Инфекциялық процестің патофизиологиясы Тезис Жоспар



Дата01.03.2023
өлшемі18,97 Kb.
#70827
Байланысты:
Тасболат Таңшолпан 3


Инфекциялық процестің патофизиологиясы
Тезис
Жоспар


Инфекциялық процесс - ішкі ортасының қалыпты жағдайын, физиологиялық қызметін бұзатын, патогенді микроорганизмнің енуі мен көбеюінің нәтижесінде пайда болатын, биологиялық құбылыстыр мен процестердің жиынтығы.


Инфекциялық процесс мына бір деңгейлерде жүреді:

  • Субмолекулалық

  • Молекулалық

  • Субжасушалық

  • Жасушалық

  • Ұлпалық

  • Ағзалық

  • Жүйелік

  • Организмдік



Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары:

  • қарапайымдылар

  • саңырауқұлақтар

  • бактериялар

  • вирустарды



Қоздырғыштардың берілу механизміне байланысты жіктелуі:

  1. Фекальді-оральді (ішек инфекциялары).

  2. Ауа-тамшы жолымен немесе аэрогенді (респираторлық инфекциялар, тұмау, қызылша).

  3. Трансмиссивті (кене энцефалиті, безгек)

  4. Контактты (тері инфекциялары, венерологиялық аурулар).



Инфекциядан қорғайтын организмдегі қорғаныс күштері:

  1. Табиғи кедергілер (мысалы, тері, шырышты қабаттар)

  2. Спецификалық емес иммундық реакциялар (мысалы, фагоцитарлық жасушалар [нейтрофилдер, макрофагтар] және олардың өнімдері)

  3. Арнайы иммундық реакциялар (мысалы, антиденелер, лимфоциттер)



Инфекциялық процестердің бірнеше түрлерін ажыратады:

  • Сепсис —инфекцияның бүкіл денеге жайылған ауыр түрі. Бұл кезде міндетті түрде немесе шартты түрде дерт туындататын микробтардың денеге жайылуынан организмнің жүйелі қабынуы дамиды;

  • Септикопиемия —науқас адамдардың әртүрлі ағзалары мен тіндеріңде іріңді ошақтардың қалыптасуымен сипатталатын түрі;

  • Бактериемия, вирусемия, фунгиемия бактериялардың, вирустардың, майда саңырауқұлақтардың қанда болуымен, бірақ олардың онда өсіп-өну белгілері болмауымен, көрінетін түрі;

  • Салдарлық жұқпалар —организмде бар бір жұқпалы ауру кезінде екінші бір микробтардан туындаған инфекциялық ауру түрі;

  • Микстинфекция —бір мезгілде бірнеше микробтардан дамитын инфекциялық ауру түрі;

  • Реинфекция —науқас адам сауыққаннан кейін сол дертті туындатқан микробтың әсерінен инфекциялық аурудың қайталануы;

  • Суперинфекция —науқас адам сауықпай жатып, сол дерт туындатқан инфекцияны қайта жұқтыруы.



Инфекциялық аурулар бірінен біріне ауысатын 4 сатыда өтеді: 

  1. Инкубациялық саты;

  2. Продромалық (хабаршы) саты;

  3. Айқындалу сатысы;

  4. Аяқталу сатысы.



Инкубакциялық саты - инфекция енген сәттен алғашқы ауру белгілерінің пайда болуына дейінгі кезең.  Бұл сатыда инфекцияның организмнің ішкі ортасына микробтардын бейімделуі, белгілі азғалар мен тіндерге жинақталып, өсіп-өнуі болады. Организмнің қорғаныстық күштері жұмылдырылады.


Продромалық / хабаршы сатысында аурудың жалпылама бейспецификалық (әлсіздік, дене қызымы көтерілуі, бас ауыруы, ұйқы бұзылуы, бұлшықеттердің сырқырауы т.с.с.) белгілері пайда болады. Дамыған ауруға тән бегілер әлі байқалмайды. Бұл кезде микробтардың өсіп-өнуі, олардың жасушаларды бүліндіретін ықпалдарымен қабаттасады.


Айқындалу сатысында жеке ауруларға тән , спецификалық белгілер пайда болады. Инфекциялық аурудың бұл кезеңі әдетте 24-48 сағаттан аспайды.


Аяқталу сатысы. Ауру науқастың сауығуымен, дерттің созылмалы түрге ауысуымен немесе адамның өлімімен аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет