Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Топографиялық карталардың номенклатурасы



Pdf көрінісі
бет286/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Топографиялық карталардың номенклатурасы 
– масштабы мен 
географиялық орнының ерекшелігін ескеріп топографиялық карталарды 
жеке беттерінің атауын анықтау қызметін атқаратын жүйе. Халықаралық 
1:1 000 000 масштабты картаның бұрыштамаларына сəйкес меридиандары 6° 
бөлінетін каллоннадан, параллельдері 4° бөлінетін қатардан
 
тұрады.
Топографиялық түсіру 
– 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштаб-
ты топографиялық сұлбалар (пландар) мен 1:10 000, 1:25 000 масштабты 
топографиялық карталарды құру мақсатында жергілікті жерде жүргізілетін 
кешенді геодезиялық жұмыстар.
Теодолит
 
– мемлекеттік геодезиялық тірек торлары жүйелері қосын-
да ры ның аралығындағы тірек торларын құру жəне оларды жиілендіру мақ-
сатында көлденең жəне тік бұрыштарды өлшеу үшін қолданылатын казіргі 
кездегі жетілдірілген оптикалық құрал. 
Теодолиттік түсіру 
– теодолит пен əртүрлі қашықтық өлшегіш құрал-
дарды пайдаланып жергілікті жер сұлбасының (планының) далалық 
түпнұсқасын құру. 
Тең ауданды
проекциялар 
– картографиялық тордың барлық бөлігінде 
аудандық масштаб тең болатын проекциялар. Тең ауданды проекцияның 
бұл қасиеті 
Р = a·b = Const = 1 
формуламен анықталады. Бұл проекция-
лармен құрылған карталарда аудан бұрмаланбағанымен бұрыштар мен 
пішіндердің бұрмалануы жақсы байқалады.
Теодолиттік жүру 
– бұрылу нүктелері жергілікті жерде бекітілген 
сынық сызықты желілер. Ол тұйықталған, тұйықталмаған жəне бір жағы 
тұйықталған көп бұрыш түрінде болады. 
Тұйықталмаған теодолиттік жүрістер
– басы мен аяғында геодезия-
лық негіздеудің координаттары белгілі қосындарына байланыстырылатын 
түсіру тəсілі. 


456


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет