Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
229
7.8 Қызметкерлер мен студенттерге қолдау білдіру
және дамыту
Білім беру бағдарламасын басқару үрдістерін тиімді енгізудің
негізгі аспектілерінің бірі – бағдарламалар мен курстарды әзірлеуші
топтарды, оқытушылар мен академиялық басқару органдарындағы
студенттер өкілдерін, курс басшыларын, бағдарлама директорла-
рын және академиялық мәселелер бойынша әкімшілік-басқару қы-
зметкерлерін қоса алғанда,
барлық қызығушылық танытқан та-
раптар арасында Университеттің түзетулерді әзірлеуге, бекітуге,
бағалауға және енгізуге деген көзқарасын жалпылама түсіндіру бо-
лып табылады.
Тұрақты кеңес беру арқылы қолдау және дамыту салалары
төмендегідей мәселелерді қамтуы мүмкін:
• білім беру бағдарламасын әзірлеудің негізінде жатқан тео-
риялық тұжырымдамалар
жөніндегі білімін арттыру;
• бағдарламалар мен курстарға тиімді бақылау жүргізіп,
бағалау үшін деректерге талдау жасау дағдыларын дамыту;
• оқытуды сараптамалық бағалау кезіндегі әдептілік және
адалдық;
•
қолжетімді, инклюзивті және инновациялық білім беру
үшін академиялық қызметкердің цифрлық мүмкіндіктерін
дамыту;
сондай-ақ
• үрдістегі қызығушылық тудырған жекелеген тараптардың
рөлі мен жауапкершілігін түсіндіру.
Кеңес беру арқылы қолдау және дамыту ресми құралдармен
де (студенттер мен оқытушыларға арналған таныстыру сабақтары,
семинарлар мен бағдарламалар),
сондай-ақ бейресми құралдар-
мен де (ақпараттық бюллетеньдер; бағдарламаларды бекіту бой-
ынша өткізілетін сессияларда қадағалау) ұсынылуы мүмкін.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
230
Достарыңызбен бөлісу: