Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет113/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Дербес деңгей:
сапаға жеке ұмтылу
Ұжымдық деңгей:
жеке қарым-қатынастар 
мәдениетті қалыптастырады
Ынталандыру 
Төменнен 
жоғары қарай
Жоғарыдан 
төменге қарай
Сапаны өлшеуге, бағалауға
қамтамасыз етуге және 
арттыруға арналған құралдар 
мен тетіктер
Сапаны басқару:
технократтық элемент
Коммуникация, 
қатысу, сенім


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
200
ды сапаны жақсарту ісіне араласуға тарту үшін қолайлы 
жағдай жасауға жауапты болады. Мейірімділікке толы, ша-
быттандыратын және үлестірілген көшбасшылық жалпы 
қызығушылықтың туындауына ықпал етеді
3. Құрылымдар. 
Университеттер мәнмәтінге байланысты СҚА 
үрдістерін басқаруды орталықсыздандыру дәрежесі туралы 
шешім қабылдауы қажет. СҚА-дың орталықтандырылған 
үрдістері университет шеңберінде неғұрлым келісілген 
тәсілді қамтамасыз етсе, орталықсыздандыру СҚА үрдістері-
не қоғамдастықтың әлдеқайда көбірек араласуына әкеледі. 
Ақылға қонымды тепе-теңдікті қамтамасыз ету өте маңызды.
4. Байланыс және өзара әрекеттесу. 
Студенттерді қоса 
алғанда, сыртқы және ішкі стейкхолдерлерді СҚА бойын-
ша шығарылған шешімдерді талқылап, қабылдауға қаты-
стыру сапа мәдениетіне қолдау көрсетуге көмектеседі. Өза-
ра сенімге, құрметке, тәжірибе алмасуға және айтылатын 
сынға дайын болуға негізделген ынтымақтастық сапа мәде-
ниетінің ортақ құндылықтары болып табылады.
5. Бақылау (мониторинг).
Тұрақты бақылау жүргізу тек қа-
дағалап отыратын немесе бюрократиялық механизм емес, 
сапаны арттырудың тұрақты тәжірибесі болуы керек. Мо-
ниторинг шешім қабылдауға жәрдемдесетін, ақпараттан-
дыратын, қызықтыратын және белсенді болуы қажет. Ол 
бағалау стандарттарына қарапайым түрде сәйкестік болу 
керек деген шектен тыс болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет