Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет35/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

2.1-сурет.
 
Мəскеу мен Гаванна қалаларының аралығының глобустағы
жəне картаға көшірілген ортодромясы (үшкен шеңбердің доғасы)
Бетінде меридиандар мен параллельдер кескінделген 
глобустың көмегімен кез келген бағыттың үлкен шеңберінің 
бағытын оңай табуға болады. Мысалы, Мəскеу мен Гаваннаның 
бағытын анықтау үшін глобустың бетіне де жіп тартқан жеткілікті. 
Жіптің орны үлкен шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын тура 
жол ортодромияны көрсетеді. Картографияда жер элипсоидының 
үлкен шеңбер арқылы жүргізілген екі нүктені қосатын сызықты 
ортодромия
дейміз.
Тұрақты румб түзіп, меридиандарды қиып өтетін жер 
элипсоидының бетіндегі қысқа жолды 
локодромия
дейміз

Ғарыш 
кемелерінде жоғарғы нүктесі əрқашан кеме Жер бетінің қандай 
нүктесінің үстінде тұрғанын автоматты түрде көрсететін айналып 
тұратын шағын глобус орнатылады.


55
Ұсақ масштабты карталардың масштабы. 
Жер бетінің 
жазықтықта неше есе кішірейтілгенін көрсетілген сандық 
шама географиялық картаның 
масштабы 
деп аталады. Жер 
бетінің шағын бөлігі кескінделетін ірі масштабты топографиялық 
карталар мен сұлбаларда (пландарда) ғана масштаб тұрақты бо-
лады. Ғаламшардың сфералық бетінен жазықтыққа көшірілуіне 
байланысты Жер бетінің біршама ірі бөлігі кескінделетін ұсақ 
масштабты шолу карталарында бір бөлігінен екінші бөлігіне, 
тіпті бір нүктенің əр түрлі бағытына ауысқанда масштабы өзгеріп 
отырады. Сондықтан ұсақ масштабты шолу карталарының 
бас 
масштабы
мен
жеке масштабы
болады. 
Картаның негізі ретінде алынған глобустың масштабын 
бас 
масштаб
дейміз. Ол картаның оң жақ бұрыштамасының астын-
да сандық, атау жəне сызықтық масштаб түрінде жазылады. 
Бас масштаб бұрмалануға болмайтын жекелеген сызықтар мен 
нүктелерді дəл өлшеуге мүмкіндік береді.
Элипсоид пен картаның жеке бөліктеріндегі белгілі бір нысан-
дар өлшемінің сəйкестігін көрсететін масштабты
жеке масштаб
дейміз

Созылулар мен сығылуларға байланысты жеке масштаб 
бас масштабтан ұзын немесе қысқа болуы мүмкін. Ұзындықтың 
жеке масштабы μ картаның бетіндегі шектеусіз шағын бөліктің
ds
’ элипсоидтың немесе шардың бетіндегі шектеусіз шағын бөлік 
ds
қатынасын, ал ауданның жеке масштабы r шектеусіз шағын 
бөліктің ауданы
dp
’ элипсоидтың немесе шардың бетіндегі 
шектеусіз шағын бөлік 
dp
қатынасын көрсетеді. Оны төмендегі 
формуламен өрнектеуге болады: 
μ=
ds
’/
ds
жəне 
p
=
 dp
’/
 
dp
Картографиялық кескіндеу масштабы кішірейген сай-
ын қамтитын аумағы артатындықтан бас масштаб пен 
жеке масштабтың айырмашылығы да артады. Формулада 
көрсетілгендей ұзындықтың бұрмалануы бүтін жəне бөлшек сан-
нан тұрады. Бас масштаб пен жеке масштаб тең болса ұзындықтың 
бұрмалануы жоқ деп есептеледі.
Қазақстан Республикасында топографиялық жəне топография-
лық шолу карталары үшін масштабтар жүйесі белгіленген 
[2.1-кес 
те]. Жоғарыда көрсетілген масштабтардың ішінде 
қалалардың тақырыптық карталары


56
1:40 000 масштабты (қырық мыңдық) облыстардың карталары 
аумағының ірілігіне байланысты 1:600 000 (алты жүз мыңдық)
немесе 1:1 000 000 (миллиондық )масштабпен құрылады. Шолу 
карталары миллионнан ұсақ кез келген масштабта (1:500 000, 
1:2 500 000, 1:10 000 000 жəне тағы басқа) құрылады. Мұндай 
жүйелер көптеген елдерде 1:20 000, 1:80 000, 1:250 000 тағы басқа 
масштабта қолданылады. 
2.1-кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет