Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет45/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

5-сурет. Курсты кері жобалау
Л.С. Выготский
67
балалардың өз бетінше және ересектердің 
көмегімен атқаратын іс-әрекеттері арасындағы алшақтықты зерт-
теді. Ол білім алушы тиісті көмек көрсетілген кезде тезірек нәтиже 
көрсете алатындығын баса айтты. Бұл идея әрдайым «білім алушы-
ны қасықпен тамақтандырудан» аулақ болу және оның еркін ойла-
уын дамыту үшін қажетті қолдау көрсету деңгейі туралы салмақты 
пікірлер қабылданатын университеттегі білім беру кезінде де 
көрініс береді. Бұл идея оқытудың «скаффолдинг», яғни оқу үдерісі 
барысында қолдау білдіру сияқты ұғымдарына арналған.
Бағдарлама аясында, оның жеке білім беру бағытының 
алғашқы кезеңдерінде, скаффолдинг
68
студентке бастапқы не-
гізгі білімді, түсініктер мен дағдыларды, содан кейін өздігінен, 
сыни және рефлексивті жұмыс жасауды меңгеруге көмектеседі. 
Бұл тұрғыдан алғанда, бағдарламаның жүйелілігі өте маңызды, 
сондай-ақ алдын-ала қажетті және ілеспе мәліметтер анықталып, 
мұқият енгізілуі тиіс.
67
Vygotsky, L.S. (1962). Thought and Language. Cambridge, MA: MIT Press. (Original work published 
1934)
68
https://www.heacademy.ac.uk/search/site?keys=Scaffolding&op=
Кері жобалау (backward design)
Мазмұны
Дағдылар
Оқыту нәтижесі
Кәсіби қасиеттері 
мен көзқарасы
Білу және түсіну


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
88
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Оқу орны түлегінің міндетіне, стратегиясына және үлгісіне сәйкес 
бағдарлама бойынша оқыту нәтижелерінен бастап, «кері жобалау» 
бағдарламаларын әзірлеуге қадам жасаңыз.
НУ институционалдық стратегиялары университеттің страте-
гиясына сәйкес келетін басым бағыттарға баса назар аудара оты-
рып, білім беру үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін айқындайды (мы-
салы ғылыми-зерттеу қызметін біріктіре отырып білім беру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет