықтың нышаны ретінде айтылатын
көрінеді.
4782.
Көкте қою қараңғылық тұныпты...
Бұл жерде «аспан
түгел қара түске боялды» деген ұғым түпнұсқада «аспан түгел
заңи түске оранды» деп берілген. Оны С.Н.Ивановтың «Черны,
как раб, смеркли горные дали...» деп отырған себебі мынада болса
керек: парсы тілінде заңги сөзі «негр, қара түсті» деген мағына
береді (г, г дыбыстарының алдында келген
н
дыбысы қазақ тілінде
ң
болып айтылады: зәңгі). Осыған байланысты А.Егеубаев бұл
жолды Аспан зәңгі болып, түнек асылды деп аударады, бірақ бұл
туралы түсінік берілмеген (4885).
4843.
Достарыңызбен бөлісу: