Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Патшалық Ресей тұсындағы картографияның даму



Pdf көрінісі
бет139/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Патшалық Ресей тұсындағы картографияның даму 
ерекшеліктері.
Ресейде алғашқы географиялық сипаттауларға ХІ-ХІІ ғасыр-
лардағы жылнамашылардың жазбалары жатады. І Петрге дейінгі 
кезеңдегі (1700 жылға дейінгі) бірінші картографиялық матери-
алдар қатаң математикалық негіздері болмағанымен, көптеген 
сапалы ақпараттар бар 
сызбалар
немесе
сызбалар кітабы
деп 
атал ған жазбаларда сақталған.
ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы карта-сызулар мемлекеттік меншігі 
болғандықтан сауданың пəні болған жоқ. Орыс картографиясы 
пайда болған алғашқы күннен бастап алынған деректері нақ-
ты болуымен ерекшеленетін далалық жəне мемлекеттік карто-
графиялық қызметті қамтыды.
ХVІ ғасырдағы орыс картографиясының шыңы шамамен 1600 
жылы құрылған «Мəскеу мемлекетінің Үлкен Сызбасы» болды. 
1627 жылы ол қайта сызылды жəне оған толықтырулар енгізіліп, 
аты «Үлкен Сызба Кітабы» деп өзгертілді. «Үлкен Сызбаның» 
өзі сақталмағанымен оның көптеген көшірмелері белгілі. 
Қалалар мен монастрлардың жоғары дəлдікпен сызылған 
картографиялық сұлбалары (пландар) негізінен сол кезеңдегі икон-
дарда сақталған. Ресей үшін құрылған ХVІ-ХVІІ ғасырлардың 
сақталған сызбалары ел аумағын əркелкі жапқан. Сызбаларға 
берілетін жазбаша түсініктері алғаш рет Киев-Печера лаврының 
жерасты құрылыстарының сызбаларында берілген. Ондағы жа-
зулар еңбектің мазмұнын ашатын түсіндірме сөздік емес, тек 
картографиялық кесінді толықтырып отырды.
ХVІІ ғасырлардағы көптеген карталар шығысқа бағытталып, 
тұсбағдарлық кестелер пайда болды жəне сол ғасырдың соңында 
құрылғандарында оны кескіндеу міндетті болды. Ал ХVІІІ 


233
ғасырлардағы карталар үшін солтүстіктің бағдарсыздығы міндетті 
түрде көрсетілді. ХVІІ ғасырларда шекарасы шығысқа қарай 
кеңейген көп ұлтты Орыс мемлекетін нығайту жұмыстарына баса 
назар аударылды. Сібір мен оны шаруашылықтық мақсатта иге-
ру маңызды географиялық ашылулармен қатар жүріп, өкіметтің 
нұсқауымен жаңадан ашылған жерлердің карталары құрыла ба-
стады. Тобылдық Семен Ремезовтың 1701 жылы үлкен пішімде 
құрылған 23 картадан тұратын «Сібірдің сызу кітабы» атты ат-
ласы сол кезеңдегі маңызы зор танымал еңбек болып табылады. 
Картография тарихының барлық зерттеулері І Петр дейінгі 
кезеңде Батыс Еуропа ғылымдарының Орыс картографиясына 
ықпалының шамалы болмағанын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет