Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет27/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

1-кесте
Ересектердің белгілі бір құндылықтарды қабылдауы бойынша 
мемлекеттер арасындағы айырмашылықтар
(Дереккөзі: Кестені World Values Survey Wave 6: 2010-2014 жобасының мәліметтеріне сүйеніп, 
авторлар жасаған: 2010-2014 жылдар. http://www.worldvaluessurvey.org/WVSOnline.jsp)


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
51
Құндылықтардың қашан да белгілі бір кезеңге тиесілі бола-
тындығын айта кетуіміз керек. Дегенмен жаңа тарихи кезеңде 
жаңа мағынаға ие болуға, келесі кезеңнің құндылықтарымен бай-
ланысқа түсуге қабілетті келеді. 4.0 Индустриясының басталуына 
байланысты адамзат қоғамы өзінің құндылықтар жүйесіне жаңа 
құндылықтарды қабылдай отырып, біртіндеп дәстүрлі қоғам болу-
дан қалады. Жаңа технологиялардың, ақпараттық дүмпудің, БАҚ 
қысымының қарыштап өркендеуі дәуірінде қоғам тұтастай алған-
да әлеуметтік тұрғыда бағытынан адасуы мүмкін. Мұндай жағдай-
да жоғары оқу орындары жаңа ұрпаққа құндылықтарды сіңіру ба-
стамасын өз қолына алуы тиіс.
Университет беретін білімді құрастыру мен беру функцияла-
рынан басқа қоғамда әртүрлі рөлді ойнай алатын моральдық тұрғы-
дан дені сау адамдарды шығарады. Жалпыға бірдей қабылданған 
мінез-құлық нормаларын, өзіне деген сенімділік пен жоғары құн-
дылықтарды қабылдау түлектердің қоғамда маңызды орынға ие 
болуына көмектеседі. Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адам-
заттың хас жауы», – деп жазды
37
. Яғни жақсы мінез қалыптастыру 
мансапқа жетуден кем емес екенін студенттер түсінуі керек. Бұл 
адамның өзін-өзі тануын жақсартады.
Зерттеу нәтижелерін, үздік әлемдік білім беру тәжірибелері мен 
технологияларын қолдану негізінде дүниежүзіндегі VUCA жоғары 
оқу орындары өзгерістерді әкелуші ретінде құнды да бағыты айқын 
қадамдарды жүзеге асыруы тиіс. Оны атқаратын қызметті ұйымда-
стыру немесе орындау, белгілі бір құндылықтар тұрғысынан нәти-
жесін алу және пайдалану тәсілі ретінде қарастыру қажет.
Оқыту мақсаттарының жүйесін құрудағы бағдарлар білім 
беру құндылықтары болып табылады. Олар білім беру мазмұнын 
анықтауға негіз болады, сондай-ақ білім алушының жеке тұлғасын 
қалыптастыруда жетекші фактор болып есептеледі.
Конструктивтік көзқарасты жетекші деп тануға байланысты 
құндылықтар дайын түрде берілмеуі керек. Олар студенттерге қа-
37
Кайдарова А.С., Балаева А.Г. (2018). Семейные ценности современной молодежи Казахстана (по 
итогам социологического исследования). Материалы республиканской научно-практической конфе-
ренции по актуальным вопросам молодежи с участием зарубежных экспертов «Профессии будуще-
го: к чему готовиться поколениям Y, Z?» http://reja.tdpu.uz/shaxsiyreja/views/article/files/104/1.%20
%D0%96%D1%83%D0%BC%D0%B0%D0%B5%D0%B2%20%D0%9C..pdf#page=67


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
52
жетті адамгершілік нормаларын, мінез-құлық пен жеке бастың қа-
сиеттерін саналы түрде қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс. 
Құндылыққа бағдарланған тәсіл білім беру құндылықтары 
мен білім беруден күтілетін нәтижелері жүйесінің өзара байланы-
стылығы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбие мен білім 
берудің біртұтастығы қағидасын іске асыруды қамтамасыз етуге 
мүмкіндік береді. Ол күнделікті білім беру үдерісінің мазмұндық 
негізін айқындайды.
Қазіргі қолданыстағы құндылық жүйелеріндегі бағыттан ада-
стыруға қатысты алаңдаушылықтың артуы оларды түзету қажет-
тігін айқын көрсетеді. Ол үшін білім беруді әлеуметтік, этикалық 
және моральдық құндылықтарды арттыруда қуатты құралға айнал-
дыру керек.
Жоғары білім берудегі негізгі құндылықтар ретінде мыналар 
алынды:
1) Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) ашықтық
38

Ұлттық білім беру стандартындағы құндылықтардың көрінісі 
университеттердің зор жауапкершілігін көрсетеді. Білім беру ме-
кемелері өмір құндылықтары нақты және шынайы бола алатын ең 
қолайлы орын болуы тиіс.
Құндылықтар университеттердің қызметіндегі мынадай эле-
менттерде көрініс табуы керек: 
• университет миссияcында, мақсаттарында, міндеттері мен 
болашағын көздеуінде;
• құндылық бағытын дамытуға ықпал ететін оқытудан тыс 
іс-шаралар түріндегі қызметтің стратегиялық және жедел 
жоспарларында (мысалы еріктілік, әлеуметтік кәсіпкерлік, 
краудфандинг және т. б.);
• университеттің ұйымдық құрылымының құрылысында 
студенттердің құндылықтар жүйесіне ықпал ететін (әле-
уметтендіру, денсаулық сақтау, даралық, сәйкестендіру
инклюзивтілік, оқыту және т.б.) және жаңаларын қалып-
38
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
53
тастыратын (мультимәдениеттілік, әртүрлілікке төзімділік 
және т. б.) қызметтер түрінде;
• алда күтілетін нәтижелер түрінде құндылықтарды білім 
алумен біріктіретін білім беру бағдарламасында;
• пәндер бойынша күнделікті білім беру тәжірибесінде (оқу 
мақсаттары, студенттердің жұмысын ұйымдастыру тәсіл-
дері);
• бағалауда (білімді ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның 
маңызды қасиеттері мен өзін-өзі ұстау тәсілдерін бағалау);
• нақты әлеуметтік жағдайлармен (инклюзия, кедейлік, қол 
жетімділік, сауатсыздық, біртіндеп төмендеу және т.б.) та-
нысудың нақты тәжірибесін беретін қосымша білім беру 
бағдарламаларында
Студенттер құндылықтар жүйесін жеке бас, мінез-құлық, 
этикалық және әлеуметтік нормалар тұрғысынан анықтау 
үдерісіне қатыса алады. Осы кезеңде анықталған құндылықтар 
күрделі санатты құндылықтарға жатады. Оларды жоғарыда си-
патталған элементтерде көрсету үшін құндылықтарды нақты, 
шынайы, қолжетімді және бағалауға болатындай етіп жоспарлы 
түрде көрсету керек.
Құндылыққа бағдарланған тәсіл білім беру бағдарламасын 
әзірлеуде толассыз тәсіл болып табылады және оның бірнеше ай-
дарында көрініс табады. Ол оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтама-
сыз етеді. Білім беру бағдарламасының құндылықтары «Студент/
түлек атрибуттары», «Академиялық адалдық», «Оқыту әдістері» ай-
дарында тұжырымдалады.
Университеттің құндылықтарды тәрбиелеудегі рөлі мен әре-
кеттері белгілі болған кезде маңызды әрі қажетті құндылық бағдар-
ларын сәйкестендіру басты қадам болып табылады.
4.0 Миссиялы университеті болашақ туралы білімді қалыпта-
стырады, демек болашақ ұрпақтың құндылық бағдарларын зерттеу 
студенттің/түлектің ерекшеліктерін әзірлеу үшін өте маңызды.
Құндылықтар жүйесі ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріп отырады. Ұр-
пақ – бір кезеңде туған және ұқсас жағдайда өмір сүрген адамдар 
тобы. Бұл топтағы адамдардың сипаты, артықшылықтары мен 
құндылықтары бірдей болады (2-кесте).


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет