Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
25
үздіксіз оқытуға баса көңіл аударып, оларға қажетті дағдылар-
ды игеруге мүмкіндік беруі керек. Бұл үрдіс өнімділікті артты-
ру үшін адамдар мен мәшинелер арасындағы үйлесімділікке қол
жеткізуге себепші болады. Сондай-ақ компаниялар мен бизнес
иелері студенттерге кәсіптік оқыту, сондай-ақ кәсіби және басқа
да оқыту түрлері үшін техникалық оқу стипендиясын тағайындай
отырып, оқу мәдениетін қалыптастырып нығайтуы қажет. Келе-
шекте диплом университет ұсынатын жалғыз біліктілік дәреже-
сі (белгісі) болып қалмайды. Әлем өзгеруін жалғастырған сайын
адамдар қызметте жоғарылау барысында өз шеберліктерін то-
лықтырып отыруы тиіс. Оқыту ешқашан тоқтамайды. Универ-
ситеттер дәрежелер мен неғұрлым қысқа курстарды үйлестіруге
қарай қадам жасауы қажет. Олар сонымен қатар түрлі саладағы
серіктестерімен саланың өзгеруіне қарай, соған лайықты бола-
тын және жұмыс күшінің өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез
жауап бере алатын біліктілік құру үшін жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: