Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
94
Education
71
) сияқты жобалар білім беру бағдарламаларының
мазмұны бойынша консенсусқа қол жеткізуге ұмтылуда.
Курсты әзірлеу барысында ескерілетін өзге де маңызды фак-
торлар мен тәсілдерге мыналар жатады:
• бағдарламаның бірізділігін және бағдарлама бойынша
оқытудың барлық нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз
ету үшін курс әзірлеушілері арасында ынтымақтастықтың
болуы;
• осы пәнге тиесілі білім беру мазмұнын таңдап, оның
құрылымын жасау тәсілдерін қарастыру (бұл ретте олардың
инновациялық болуы міндетті емес екенін атап өткен жөн);
• білім беру мазмұнын таңдау, оны қабылданған нәрсе ретін-
де қабылдамау;
• білім берудің негізгі мазмұны (курс бойынша оқыту нәти-
желеріне қол жеткізу үшін) мен қосымша мазмұны арасын-
дағы айырмашылық, яғни оқыту нәтижелері мәнмәтінінде
«үйренгенім жақсы болды» дегеннің бәрі;
• білім беру мазмұнын мұқият іріктеу. Бұл студенттердің
оқуға деген көзқарасына әсер етуі мүмкін;
• студенттерді ынталандыратын және оқу нәтижелеріне қол
жеткізуге көмектесетін білім беру мазмұнын таңдау (бұл
тұрғыда алдыңғы курстар туралы студенттердің пікірлері
пайдалы болуы мүмкін).
Достарыңызбен бөлісу: