Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
203
біліктілік шегінің деңгейіне сәйкес келетін оқытудың нақты
және өлшенетін нәтижелері;
• бағалау және оқыту әдістерінің оқыту нәтижелерімен сәй-
кес келуі;
• жоспарланған оқу қызметіне және оның мазмұнына сәйкес
келетін
технологиялар;
• мазмұны бойынша логикалық және жүйелі түрде ұсы-
нылған оңтайлы навигация;
• білім беру бағдарламасына сәйкес
келетін және осы сала
бойынша ағымдағы зерттеулерге негізделген курс матери-
алдары;
• нақты нұсқаулықтары бар оқу материалдары;
• инклюзивті
білім беруді есепке ала отырып, мүмкіндігі
шектеулі студенттер үшін қолжетімді үлгіде ұсынылатын
білім мазмұны;
• академиялық адалдық қағидаттарына
сәйкес қолданыла-
тын курс материалдары.
4. Бағалау.
Бағалау академиялық үлгерімнің маңызды көрсет-
кіші болып табылады және курс өткізудің тиімділігін жанама түрде
анықтайды. Бағалау тапсырмаларынан мыналар күтілед:
• оқыту нәтижелерін синхронды немесе асинхронды формат-
та өлшейді;
• бағалауда қолданылатын әртүрлі инновациялық және
тиімді дағдыларды (сыни тұрғыдан ойлау, мәселерді шешу
және т. б.)
қарастырады;
• білім алушылар үшін тұжырымдалған нақты және ақпарат-
тық бағалау айдарларына негізделген;
• өзін-өзі бағалау және өзара бағалау мүмкіндіктерін ұсынады;
•
жиынтық бағалау, сондай-ақ қалыптастырушы бағалау түр-
лерін де қамтиды;
• студенттердің оқу үлгерімін
жақсартуына жәрдем береді
және курстың басынан аяғына дейін олардың оқу үлгерімін-
дегі ілгерілеуді атап көрсетіп отырады.
Бағалау үлгілеріне жасалатын кеңейтілген таңдауды онлайн ре-
жимінде пайдалануға болады, мысалы эссе, онлайн-пікірталастар,
онлайн-тесттер және топтық жобалар. Академиялық адалдыққа қа-
тысты орын алуы мүмкін кез келген қиындықтың алдын алу үшін
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
204
оқытушылар кейбір жазбаша жобаларды синхронды емтихандар-
мен немесе жедел жауап беруді
қажет ететін тапсырмалардың
басқа түрлерімен толықтыра алады. Плагиатқа жол бермеу үшін
оқытушылар студенттерді университеттің академиялық адалдыққа
қатысты саясаты туралы құлағдар етіп, оларды Turnitin
144
платфор-
масы арқылы өз тапсырмаларын тексеруге қызықтыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: