Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы



Pdf көрінісі
бет144/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

6.4 Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Географиядағы ақпараттық жүйелер тарихы электронды 
есептеуіш машиналарында өңделетін басқа ғылым салаларымен 
көбінде ұқсас болып келеді. Ақпараттануда барлық жинақталу 
үлгілері мен ақпараттарды өңдеуді ақпараттық жүйелері мен 
автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп айту келісілген.
ГАЖ- ды құрудың бірінші жұмыстары 60-жылдардың орта-
сында Канадада жəне Швецияда басталды. Канадалық ГАЖ-дар 


241
Р. Томлинсонның (1963-1971) библиографиялық жəне қоршаған 
ортаның табиғи қорларын тиімді пайдалануға арналып жасалған 
жұмыстарынан бастау алады. Ал Швецияда О. Саломонс-
сон, Т. Германсеннің (1976) жер кадастрына қажетті ГАЖ құру 
жұмыстарынан басталды. ГАЖ-ды құруға əртүрлі ұйымдар мен 
ғылыми ұжымдар қатысты: БҰҰ, ЮНЕСКО, Қоршаған ортаны 
қорғау бағдарламасы, көптеген ғылыми институттар, жоғарғы оқу 
орындары, əскери мамандар жəне тағы да басқалар. ГАЖ кешенді 
көп мақсатты ақпараттық жүйе ретінде құрылды. Ол картаға 
талдау жасау жəне инвентаризация үрдісін жеңілдетті. Үлкен 
көлемде тақырыптық жəне географиялық мəлəметтерді сақтау 
мүмкіндіктері пайда болды. Кейіннен геоақпараттық мəселелерді 
шешетін арнайы бағдарламалық жүйелер қолданыла бастады.
Канаданың CGIS ақпараттық жүйесі ең үлкен атаққа ие бол-
ды. 1976 жылы істелінген жұмыстың тəжірибесі Р. Томлинсонның 
анықтама монографиясында қорытылып шықты.
1970-жылдардың басында ГАЖ Жер туралы ғылымның 
көптеген салаларында дами бастады. Сонымен, 1976 жылы АҚШ-
тың Геологиялық қызметінде жинақтайтын жəне картографиялық 
мəліметтерді өңдейтін 50-ден аса автоматтандырылған жүйе пай-
да болды. Осы кезеңде бірінші ақпараттық жүйелер бұрынғы 
Кеңес Одағында да құрыла бастады.
1980 жылдың ортасында жаңа мəліметтердің автоматтан-
дырылған жобалау жүйелері үшін (САПР) пайда болды. Осылар-
дың көмегі арқылы карта жасау автоматтық деңгейге жетті. 
1981 жылы ағылшын тілді мемлекеттерде ГАЖ-дың жəне 
географиялық ақпараттарды өңдеудің толық анықтамасы дай-
ын болды. Оларды математикалық үлгілеу жəне жүйелік талдау 
топтары дайындады. 70-жылдары қоршаған ортаның қорларын , 
аймақты басқару мақсаттарын шешуге арналған ГАЖ-дар толық 
даму алды. Осы ақпараттық жүйелердің мақсаттары əртүрлі, 
бірақ олардың арасында көбіне аймақтардың экологиялық-
экономикалық даму жоспарларын жасауда шешім қабылдау 
басым болып табылады. осындай жүйелердің дəстүрлік ГАЖ-
дан айырмашылықтары бар, оларды LAND RESOURSES 
INFORMATION SYSTEM деп атайды.
ҒТР үрдісі, компьютерлік жаңа интегралдық бағдарлама жəне 
геожүйе 1990ж басында ГАЖ-ға жаңа серпіліс берді. Қазіргі кезде 
16–1171


