Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
90
Курсты жобалау үдерісі
Курсты жобалау үдерісінің басында курс әзірлеумен айналыса-
тын топтар курстың бағдарламаға сәйкес болуын қадағалауы керек,
өйткені курс сол бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады.
Бағдарламаны әзірлеу барысында студенттердің жалпы тәжірибесі,
пәннің бағдары және ғылыми зерттеулер негізінде оқыту тәсілдері
сияқты элементтері анықталған болуы мүмкін. Оқытушылардың,
студенттердің және басқа да қатысушылардың
араласуы курсты
әзірлеу үрдісіне барлық мүдделі тараптарды тиімді түрде тартуға
көмектеседі. Курстың мазмұнын ақпараттандыру үшін ішкі және
сыртқы мүдделі тараптармен кері байланысты пайдалану керек.
Курстың нақты құжаттары мүдделі тараптар үшін қолжетімді бо-
луы қажет, ал студенттерге берілетін курстар туралы ақпараттар
уақтылы берілуі және қолжетімді болуы керек.
Курсты әзірлеу барысында оқу сабақтарының мазмұнын,
құрылымын, мерзімдерін, педагогикалық стратегияларды, реттілі-
гін, сондай-ақ бағалау түрі мен жиілігін ескеру маңызды. Оқытуға
қолдау білдіру үшін қолданылатын
технологиялардың сипатын
ескеру қажет. Бағдарламалық дизайндағы сияқты курстың да за-
манауи дизайны студентке бағытталған болуы тиіс. Жақсы ойла-
стырылған курстарда төмендегілер қамтылады:
• студенттерге зерттеу және іздеу жұмыстары арқылы оқуға
мүмкіндік беру;
• студенттерді сыни тұрғыдан бағалауға және тұжырымдама-
ларға
қарсы пікір айтуға шақырыңыз;
• студенттерге жеке және топта оқу мүмкіндігін беру;
• студенттерді кәсіби бағыты бар оқуларға тарту;
• білім беруді ақпараттандыру және жақсарту үшін
бағалау
мен кері байланысты (қалыптастырушы және жиынтық
бағалау) пайдалану.
Курсты әзірлеу барысына қатысатын кезеңдер 6-суретте көр-
сетілген.
Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
91
Мәнмәтін
Институционалдық, ұлттық және халықаралық мәнмәтін-
ді ескерген жөн. Мәнмәтінге
институционалдық стратегиялар,
құрылымдар мен жетекші қағидаттары, ұлттық құрылымдар және
Болон үдерісінің немесе аккредиттеу агенттіктерінің талаптары си-
яқты халықаралық талаптар кіруі мүмкін. Курстың еңбек әлемімен
және одан әрі оқытумен байланысы тағы бір маңызды әсер етуші
фактор болып табылады; ол аспектінің қамту аясы аймақтық, ұлт-
тық немесе халықаралық болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: