Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Қазақстан Республикасында картографияның дамуы



Pdf көрінісі
бет143/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Қазақстан Республикасында картографияның дамуы. 
Елімізде картографияның дамуы КСРО кезеңінен бастау алады. 
1919 жылдың 15 наурызындағы Жоғарғы геодезиялық басқарма 
құру туралы Декретімен Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің 


239
ғылыми-техникалық бөлімі жанынан КСРО геодезиялық қызметі 
ұйымдастырылуы Қазақстан аумағын картаға түсіру, ірі, орта жəне 
ұсақ масштабты карталарды құру ісін жандандырды. Қазақстан 
аумағында, сол кезеңнен 1945 жылға дейін барлық топография-
геодезиялық жəне картографиялық жұмыстар Батыс-Сібір Аэро-
ге одезиялық топографиялық кəсіпорыны мен Орта-Азия Аэро-
геодезиялық кəсіпорынының топографиялық-геодезиялық тобы-
ның күшімен орындалды.
1945 жылы Алматыда Қазақ Аэрогеодезиялық кəсіпорны 
ұйымдастырылды. 1945-1947 жылдар аралығында Қазақ КСР-
ының бүкіл аумағында 1:1 000 000 масштабтағы мемлекеттік кар-
тографиялау мақсатындағы түсіру жұмыстары жүргізілді. 
1991 жылы Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік алуына 
байланысты Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен 
Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанынан Геодезия жəне карто-
графия Бас басқармасы (Қазгеодезия) құрылды. Оның құрамына 
бұрынғы ГКБ (Геодезия жəне картография басқармасы) басқар ма-
сы ның барлық кешенді бірлескен экспедициясы, яғни Қазақстан 
ау мағындағы, ұйымдар мен кəсіпорындар, сондай-ақ мемлекет тік 
геодезиялық аймақтық бақылау инспекциясы (ҚазАГБИ) кір 
ді. 
1992 жылы бұрынғы Ұлттық картографиялық-геодезия лық қордың 
орынына Орталық картография-геодезиялық қор (ОКГҚ) құрылды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жы л ғы Жарлығымен 
Қазгеодезия таратылып, оның қызметі Жер қа ты настары жəне жерге 
орналастыру Мемлекеттік коми те тіне (Мем жерком), содан кейін 1999 
жылы Қазақстан Респуб ли касы Жер қорларын басқару жөніндегі 
агенттігіне беріл ді. Қазіргі Агент тік қарамағында “Астанатопогра-
фия”, “Шығыс геодезия”, “Батысгеодезия”, “Қазгеокарт”, “Ұлттық 
картография - қор”, “Солтүстікгеодезия”, “Орталықмаркшейдерия”, 
“Оңтүстік гео де зи я” бар.
Қазіргі кезеңде жоғарыда аталған мекемелерде электрондық 
тахеометрлер, координаттарды айқындаудың спутниктік 
жүйесі геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) құру мен 
енгізу картография-геодезиялық саласының аса маңызды, яғни 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демарка-
циялау мен делимитациялау, электрондық сандық топографиялық 
карталарды жасау сияқты күрделі мəселелерін шешуге жол 


240
ашады. Қазақстан Республикасының саяси-əкімшілік картала-
ры, дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан Республикасының 
физикалық оқулық карталары əзірленуде. 
Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің өткен 10 жылында
көршілес мемлекеттер аумағында 100,5 млн. гектарға аэрогеоде-
зия лық зерттеу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, инсти-
тут мамандарының қатысуымен Астана, Павлодар, Жезқазған 
қалаларымен қоса, 300-ден аса ауылдық елді мекендердің, соның 
ішінде өткен аэрофототүсірімдер материалдары бойынша үлкен 
масштабтағы түсірімдердің сызбаларын (карта) жасау іске асы-
рылды. Сандық картографиялау технологиясы түгелімен игерілді. 
ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап Қазақстан аумағының
1:2 500 000 1:1 000 000; 1:500 000; 1: 100 000; 1: 50 000 мас-
штабты жалпы географиялық, геоморфологиялық, геологиялық, 
тектонкалық, ландшафттық, топырақ карталары құрыла бастады.
Оның не гізінде қазба-байлық, тектоникалық, гидрогео логиялық,
инженерлік-геологиялық карта ларды шығаруға болады. н, Геоло-
гия комитетінің алдағы жылғы жоспары на гео логиялық картаны 
енгізу керек. Шартты бел гілерін сұрыптап, анықтап, бір жүйеге 
келтіру қажет. Яғни, халықтық дəрежеде геология лық картаның 
дамығанын көрсеткен жөн. Классикалық іргелі ғылымдарға гео-
логия, топырақтану, содан кейін классикалық картография жата-
ды. Классикалық іргелі геологияны дамыту үшін төмендегідей 
бағыттардағы пəндер керек: палеонтология, палеология, палео-
ботаника, палеозоология, стратиграфия, литология, петрология, 
геологиялық картография, геотектоника, сейсмотектоника, геоди-
намика, космогеология, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет