Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Қолданыстағы бағдарламалар мен курстарға



Pdf көрінісі
бет131/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Қолданыстағы бағдарламалар мен курстарға 
өзгерістер енгізу
Жоғары оқу орындары жыл сайынғы және мерзімдік бақылау 
жүргізу пен бағалау нәтижесінде туындаған мәселелерді есепке 
алу үшін өздерінің бағдарламалар қоржынының сапасын тұрақты 
түрде арттырып отыру кезінде нақты және жүйелі үрдістерді 
қолданады деп күтілуде. Тиімді үрдістерді қолдану және бюрокра-
тизмді болдырмау мақсатында қолданыстағы бағдарламалар мен 
курстарға енгізілетін өзгерістерді төмендегідей өзгеріс түрлеріне 
жіктеуге болады: бағдарламаға (1) айтарлықтай әсер ететін өзгері-
стер және (2) елеусіз ғана әсер ететін өзгерістер (22-кесте):
22-кесте. 
Қолданыстағы бағдарламалар мен курстарға енгізілетін өзгертудің ұсынылған жіктелімі
Бірінші санаттағы өзгерістер әдетте университет деңгейінде 
ресми бекіту үрдістерін талап етеді және студенттердің қазіргі топ-
тарына қолданылмайды, ал екінші санаттағы өзгерістер мектеп/
факультет деңгейінде бекітуді қажет етеді.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
229
7.8 Қызметкерлер мен студенттерге қолдау білдіру 
және дамыту
Білім беру бағдарламасын басқару үрдістерін тиімді енгізудің 
негізгі аспектілерінің бірі – бағдарламалар мен курстарды әзірлеуші 
топтарды, оқытушылар мен академиялық басқару органдарындағы 
студенттер өкілдерін, курс басшыларын, бағдарлама директорла-
рын және академиялық мәселелер бойынша әкімшілік-басқару қы-
зметкерлерін қоса алғанда, барлық қызығушылық танытқан та-
раптар арасында Университеттің түзетулерді әзірлеуге, бекітуге, 
бағалауға және енгізуге деген көзқарасын жалпылама түсіндіру бо-
лып табылады.
Тұрақты кеңес беру арқылы қолдау және дамыту салалары 
төмендегідей мәселелерді қамтуы мүмкін:
• білім беру бағдарламасын әзірлеудің негізінде жатқан тео-
риялық тұжырымдамалар жөніндегі білімін арттыру;
• бағдарламалар мен курстарға тиімді бақылау жүргізіп, 
бағалау үшін деректерге талдау жасау дағдыларын дамыту;
• оқытуды сараптамалық бағалау кезіндегі әдептілік және 
адалдық;
• қолжетімді, инклюзивті және инновациялық білім беру 
үшін академиялық қызметкердің цифрлық мүмкіндіктерін 
дамыту; сондай-ақ
• үрдістегі қызығушылық тудырған жекелеген тараптардың 
рөлі мен жауапкершілігін түсіндіру.
Кеңес беру арқылы қолдау және дамыту ресми құралдармен 
де (студенттер мен оқытушыларға арналған таныстыру сабақтары, 
семинарлар мен бағдарламалар), сондай-ақ бейресми құралдар-
мен де (ақпараттық бюллетеньдер; бағдарламаларды бекіту бой-
ынша өткізілетін сессияларда қадағалау) ұсынылуы мүмкін.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
230


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет