10.31 сурет
.
Талдықорған қаласындағы қан құю бекетінің маңындағы
түсіру алаңының көлденең қима-сызбасы
Тригонометриялық нивелирлеу
. Тригонометриялық ниве-
лирлеу кезінде екі нүктенің бір-бірінен өзара биіктігі катеттері А
нүктесінің деңгейлік бетінің жəне В нүктесі арқылы өтетін ауыр-
лық сызығының бағытын түзетін, ал гипотенузасы АВ сызығы-
ның беткей болып табылатын үш бұрышты есептеуге негізделеді.
410
Жергілікті жерде жүргізілетін тригонометриялық нивелир-
леу А жəне В нүктелерінің арақашықтықтығын өлшегіш таспа-
мен немесе оптикалық қашықтық өлшегішпен жəне бұрыштың
көлбеулігі α өлшеуді қамтиды.
Бұрыштың көлбеулігі нысаналау білігі тік жазықтықта
қозғалатын теодолиттің немесе кипрегельдің көмегімен өлшенеді.
Приборда бастапқы өлшеу сызығы жердің беткі деңгейіндегі АВ
қи ма сының көлденең түзу жағдайын өлшей алатын қондыр ғы да бар.
Егер беткейдің көлбеулігі көлденең түзу жазықтықтан жоғары
бағытталса, онда бұрыштың көлбеулігі мен өзара биіктіктері оң
(+), ал төмен бағытталса теріс (-) белгісімен белгіленеді.
Тригонометриялық нивелирлеуді жүргізу үшін бастапқы А
нүктесіне тік шеңбері бар прибор орнатылып, биіктігін анықтауды
қажет ететін В нүктесіне нивелирлік тақтайша орналастырылады.
А жəне В нүктелерінің анықталуға тиіс өзара биіктігі h, беткейдің
көлденең түзу жағдайы D, -құралдың биіктігі
і,
тақтайшаға
нысаланған нүктенің биіктігі КВ=
l
əріптерімен белгілейді.
10.32 сурет
.
Тригонометриялық нивелирлеу
10.32-суретте көрсетілгендей h+
l
= КМ+
і
бұдан h=КМ+
і
-
I
шығады
.
ОКМ үшбұрышынан: ҚМ= D·tg α шығады. Бұдан h=D·tg
α+
і
-
l
болады.
300 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан бұрыштың
көлбеулігі α өлшегенде өлшегіш тақтайшадағы құралдың биіктігі
l
=
і
белгіленген белгіге нысаналанған көлбеулікті
h = D
·tg α фор-
муласымен есептеу қолайлы.
Өлшенген өзара биіктік айырмасының дəлдігін бақылауды
тура жəне кері өзара биіктіктік өлшеу нəтижелері мен олардың
411
теңдігі
h
тура
=
h
кері
қамтамасыз етеді. Əр 100 метр қашықтықтағы
байланыспаудың 3-4 см болуы рұқсат етіледі [10.32 сурет].
Бұрыштың көлбеулігі теодолиттің немесе кирегелдің тік
шеңбері көмегімен анықталады. Бұрыштың көлбеулігі α теодолит-
пен өлшеу əдісінде тік шеңбер (6) көру түтігімен(1) бірге өздері
бекітілген тік жазықтықта көлденең білікті (2) айнала қозғалады.
Теодолиттің бекітетін столының екі бүйіріндегі көлденең түзу
жағдайға келтіретін деңгейдің сұйықтығын ортасына келтіріп
алып кіші көру түтігіндегі алидада (4) сызғышының көмегімен
көлденең диаметрін бойлай екі шетіндегі оптикалық жіп нөл-
пункт пен верньер бойынша көру түтігінің нысаналау білігінің
көлбеу лігінің өлшемін алады.
Алидаданың жағдайын оған бекітілген деңгейдің (5) саны
арқылы анықтайды. Өлшем алардың алдында цилиндрлі деңгей-
дің ауа көпіршігін көтеру винттерін (3) бұрау арқылы қос сызық-
тың ортасындағы нөл-пунктке келтіру қажет. Нөл-пунктке кел-
тірген көлденең түзу жағдайда тік шеңбер нөлге теңелуі тиіс.
Мұн дай өлшеуді нөлдің орны (НО) деп атайды[10.33 сурет].
Нөлдік жағдайдың орнының өлшемі екі түрлі жағдайда алына-
ды. Ал дымен шеңберді оңға бұру (ШО), содан соң шеңберді сол ға
бұ ру (ШС) жағдайында өлшейді. Алынған мəліметтер ШО жəне
ШС жағдайында тіркеледі де нөлдің орны төмендегі фор му ла мен
есеп телінеді.
НО=
ШО + ШС
0
+180
2
·
Т-5 теодолиті арқылы бұрыштың көлбеулігі α төменде
көрсетілген формуламен есептейді.
α=НО-(ШС-180º)= ШО-НО,
Ал Т-30 теодолиті үшін
α=ШС-НО= НО-(ШО-180
0
)
немесе НО=0 болған жағдайда
α =
ШО + ШС
2
·
|