Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Бағдарламаларды/курстарды әзірлеу мәселелері бойынша



Pdf көрінісі
бет132/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Бағдарламаларды/курстарды әзірлеу мәселелері бойынша 
академиялық қоғамдастықты қолдауға және дамытуға НУ 
тәсілдемесі
НУ-дың студенттері мен оқытушыларының алуан түрлі халықаралық 
қоғамдастықтары басқару саласындағы озық тәжірибелерімен алмасу және 
білім беру қызметтерін үнемі жақсартып отыру үшін тамаша платформа ұсы-
на алады. Сонымен қатар Университет студенттерге, әкімшілік қызметкер-
леріне, жұмысқа енді ғана орналасқан оқытушыларға, академиялық тәжіри-
беден өтушілерге, бағдарлама директорларына және мектеп басшыларына 
бағдарланған академиялық сапаны қамтамасыз ету және арттыру саласында 
жүйелі институционалдық қолдауды және дамытуды қамтамасыз етеді.
Жоғары сапалы қолдау көрсетуге ұмтыла отырып, Университет 
AdvanceHE-мен (Ұлыбританияның жоғары білім академиясымен) маңызды 
әріптестік қарым-қатынастарды жолға қойды және Университетке оқытушы-
ларды кәсіби дамытудың халықаралық озық тәжірибелерін енгізді.
Институционалды зерттеулер мен аналитика топтарының көтерген ба-
стамасымен әзірленген «НУ аналитикалық таланттарының желісі» бағдарла-
масы академиялық және әкімшілік қызметкерлердің жинақтау, талдау және 
байланыс жасау аспектілері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған. 
Бұл білім беру бағдарламаларына бақылау жүргізу және бағалау үрдістеріне 
берік тірек болып табылады.
Университет сонымен қатар өзінің білім беру инновацияларының Хабы 
арқылы цифрлық кеңейтуді қолданып, оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша 
кеңестер беру мен оқыту қызметін ұсынады.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
231
1. Өзіңіздің оқу орныңыздағы білім беру бағдарламасын басқару 
үрдісіне талдау жасаңыз. Олар осы тарауда айтылған негізгі 
қағидаларға қаншалықты сәйкес келеді? Олардың тиімділігін 
арттыру үшін қандай аспектілер жақсартуды қажет етеді?
2. Сіздің білім беру бағдарламасын басқару үрдісіңіз жұмыс бе-
рушіні, салаларды және студенттерді тартудың бірлескен 
тәсілін қаншалықты деңгейде ынталандырады? Олардың осы 
үрдістерге қосқан үлесін қалай бағалайсыз? Сіз олардың үрді-
стерге қатысуына қандай да бір болуы мүмкін кедергілерді қа-
растырдыңыз ба? Сіз студенттік қоғамдастықтың алуан түрлілі-
гін ескердіңіз бе?
3. Сіздің университетіңіздің бағдарламалар қоржынын әзірлеу және 
дамыту үшін қолданылатын негізгі сыртқы бағдары қандай?
4. Сіздің университетіңізде оқытылатын курстарды тұрақты түрде 
қайта қарау және түзету үшін қандай дереккөздері қолданылады?
5. Университетте бағдарламалар қоржынын басқарудың озық 
тәжірибесі қалай дамытылып, таратылады?
6. Бағдарламаларды қайта қараудың нәтижелері туралы ішкі 
және сыртқы қызығушылық тудырған тараптарға қалай ха-
барлайсыз?
7. Сіздің бағдарламаларыңыз бен курстарыңызды, студенттердің 
оқу тәжірибесі мен оқу ресурстарын неғұрлым қолжетімді және 
инклюзивті ету үшін технологиялар қалай қолданылады? 
8. Сіздің университетіңіздің білім беру бағдарламасын басқару ба-
рысында қатысушылардың қажеттіліктері қалай қанағаттанды-
рылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет