Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
114
• студенттің ұзақ мерзімді дамуына көмектесу үшін кері бай-
ланыс жасау.
Осы тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын үрдістер
төмендегідей екі мақсатты ескере отырып жасалған:
• әр студенттің жұмысын әділ бағалауды қамтамасыз ету;
• білім алушылардың әртүрлі тобына белгілі бір тәсілді ке-
зекпен қолдану реттілігін қамтамасыз ету.
Жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз етудің ішкі
үрдістері нақты бір тапсырманы бағалау мен кері байланыс жасау-
ды белгілі бір форматта жүргізуді талап етуі мүмкін. Мұндай үдері-
стердің негізгі белгілері:
• бағалаудың белгілі бір тәсілін жүйелі қолдану мақсатында
бағалауды жүзеге асыратын бірнеше оқытушы арасында
бағалау үдерісін реттеу;
• екі оқытушының бағалауды жүзеге асыруы немесе жекеле-
ген студенттердің жұмысын қосымша тексеру мақсатында,
әсіресе маңыздылығы жоғары тапсырмаларды бағалау кезін-
де бағалау үрдісін қайтадан жүргізу.
Баға қою
Студенттер бағалау критерийлерімен салыстырып, баға қою
үрдісін түсінуі қажет. Осылайша оларда алдағы уақытта ережелер
туралы айқын түсінік қалыптасады. Олар, шын мәнінде, алған бал-
лдары неге не төмен емес және не жоғары емес екенін түсінулері
тиіс. Бұл кезеңнің мақсаты әрбір қорытынды тапсырмаға белгілі бір
баға беру болып табылады, ол білім алушының тапсырманы ережеге
қаншалықты сәйкес дұрыс және күтілетін оқу нәтижелеріне сәйкес
орындағанын білдіреді. Мұнда негізгі бағалау үдерісі сапаны бақы-
лаумен қамтамасыз етілуі маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: