454 Пунсондар – ұсақ масштабты карталарда елді мекендерді пішіні
дөңгелек шартты белгі мен кескіндеу. Пунсондардың мөлшері елді
мекендердің халқының санын, ішіндегі бояуы мен аттарының жазылу
мақамы қалалардың саяси-əкімшілік қызметін көрсетеді.
Референц-эллипсоид – Жер бетінің белгілі бір телімдерінде, жеке не-
месе бірнеше елдерде геодезиялық қажеттілікке қолданылатын Жер бетінің
(нақтырақ айтқанда геойдттың) пішінін айналу элипсоидына жақындату.
Қазақстан мен Ресейде 1946 жылдан бастап Красовскийдің эллипсойды
қолданылады.
Референцті координаттар жүйелері – белгілі бір аймаққа сəйкес
келетіндіктен жекелеген аумақтарда немесе мемлекеттерде реферец-
элипсоидтың көмегімен орнатылатын координаттар жүйелері.
Румб – белгілі бір нүктемен жақын жатқан біліктік меридианның,
нағыз немесе магниттік меридианның арасында түзілген 90°-тан аспайтын
бұрыш. Ол r əрпімен белгіленеді.
Салыстырмалы биіктік –
жергілікті жердегі екі нүктенің бір-бірінен
биіктік айырмасы.
Сандық жинақтау – бұл картаның масштабына, мазмұнына,
қамтылатын аумақтардың ерекшелігіне сай географиялық нысандарды
іріктеп санын азайту мақсатындағы картографиялық жинақтауды.
Сапалық жинақтау – картаны құру барысында бір текті құбылыстар
мен нысандарды, оларды айқындайтын қасиеттің санын азайту. Сапалық
жинақтауға бір текті құбылыстар мен нысандардың, құбылыстарды айқын-
дайтын қасиеттердің санын азайту жатады.
Стратоизогипстер – Жер қыртысының құрылысын сипаттайтын
геологиялық карталарда шөгінді жыныстардың қандай да бір қабатттарының
қалыңдығын көрсететін қисық сызықтар.
Столүсті баспа жүйесі базасындағы компьютерлік технологияла- ры – файлды басып шығаруға дейінгі дайындаудан, ЭЕМ ақпараттарды
енгізуден бастап түрлі-түсті позитивтерді шығаруға дейінгі барлық
жұмыстарды қамтитын қуатты технологиялық кешен.