242
ГАЖ тек географиялық мəліметтерді өңдеу ғана емес,жер бетінде 
болып жатқан барлық процестерді зерттеуге мүмкіндіккке ие, 
əмбебап жүйе. Ол, əрине өте күрделі, себебі өзінде мəліметтерді 
де,технологияны да қосарлаған. ГАЖ құрастыруда көптеген 
ұйымдар атсалысты: Егер шет мемлекеттерде ГАЖ мемлекеттік 
құрылымының қызметінде жасалынса, КСРО-да мемлекеттік ко-
митет құрамында гидрометеорология жəне табиғатты бақылау 
жөнінде 20 түрлі мəлімет қоры тораптары құрылды. 
Бұрыңғы КСРО Ғылым Академиясының Тынық мұхиттық 
аймақтық география институтында ГАЖ құру жұмыстары ба-
сталды жəне одан басқа оқу орындарының арасындағы карто-
графияны автоматтандыруды дамыту жəне ГАЖ-ды құру үшін 
ММУ-ң картография жəне информатика кафедрасының көмегі 
керек болды.
Əлемде кеңінен пайдалануға арналған аймақтық ГАЖ үлгісі 
– TEXAS NATURAL RESOURSES INFORMATION SYSTEM. 
Оның ішінде төмендегідей ақпараттар сақталады:
– метеорологиялық, оның ішінде ластануы;
– гидрологиялық, сондай-ақ су құрылысы жəне су шаруа-
шылығы мəселелері;
– топырақ қорлары жəне жерді тиімді пайдалану; 
– биологиялық қорлар: жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар 
жəне тірі ағзаларға адамның əсері;
– əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік жағдайлар, экономи-
ка, сауда, басқару орындары
– белгілі бір аудан бойынша картографиялық жəне геодезиялық 
аэрофотосуреттер, карталар.
Ресей мен ТМД елдерінде іргелі зерттеулеулер 80 жылдары 
басталған.
Ресейлік ГАЖ-дар С. Н. Сербенюк (1989), А. М. Трофимов 
(1989), А. В. Кошкарев, В. С. Тикунов (1991), В. И. Семенов, О. 
И. Солнцев (1991) жұмыстарына сүйенеді.
Грузиндік ГАЖ Тбилиси университетінің профессоры Н.
Л. Беручашвиллимен байланысты (1986). Эстониядағы ГАЖ-дар 
П. Х. Каринг (1980) жұмыстарынан белгілі. Латвиядағы ГАЖ-ды 
жа саған – А. А. Калниня, М. Я. Лайвиныш (1983). Литвада ГАЖ-
ды жа саған – И. Ю. Пакутинскас (1985). Молдавияда А. В. Симо-
нов (1987) жұмыстарынан белгілі. Украинада Н. И. Василев (1987). 


243
Қазақстанда алғашқы ГАЖ-ды А.Р. Медеу Ұлттық атла-
сты құру барысында, А. А. Тұрсынов, Г. В. Гельдиевалар Арал 
мəселесін зерттеуге арналған жұмыстарынан жəне Е. А. Зака-
рин, Л. Ф. Спивак жұмыстарынан бастап белгілі болды. ГАЖ 
Қазақстанда 1992 жылдардан бастау алады.
Геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) құру мен енгізу 
картография-геодезиялық саласының аса маңызды, яғни 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демарка-
циялау мен делимитациялау, электрондық сандық топографиялық 
карталарды жасау сияқты күрделі мəселелерін шешуге жол аша-
ды. Қазақстан Республикасының саяси-əкімшілік карталар, дүние 
жүзінің саяси картасы, Қазақстан Республикасының физикалық 
оқу карталары əзірленуде. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 
өткен 20 жылында көршілес мемлекеттер аумағында ,шекаралас 
аумақтардың аэрогеодезиялық зерттеу жұмыстары орындалды. 
Сонымен қатар, институт мамандарының қатысуымен Астана, 
Павлодар, Жезқазған қалаларымен қоса, 300-ден аса ауылдық 
елді мекендердің, соның ішінде өткен аэрофототүсірімдер мате-
риалдары бойынша ірі масштабтағы түсірімдерді сызбалар (кар-
та) жасау іске асырыла басталды. Сандық картографиялау техно-
логиясы түгелімен игерілді.
Мемлекеттік жəне арнаулы маңызы бар геодезиялық жəне 
картографиялық қызметтің негізгі бағыттары анықталды. 
Мемлекеттік реттеудің, жүзеге асырудың, лицензиялаудың жəне 
қаржы ландырудың, сондай-ақ геодезиялық жəне картография-
лық қызметтің метрологиялық қамтамасыз ету нормалары 
қарастырылған. Картографиялық өнімдерге авторлық құқық нор-
малары, геодезиялық жəне картографиялық өнімдерге мемле-
кет 
тік меншіктігі анықталған жəне Қазақстан Республика 
сы-
ның геодезиялық жəне картографиялық қызмет туралы заң нама -
сының бұзылуына жауапкершілік қарастырылған. Ұлттық кар-
тографиялық-геодезиялық қордың қызметін реттеу жөніндегі 
нормалар жəне геодезия мен картография саласындағы халықара-
лық қатынасты жүзеге асыру қарастырылған. Əлемдік тұрғыда 
қарағанда көш ілгері мемлекетттермен иық тіресе алмағанмен 
Қазақстанның бұл үдерістегі өзіндік даму жолы айқындалып 
келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет