275
Сенімен құштар едім кездесерге,
Табылды жөні бүгін көздесерге.
Көрмедім,
анеап өтгі мезгіл талай,
Таппадым келер кезді әлдеқалай.
3270. Міне, өзім келетұғын болды уақыт,
Дөп түстім, шүкір етем – толды бақыт!
Әр адам аман жүрсе, бұл бір таным –
Жетеді тілегіне, тыңда, жаным!
Бір кісі аңсап жүрген
былай депті,
Өткізіп өз басынан талай кепті:
«Өзара тірі адамдар іздеседі,
Сау болса, іздеп жүріп жүздеседі.
Сұрағын өмір, қойма босқа тілек,
Тілекке
өмір қуат, болар тірек».
3275. Бір Құдай тілегімді берді маған,
Қауыштым аман-есен келіп саған.
Тағы бір сөзім бар-ды бұдан бөтен,
Тыңдасаң,
соны айтайын, өзі – төтен!»
Тарау. Одғұрмыштың Өгдүлмішпен әңгіме-сүхбат
қылғанын айтады
Одғұрмыш деді: «Сөзің – құлақ кесті,
Тыңдадым, бұ сөзімді өзің есті.
Сен қылдың Ағайындық,
берсін Құдай,
Ізгі ат пен мың-мың түмен ырыс ұдай!
276
Өз жолын таңдап жүрсе аса қатты –
Ол адам көре қоймас машақатты.
3280. Бір кісі айтқан екен сынайтұғын,
Мәнін ұқ көңіліңе ұнайтұғын:
«Әр іске тілек етіп кіріссе адам, –
Со тілек жар болады басса қадам.
Жырақ жер тілей білсең –
жақындайды,
Көз көрсе – еріп кетер көңіл содан!»
Өгдүлміш: «Сөзім – осы есіл, – дейді, –
Сені аяп, бірақ бұ сөз кесілмейді.
Сен безіп елден,
жұрттан қалың қауым,
Дос та жоқ, жүрсің жалғыз ауым-сауым.
3285. Көтерген ауыр бейнет не бұл халің,
Жан болдың аш-жалаңаш, соры қалың.
Ағайын
қамыңды ойлап тыртыңдайды,
Көңілі сені көрмей бір тынбайды.
Күн көрмес жеке жүрген қалағандай, –
Кім білер кездесерін бәле қандай!
Қу жаным үйде тыныш бұ жата ма,
Сағыныш, қайғы мені шыдата ма!
Тамұққа сені салған Тәңір» емес,
Сен тартқан азап – оның өмірі емес.
3290. Тартасың
бұ сорыңды қайта нықтап,
Неліктен? – соның жайын айт анықтап!*