10.5 Мензульдық түсіру
Мензульдік кешенге кіретін құрал-жабдықтар.
Мензульдік
түсіру жергілікті жердің сұлбасын (планын) дəл құруға мүмкіндік
беретін түсіру əдістерінің бірі. Өйткені жергілікті жердегі
географиялық нысандар мен жер бедері бірдей дала жағдайында
түсіріледі. Мензульдық түсіру бұрыш сызатын (кестетік) түсіру
жұмыстарының қатарына жатады.
Түсіру жұмыстары мензульдық кешеннің көмегімен жүргізіле-
ді. Оның құрамына мензуль, кипригель, бағдарлық буссоль жəне
қашықтықты өлшегіш сызғыш кіреді.
Мензульдың (mensula-латын тілінен аударғанда стол деген
мағынаны білдіреді) құрамына 60х60 см болатын шаршы тақта,
жəне оны орнататын штативтің орнатқышы, (2) құралды көлденең
түзу жағдайға келтіретін үш көтергіш винт (3) кіреді. Мензуль
винттер арқылы штативке бекітіледі. Ал станды винт (4) мензуль-
ды астынан штативпен байланыстырады [10.37-сурет].
416
10.37 сурет.
Мензульдық кешен
Металл ұстатқыштың көмегімен мензульге КА-2 кипригель-
автоматы жалғанады. Құралдың шаршы тəрізді тақтайы штативке
металл ұстатқыш арқылы бекітіледі. Түсіру жұмыстарын жүргізу
үшін планшетке сапалы сызу қағазы жапсырылады.
Кипригель–
тірек нүктелерінің бұрыштарын нысаналап, тік
бұрыштарын өлшеуге арналған прибор. Кипригельдің екі түрі
кеңінен қолданылады. Олар біршама қарапайым КБ жəне КА-2
кипригель-автомат.
Кипригельдің көмегімен тірек нүктесіне қойылған қашықтық
өлшегіш сызғышты нысаналайды да көлденең жəне тік бұрыштары
мен арақашықтығын өлшейді. Қашықтық өлшегіш арқылы ка-
пригель орнатылған нүктемен тірек нүктесінің арақашықтығы
анықталған соң, масштабқа сай қағаз бетінде арақашықтықты
белгілейді. Жергілікті жердегі нысандардың орнын 1, 2, 3 нүктеге
сəйкес келетін 1’, 2’, 3’ нүктелерін жазықтыққа (қағаз бетіне)
түсіреді. Кипригельдің тік шеңбері арқылы тригонометриялық
нивелирлеу əдісімен нүктелердің өзара биіктігін анықтау үшін тік
бұрыштары өлшенеді.
|