Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет59/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   139
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Өгдүлміш сөзін айтып, жауап берді:
« Мен өзім көргім келді сендей ерді!
Деп келдім «Көрмей неге құр қаламын,
Шешейін сағыныштың шырғалаңын».


275
Сенімен құштар едім кездесерге,
Табылды жөні бүгін көздесерге.
Көрмедім, анеап өтгі мезгіл талай,
Таппадым келер кезді әлдеқалай.
3270. Міне, өзім келетұғын болды уақыт,
Дөп түстім, шүкір етем – толды бақыт!
Әр адам аман жүрсе, бұл бір таным –
Жетеді тілегіне, тыңда, жаным!
Бір кісі аңсап жүрген былай депті,
Өткізіп өз басынан талай кепті:
«Өзара тірі адамдар іздеседі,
Сау болса, іздеп жүріп жүздеседі.
Сұрағын өмір, қойма босқа тілек,
Тілекке өмір қуат, болар тірек».
3275. Бір Құдай тілегімді берді маған,
Қауыштым аман-есен келіп саған.
Тағы бір сөзім бар-ды бұдан бөтен,
Тыңдасаң, соны айтайын, өзі – төтен!» 
Тарау. Одғұрмыштың Өгдүлмішпен әңгіме-сүхбат
қылғанын айтады
Одғұрмыш деді: «Сөзің – құлақ кесті,
Тыңдадым, бұ сөзімді өзің есті.
Сен қылдың Ағайындық, берсін Құдай,
Ізгі ат пен мың-мың түмен ырыс ұдай!


276
Өз жолын таңдап жүрсе аса қатты –
Ол адам көре қоймас машақатты.
3280. Бір кісі айтқан екен сынайтұғын,
Мәнін ұқ көңіліңе ұнайтұғын:
«Әр іске тілек етіп кіріссе адам, –
Со тілек жар болады басса қадам.
Жырақ жер тілей білсең – жақындайды,
Көз көрсе – еріп кетер көңіл содан!» 
Өгдүлміш: «Сөзім – осы есіл, – дейді, –
Сені аяп, бірақ бұ сөз кесілмейді.
Сен безіп елден, жұрттан қалың қауым,
Дос та жоқ, жүрсің жалғыз ауым-сауым.
3285. Көтерген ауыр бейнет не бұл халің,
Жан болдың аш-жалаңаш, соры қалың.
Ағайын қамыңды ойлап тыртыңдайды,
Көңілі сені көрмей бір тынбайды.
Күн көрмес жеке жүрген қалағандай, –
Кім білер кездесерін бәле қандай!
Қу жаным үйде тыныш бұ жата ма,
Сағыныш, қайғы мені шыдата ма!
Тамұққа сені салған Тәңір» емес,
Сен тартқан азап – оның өмірі емес.
3290. Тартасың бұ сорыңды қайта нықтап,
Неліктен? – соның жайын айт анықтап!*


277


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет