Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
79
Әдетте бағдарламада 3-4 мақсат көрсетіледі.
Бағдарламаның
мақсаты университеттің немесе факультеттің міндетімен және
стратегиялық мақсаттарымен үйлесімді болуы тиіс.
Түлектердің белгілі бір үлгілері бар ЖОО болашақ маман-түлек-
тің бойында қалыптасатын кәсіби
қасиеттерді бағдарламаның
мазмұнымен сәйкестендіруі керек. Аккредиттеу агенттіктері атал-
мыш бағдарлама бойынша оқуды ойдағыдай аяқтаған студент-
тердің осы қасиеттерге ие болатындығының дәлелін көргісі келеді.
НУ түлегінің атрибуттары
2010/2011 жылы негізі қаланған сәттен бастап НУ өз түлектерінің се-
гіз қасиетін бекітті, ол университеттің барлық бағдарламаларында (берілетін
біліктілікке сәйкес деңгейде) қамтылған. Түлектің осы қасиеттерін қалып-
тастыру университет стратегиясына сәйкес
келеді және академиялық ар-
тықшылықтың талаптарына жатады.
1. ол өзінің пәні аясында тереңнен және жан-жақты түсінеді.
2. ойлау икемділігінің жоғары деңгейіне ие,
көзқарасы анық, ізденгіш және
шығармашылық тұлға.
3. ойланып шешім қабылдауға қабілетті және басқаларды қалай қызықтыруға
болатынын біледі.
4. тапқыр, тәуелсіз және жаңа мүмкіндіктер ойлап табуға қабілетті.
5. тілдер мен мәдениеттер арасындағы өзара айырмашылықты түсіне отырып,
еркін сөйлесе алады.
6. әлемнің мәдени және толерантты азаматы болып табылады.
7. адалдық пен парасаттылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.
8. өз елінің дамуы жолында жетекші рөл атқаруға дайын.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
80
Достарыңызбен бөлісу: