Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет41/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері
Дублин дескрипторлары Болон үдерісінің әрбір деңгейінен/
циклінен ойдағыдай өтуге арналған бағдарларды қамтамасыз 
етеді. Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелерін әзірлеу кезінде Ду-
блин дескрипторларын бағдар ретінде пайдалануға болады. Олар 
2005 жылы Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің (QF EHEA)
64
біліктілік құрылымында қабылданған. Дескрипторлар оқыту нәти-
желерінен емес, құзыреттілік деңгейі бойынша тұжырымдалған. 
Сондай-ақ Болон үдерісінің цикліне байланысты бір-бірінен өзара 
ерекшеленеді.
Дублин дескрипторларына мынадай бес компонент кіреді:
• білу және түсіну;
• білімі мен түсінігін қолдану;
• пікірін айту;
• байланыс;
• өмір бойы оқу дағдылары.
Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері табысты студент-
тердің оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін көрсететін білімі 
мен түсінігін, дағдыларын (танымдық, кең ауқымды дағдыларын, 
тәжірибелік дағдыларын және жекелеген мамандыққа тисесілі дағ-
дыларын қоса алғанда) және қасиеттерін айқындауы тиіс. Әдет-
те бір бағдарлама деңгейінде оқытудың 6-8 нәтижесін анықтаған 
жөн. Оқыту нәтижелерінің күрделілік деңгейі бағдарлама мазмұ-
нының тұрақты жаңартылуын ескеруі керек. Оқу нәтижелері: 
• бағдарламаның мәнмәтінін, деңгейін, көлемін және мазмұ-
нын көрсетуі;
• берілетін біліктіліктің базалық деңгейіне сәйкес келуі;
• анық және айқын, түсініксіз немесе күрделі емес (оларды 
құрастырған кезде бірнеше етістікті қолданыңыз);
• бағдарламаның соңында студенттің нақты қол жеткізген 
нәтижесімен өлшенген және оңай түсінуге болатындай;
• көрсетілген уақыт ішінде қол жеткізуге болатындай;
• тиісті оқу тапсырмаларымен, бағалау тәсілдерімен және өл-
шемдерімен байланыста болатындай болуы тиіс.
64
http://ecahe.eu/w/index.php/Framework_for_Qualifications_of_the_European_Higher_Education_Area


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
81
Түлектің белгілі бір үлгісін есепке ала отырып бағдарлама әзір-
леу кезінде оқыту және білім беру қызметі (оқу материалын игеру-
ді бағалауға арналған тапсырмаларды қоса алғанда) студенттердің 
табысты нәтижеге қол жетуіне сенімді болуы керек. Оқытудың 
нәтижелі болуын қалыптастырудың қабылданған әдістерінің бірі 
үш негізгі элементке негізделген (4-сурет).
• Студенттер білуі керек немесе жасай алуы тиіс нәрсені 
айту үшін белсенді етістікті қолданыңыз (мысалы түлектер 
«анықтай алады», «сипаттай алады», «бағалай алады», «тал-
дай алады» немесе «өз пікірін білдіре алады»).
• Нәтиженің қандай болатынын анықтаңыз (мысалы «экспе-
римент жоспарын жасаңыз»).
• Оқу нәтижелеріне қол жеткізу қандай болатынын көр-
сетіңіз (мысалы «сауалнамалық зерттеу жүргізу арқылы 
осы құбылыстың қоршаған ортаға әсерін бағалаңыз»).
Жаса, жетілдір, 
болжам жаса 
Бакалавриат
Магистратура
Докторантура
Біріктір, бағала
Қолдан, 
талдау жаса,
айырмашылығын тап 
Оқыт
у нә
тиж
есінің деңг
ейі
Түсініктердің күрделілік деңгейі
Ата, анықта, 
айқындап көрсет
Жоғары білім деңг
ейінің ре
ті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет