Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
202
Онлайн және аралас білім беру мен оқыту сапасы
Онлайн оқытудың сапасын қамтамасыз ету үшін әртүрлі тәсіл-
дерді қолдануға болатынына қарамастан, кейбір жалпылама сәй-
кестендіргіштер оны тиімді жүзеге асыруға көмектесе алады. Уни-
верситеттер төменде аталған салаларда нақты сапа көрсеткіштерін
әзірлеуі қажет:
1. Стратегиялық басқару.
Университет басшылығы тара-
пынан онлайн-оқытуды институционалдық тұрғыдан ұстану және
қолдау көрсету оқу стратегиясында көрініс табуы, университет-
тің миссиясымен үйлесімді болуы және іс-шара жоспарларына
енгізілуі тиіс. Онлайн оқытуды басқару және үлестірілген міндет-
термен бірге қолдау көрсету бойынша жасалған құрылымдар оны
тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.
2. Виртуалды оқыту ортасы.
Онлайн білім беру үшін вирту-
алды оқу ортасы қажет және ол блогтар, әлеуметтік желілер, бей-
неконференция платформалары, курстарды басқару жүйелерін
(мысалы Moodle, Canvas, BlackBoard) және электрондық портфо-
лио бағдарламаларын (мысалы Mahara, Digication)
142
қоса алғанда,
коммуникацияның әртүрлі формаларының көмегімен жүргізіледі.
Таңдап алынған платформа оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге
жағдай жасауы, пайдаланушыға ыңғайлы болуы әрі жеке және бір-
лескен жобалар жасауға мүмкіндік беруі қажет.
Оқытушылар курстың мазмұнын YouTube, iTunes University,
OpenLearn, TED Talks, подкасттар және басқа да мультимедиялық
ресурстардың көмегімен толықтыра алады
143
.
Достарыңызбен бөлісу: