Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
66
5) креативтілік, стандартты емес шешімдер таба білу;
6) ынтымақтастық, ынтымақтастық арқылы стандартты емес
міндеттерді шешу қабілеті;
7) жеке оқу стратегиясын таңдау қабілетін қамтитын оқу қа-
білеті.
Бүгінгі таңда бірнеше қазақстандық жоғары оқу орны өз сту-
денттерінен күтетін жалпылама құзыреттердің таңдаулы жиын-
тығын жариялап, анықтағанын айта кету керек. Сонымен қатар
Назарбаев Университеті барлық мектептер мен университеттердің
білім беру бағдарламалары үшін негізгі дағды ретінде мынадай 10
құзыретті айқындады:
1) коммуникация;
2) әлеуметтік дағдылар;
3) шығармашылық, инновация және кәсіпкерлік;
4) этика және адалдық;
5) аналитикалық және сыни ойлау;
6) көшбасшылық және топтық жұмыс;
7) икемділік, бейімделгіштік;
8) зерттеу дағдылары;
9) цифрлық дағдылар;
10) өмір бойы оқу.
Қазақстанның әлемнің 30 жетекші экономикасы клубына («Қа-
зақстан – 2050» стратегиясы) кіруге ұмтылысын ескере отырып,
бұл бөлімде біз Қазақстанның болашақ жұмыс күшінен жоғары
ықтималдықпен талап етілетін, ХХІ ғасыр құзыреттерінің халықа-
ралық аясының мазмұнына қысқаша талдау ұсынуға тырыстық. 13
есепке және жалпылама, негізгі құзыреттер шеңберіне жасалған
тұжырымдамалық контент-талдау негізінде біз қазақстандық ең-
бек нарығы үшін өзекті деп санауға болатын төмендегідей неғұр-
лым жалпылама құзыреттердің бар екенін анықтадық. Аталған
негізгі құзыреттер төмендегі талдауда оқу үдерісіндегі негізгі
құзыреттің өзегі болып табылатын қосалқы дағдыларды көрсете
отырып ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: