227
Птоломей еңбектерінің ықпалы болған «Армян географиясы»
пайда болды.
Арабтарда картографияның
дамуы сауда мен жаулап алу
жорықтарымен тығыз байланысты болды. Бірнеше ғасыр араб
халифаты өлшемі жағынан ауданы Рим империясынан бірнеше
есе артық болатын аумаққа иелік етті.
Оның құрамына Алексан-
дриядай ғылым орталығы бар Египет сияқты ежелгі өркениет
орталықтары енді. Арабтар əртүрлі елдер ғалымдарының,
сонымен
қатар, Птоломейдің еңбектерін аударып, эллин астрономиясының,
география мен картографияның жетістіктерімен танысты.
Достарыңызбен бөлісу: